12-тамыз
Халықаралық жастар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1999 жылғы желтоқсанның 17-інен бастап атап өтіледі (Лиссабон, 1998 жылғы тамыздың 8-і мен 12-і аралығы).
Ресей Федерациясының Әскери-әуе күштері күні. РФ Президентінің 1997 жылғы тамыздың 29-ындағы «Әскери-әуе күштері күнін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес атап өтіледі.
Бүкіләлемдік дыбыс жазу тарихы. 1877 жылы дыбыс жазу өнерінің тарихы басталды. Американдық өнертапқыш Томас Эдисон механикалық тәсілмен «Mary Had A Little Lamb» әуенін күйтабаққа жазды. Оның дыбыс жазуға арналған алғашқы машинасы қолдың көмегімен іске қосылатын цилиндрден тұрды. Сонымен қатар құрылғыда керней мен өтпейтін ине болды.
Таиландта аналар күні (Ханшайымның туған күні). Тамыздың 12-інде Таиландта Ұлы мәртебелі Сирикит ханшайымның туған күніне арналған мереке өтеді. Бұл тек барлық тай халқының маңызды мерекесі ғана емес, сонымен қатар Аналар күніне орайластырған ұлттық мереке. Бұл күні ханшайымға арналып концерттер, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, спорттық жетістіктер көрсетіліп, жаңа қайырымдылық ұйымдар құрылады.
1953 жылы Семей полигонында қуаттылығы 400 килотонналық термоядролық жарылыс жасалды.
1971 жылы іргетасы 1950 жылы қаланған Лисаков елді мекеніне қала мәртебесі берілді.
1970 жылы Алматыда Қазақ циркінің ғимараты салынып бітті. 1979 жылы Бүкілодақтық цирк өнері конкурсында «Земля чудес» бағдарламасы 1-ші орынды иеленді. 1991 жылы Қазақ циркі «Одақмемцирк» құрамынан шықты.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы жарияланды.
1997 жылы Душанбе қаласында Мұхтар Әуезовтың туғанына 100 жыл толуы аталып өтті.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.
2007 жылы Астанада Адам құқықтары және Еуропалық құқық институтының директоры Марат Башимовтың «Новый Казахстан в новом мире» атты кітабының таныстырылымы болды.
2002 жылдың тамызында омбудсмен институтын - адам құқығын қорғайтын мемлекеттік органды құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған кітап елімізде құрылған институттың омбудсмен жұмысының талдауына арналған.