22-тамыз
Ресей Федерациясының Мемлекеттік туы күні. Қазіргі көк-ақ-қызыл жолақты Ресей туы 1994 жылғы тамыздың 22-сінде мемлекеттік нышанға айналған. Ол туралы Жарлыққа сол кездегі Ресей Президенті Борис Ельцин қол қойған. Алғаш рет бұл түстерді Ұлы Петр пайдаланған екен. Бұл алыс қашықтықтан көрінетін болғандықтан, белгі ретінде пайдаланылған. Кейіннен Бірінші Петр оны Әскери флот туы ретінде бекіткен. Содан соң ақ-көк-қызыл жолақты ту Ресей сауда флотының туы ретінде бекітіліп, сонымен бір мезгілде ол Ресей мемлекетінің нышанына айналды.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 24 жыл толды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1989 жылы 22 тамызда қабылдаған «Тіл туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бұл Заң 1990 жылғы шілденің 1-інде күшіне енді.
Еліміздегі Тіл туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы екені осы заңда көрсетілген. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тіл туралы» Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бұл Заң 1990 жылғы шілденің 1-інде күшіне енді.
2002 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Пиаджезиді, Қазақстан мен Италия арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
1909 жылы Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
1864 жылы соғысып жатқан армиялардың жараланған солдаттарына көмектесу жөніндегі Женева конвенциясына 16 мемлекет қол қойды. Конвенция соғыс кезінде әскери госпитальдар мен медицина қызметкерлеріне ешкім тимейтіндеріне кепілдік етті. Олардың ерекшелік белгісі - ақ матадағы қызыл крест. Осылайша Қызыл Крест ұйымы дүниеге келді.
1989 жылы Литва Жоғарғы кеңесінің арнайы комиссиясы 1940 жылы Латвия, Литва және Эстония КСРО-ға заңсыз түрде қосылған деген қорытынды жасады.
2005 жылы Павлодар облысы Май ауданының Бозкөл ауылында тәулігіне 10 мың дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды.