Жаңалықтар

МЕРКЕ АУДАНЫ

МЕРКЕ АУДАНЫ – Жамбыл обл-ның оңт-ндегі әкімш. бөлік. 1929 ж. құрылған. Жерінің аум. 7,1 мың км2. Тұрғыны 71,7 мың адам (2003). Құрамында 1 кенттік және 12 ауылдық округ және оларға қарасты 43 елді мекен бар. Орт. – Мерке а. Ауданның оңт-н Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Қасқасу, Үңгірлі, Сандық, Шайсандық, Молалы таулары алып жатыр. Ал орт. және солт. бөлігіндегі жазық дала Солт. Мойынқұм құмына ұласады. Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты шипалы сулары (Мерке минералды суы) барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –6 – 8ӘС, шілдеде 20 – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. жазық өңірде 200 – 250 мм, таулы өңірде 450 – 500 мм шамасында. Жер беті сулары: Қайнар, Мерке, Ойтал, Аспара өзендерінен және олардың тармақтары Мөңке, Қызтоғансай, Тоғайтал, Қарақау, т.б. тұрады. Өзендердің барлығы Қырғыз Алатауының солт. беткейінен бастау алып ауданның орт. бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өз-не құяды. Тау бөктерінде қара, қызғылт қоңыр, жазықта сұр, бозғылт сұр, шалғынды сұр және құмды топырақ таралған. Кейбір жерлерінде сор, сортаң топырақ жамылғысы кездеседі. Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары, жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан, жыңғыл, сексеуіл, эфемерлі өсімдіктер өседі. Жабайы жануарлардан тауда арқар, елік, қасқыр, түлкі, жазық жерлерде және қопалы-қорысты өзен-көл маңында қоян, ақбөкен, кемірушілерден саршұнақ, т.б. кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік, ұлар, бүркіт, сұңқар, қаршыға, т.б. мекендейді. М. а. аумағында, негізінен қазақтар тұрады (67,4%). Одан басқа орыстар (13,6%), түріктер (7,2%), әзербайжандар (3,5%), өзбектер (1,2%), т.б. ұлт өкілдері бар. Ауданда 1 км2 жерге 11 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Мерке (10,5 мың адам), Мерке т. ж. ст. (5,2), Жамбыл (6,2), Сарымолдаев (8,1), Нововоскресеновка (3,3), Ойтал кенті (3,8), Ақтоған (2,8), т.б. Ауданда 1997 жылға дейін негізінен қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оған қосымша астық, етті-сүтті мал, жылқы, шошқа, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан бастап кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылып, олардың орнына АҚ-дар, ӨК, ЖШС-тер және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы өнеркәсіп орындарының саны – 10; оның ішінде мемл. меншіктегі 1 кәсіпорын жұмыс істейді. Шағын кәсіпорындар саны – 121. А. ш. кәсіпорындарының жалпы саны 870, оның ішінде АҚ-дар – 3, ӨК – 2, шаруа қожалықтары – 855, ЖШС-тер – 9 (2001). А. ш. жерінің аум. 654,2 мың га; оның ішінде жыртылған жердің аум. 94,7 мың га, жайылымы 507,5 мың га, шабындығы 7,9 мың га. Астық дақылдары 37,5 мың га жерге, қант қызылшасы 630 га жерге егіледі. Ауданда 20,1 мың бас сиыр, 81,5 мың бас қой мен ешкі, 51,6 мың бас жылқы бар (2001). Жалпы білім беретін 37 мектеп, 3 балабақша, 25 клуб, 2 аурухана, 1 емхана, 31 фельдш.-акушерлік және мед. пункт, 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, “Мерке” шипажайы жұмыс істейді. Аудан жерінен Түркістан – Сібір, Луговой – Бішкек т. ж., Алматы – Тараз респ. автомоб. магистралі өтеді. М. а. аумағында ортағасырлық Мерке қалашығының орны, “Қара кемпір”, “Шаңырақ”, Қаратөбе, өлысай, Атабайсай, Көржайлау, Жетітөбе, Ақтоған, Қарасай, Жамбыл, Майтөбе, т.б. ежелгі тарихи және мәдени ескерткіштер, бекіністер мен қалашықтардың орны көптеп кездеседі. Қ. Ахметов
04.12.2012 04:39 10993

МЕРКЕ АУДАНЫ – Жамбыл обл-ның оңт-ндегі әкімш. бөлік. 1929 ж. құрылған. Жерінің аум. 7,1 мың км2. Тұрғыны 71,7 мың адам (2003). Құрамында 1 кенттік және 12 ауылдық округ және оларға қарасты 43 елді мекен бар. Орт. – Мерке а. Ауданның оңт-н Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Қасқасу, Үңгірлі, Сандық, Шайсандық, Молалы таулары алып жатыр. Ал орт. және солт. бөлігіндегі жазық дала Солт. Мойынқұм құмына ұласады. Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты шипалы сулары (Мерке минералды суы) барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –6 – 8ӘС, шілдеде 20 – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. жазық өңірде 200 – 250 мм, таулы өңірде 450 – 500 мм шамасында. Жер беті сулары: Қайнар, Мерке, Ойтал, Аспара өзендерінен және олардың тармақтары Мөңке, Қызтоғансай, Тоғайтал, Қарақау, т.б. тұрады. Өзендердің барлығы Қырғыз Алатауының солт. беткейінен бастау алып ауданның орт. бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өз-не құяды. Тау бөктерінде қара, қызғылт қоңыр, жазықта сұр, бозғылт сұр, шалғынды сұр және құмды топырақ таралған. Кейбір жерлерінде сор, сортаң топырақ жамылғысы кездеседі. Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары, жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан, жыңғыл, сексеуіл, эфемерлі өсімдіктер өседі. Жабайы жануарлардан тауда арқар, елік, қасқыр, түлкі, жазық жерлерде және қопалы-қорысты өзен-көл маңында қоян, ақбөкен, кемірушілерден саршұнақ, т.б. кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік, ұлар, бүркіт, сұңқар, қаршыға, т.б. мекендейді. М. а. аумағында, негізінен қазақтар тұрады (67,4%). Одан басқа орыстар (13,6%), түріктер (7,2%), әзербайжандар (3,5%), өзбектер (1,2%), т.б. ұлт өкілдері бар. Ауданда 1 км2 жерге 11 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Мерке (10,5 мың адам), Мерке т. ж. ст. (5,2), Жамбыл (6,2), Сарымолдаев (8,1), Нововоскресеновка (3,3), Ойтал кенті (3,8), Ақтоған (2,8), т.б. Ауданда 1997 жылға дейін негізінен қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оған қосымша астық, етті-сүтті мал, жылқы, шошқа, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан бастап кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылып, олардың орнына АҚ-дар, ӨК, ЖШС-тер және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы өнеркәсіп орындарының саны – 10; оның ішінде мемл. меншіктегі 1 кәсіпорын жұмыс істейді. Шағын кәсіпорындар саны – 121. А. ш. кәсіпорындарының жалпы саны 870, оның ішінде АҚ-дар – 3, ӨК – 2, шаруа қожалықтары – 855, ЖШС-тер – 9 (2001). А. ш. жерінің аум. 654,2 мың га; оның ішінде жыртылған жердің аум. 94,7 мың га, жайылымы 507,5 мың га, шабындығы 7,9 мың га. Астық дақылдары 37,5 мың га жерге, қант қызылшасы 630 га жерге егіледі. Ауданда 20,1 мың бас сиыр, 81,5 мың бас қой мен ешкі, 51,6 мың бас жылқы бар (2001). Жалпы білім беретін 37 мектеп, 3 балабақша, 25 клуб, 2 аурухана, 1 емхана, 31 фельдш.-акушерлік және мед. пункт, 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, “Мерке” шипажайы жұмыс істейді. Аудан жерінен Түркістан – Сібір, Луговой – Бішкек т. ж., Алматы – Тараз респ. автомоб. магистралі өтеді. М. а. аумағында ортағасырлық Мерке қалашығының орны, “Қара кемпір”, “Шаңырақ”, Қаратөбе, өлысай, Атабайсай, Көржайлау, Жетітөбе, Ақтоған, Қарасай, Жамбыл, Майтөбе, т.б. ежелгі тарихи және мәдени ескерткіштер, бекіністер мен қалашықтардың орны көптеп кездеседі.
Қ. Ахметов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Баскиім