Жаңалықтар

Тарихшы Владимир Белинский Шыңғыс хан қазақ деген тұжырым жасады

Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан - түркітілдес тайпалардан тарайтын қазақ. Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады.  Кеңестік тарихшылар қаншама бұр­ма­лағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екен­­дігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шың­ғыс ханның ұрпақтары, Алтын Ор­даның хандарының барлығы Моң­ғол­станда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ көп нәрсені аңғартпай ма? Кейбір ре­сейлік шыншыл тарихшылардың кө­мегімен осы ақиқатты жариялайтын кез келген сияқты. Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын тарихшы Владимир Бе­линский көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.  «Наймандар, керейлер, қияттар мен мер­кіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы­тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қа­зақ­ша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұй­ғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әке­сі (қазақша Теміршін болып айты­лады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс хан­ның әйелі - Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс хан­ның өзі қазақ тілінде «Шұғылалы хан» де­ген мағынаны білдіреді. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер бол­ған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің бас­шы­ларын «қонтайшы» деп атаған. Шың­ғыс ханды әдеттегі қазақтың құрыл­тайын­да хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қа­зақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жер­леген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған» дейді тарихшы Владимир Брониславович Белинский ақпарат агенттігіне берген сұхбатында. Бұл деректердің көбін Исай Калаш­ни­ковтың «Жестокий век» кітабынан да, бас­қа да тарихи шығармалардан кезде­с­тіруге болады. Оны өзіміздің тарих­шы­ларымыз да аңғарған болуы керек. Бірақ осы уақытқа дейін Шыңғыс ханнан моң­ғол жасау кімге керек болды екен? Бұл сұраққа да Белинский жауап дайындап қойыпты. Оның пікірінше, орыс тари­хы­ның бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры - кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­гендігінде. Сондықтан әлемді жаулау­шы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғол­дарға таңып берген.  «Жақын арада Шыңғыс ханның қа­зақ­тан шыққаны ресми түрде мойын­да­лады. Өзіндік көзқарасы болғанмен, Қа­зақ­стан Ресей мен Қытайға әлі жал­­­тақ­тағаны болмаса, тарихта жазылған миф­терге сенгісі жоқ» деп мәлімдеді тарихшы Владимир Белинский. Қайыржан ТӨРЕЖАН Айқын
26.01.2013 10:08 3810

Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан - түркітілдес тайпалардан тарайтын қазақ. Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады. 

Кеңестік тарихшылар қаншама бұр­ма­лағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екен­­дігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шың­ғыс ханның ұрпақтары, Алтын Ор­даның хандарының барлығы Моң­ғол­станда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ көп нәрсені аңғартпай ма? Кейбір ре­сейлік шыншыл тарихшылардың кө­мегімен осы ақиқатты жариялайтын кез келген сияқты. Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын тарихшы Владимир Бе­линский көптеген нақты фактілермен дәлелдейді. 
«Наймандар, керейлер, қияттар мен мер­кіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы­тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қа­зақ­ша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұй­ғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әке­сі (қазақша Теміршін болып айты­лады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс хан­ның әйелі - Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс хан­ның өзі қазақ тілінде «Шұғылалы хан» де­ген мағынаны білдіреді. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер бол­ған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің бас­шы­ларын «қонтайшы» деп атаған. Шың­ғыс ханды әдеттегі қазақтың құрыл­тайын­да хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қа­зақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жер­леген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған» дейді тарихшы Владимир Брониславович Белинский ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Бұл деректердің көбін Исай Калаш­ни­ковтың «Жестокий век» кітабынан да, бас­қа да тарихи шығармалардан кезде­с­тіруге болады. Оны өзіміздің тарих­шы­ларымыз да аңғарған болуы керек. Бірақ осы уақытқа дейін Шыңғыс ханнан моң­ғол жасау кімге керек болды екен? Бұл сұраққа да Белинский жауап дайындап қойыпты. Оның пікірінше, орыс тари­хы­ның бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры - кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­гендігінде. Сондықтан әлемді жаулау­шы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғол­дарға таңып берген. 
«Жақын арада Шыңғыс ханның қа­зақ­тан шыққаны ресми түрде мойын­да­лады. Өзіндік көзқарасы болғанмен, Қа­зақ­стан Ресей мен Қытайға әлі жал­­­тақ­тағаны болмаса, тарихта жазылған миф­терге сенгісі жоқ» деп мәлімдеді тарихшы Владимир Белинский.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға