Жаңалықтар

Модем

Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы. Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін. Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше. Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер. Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады Тарихы AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE (яғни әеуге қарыс қорғаныс) бір бөлігі болды. Ол әртүрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталықтарымен байланыстарды. SAGE бөлінген байланыс желілерін пайдаланды, бірақ осы желілердің әр соңында болған құрылғылар қазіргі заманауи модемдер секілді болды. Дербес компьютерлер үшін алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясының құрылғысы болды, ол 1979 жылы Apple II дербес компьютері үшін Micromodem II өнімін шығарды. Модем 380 доллар тұрды, және 110/300 б/сек жылдамдықпен істеді. 1981 жылы Hayes фирмасы Smartmodem 300 б/сек модемін шығарды, командалар жүйесі стандарт де-факто болды. Басқа да мүмкіндіктері бар модемдер Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Дауыстық модем – телефон желісіндегі сигналды сандық түрге айналдыру және еркін дыбысты желіге орындап шығару функцияларына ие. Бұл мына әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді: • Дауыстық хабарламаларды шыңайы уақыт жағдайында басқа дауыстық модемге жіберу мен одан хабарламаларды алу, және оларды ішкі динамик арқылы дыбыстап шығару. • Мұндай модемді автожауапқайтарғыш ретінде пайдаоану және дауыстық поштаны ұйымдастыру.
21.10.2013 05:49 18518

Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.

Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.

Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады

Тарихы

AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE (яғни әеуге қарыс қорғаныс) бір бөлігі болды. Ол әртүрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталықтарымен байланыстарды. SAGE бөлінген байланыс желілерін пайдаланды, бірақ осы желілердің әр соңында болған құрылғылар қазіргі заманауи модемдер секілді болды. Дербес компьютерлер үшін алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясының құрылғысы болды, ол 1979 жылы Apple II дербес компьютері үшін Micromodem II өнімін шығарды. Модем 380 доллар тұрды, және 110/300 б/сек жылдамдықпен істеді. 1981 жылы Hayes фирмасы Smartmodem 300 б/сек модемін шығарды, командалар жүйесі стандарт де-факто болды.

Басқа да мүмкіндіктері бар модемдер

Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Дауыстық модем – телефон желісіндегі сигналды сандық түрге айналдыру және еркін дыбысты желіге орындап шығару функцияларына ие. Бұл мына әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:

• Дауыстық хабарламаларды шыңайы уақыт жағдайында басқа дауыстық модемге жіберу мен одан хабарламаларды алу, және оларды ішкі динамик арқылы дыбыстап шығару.

• Мұндай модемді автожауапқайтарғыш ретінде пайдаоану және дауыстық поштаны ұйымдастыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға