11-тамыз
Чад Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Чад - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ливиямен, шығысында Суданмен, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, Батысында Камерун, Нигерия және Нигермен шектеседі. Астанасы - Нджамен қаласы. Ресми тілі - араб және француз тілдері, сонымен қатар тағы да 100-ге жуық тіл қолданылады. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.
Шәууәл айының төртінші күні. Осы айдағы сауабы мол оразаны ұстап, Рамазан айындағы құлшылықтарды толықтыра түсуге болады. Исламда бұл айда 6 күн ораза ұстаған адам 1 жыл ораза ұстағанмен бірдей сауап алады делінген
Түркіменстан халқы қауын күні. Бұл күнді 1994 жылы Түркіменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов бектікен болатын.
Түркімен жері мыңдаған жылдар бойы тәтті қауындармен әлемге белгілі болып келеді. Түркімен халқы өздерінің қауындарын ұлттық байлығы деп санайды және осынысымен мақтанады. Қазіргі уақытта ғалымдар қауынның 1600 түрін анықтаса, соның 400-ден астам түрі түркімен жерінде өсіріледі. Археологиялық деректер де қауынның отаны түркімен жері екенін растады. Қазба жұмыстары кезіндегі табылған қауын дәндері осыны айғақтай түседі. Бұл мерекенің халық арасынан қолдау тапқаны соншалық, қауынға арнап жыр жазған ақындардың кітаптары мыңдаған дана болып шықты. Қауынды түркімен халқы «Бақша патшайымы» деп атайды. Ел астанасы Ашхабад қаласында қауын күні мерекесінде халық жаппай серуенге шығады. Қауыннан жасалатын ұлттық тағамдарын бір-бірлеріне сыйға тартады. Түркімен отбасында осы күні қауыннан жасалған тіл үйірерлік дәмді тағамдардан дастархан жайылады. Ал, ел президенті қалыптасқан дәстүр мен мемлекеттік заңы бойынша қауын өсірген үздік бағбандарды марапаттайды. Сонымен қатар, елде «Алтың ғасырдың алтын бақшасы» атты мемлекеттік конкурс өтеді.
Айта кетейік, Түркіменстанда 33 мемлекеттік мереке бар.
1893 жылы А.И.Деров кен округінен Екібастұз қонысындағы кен орнына барлау жүргізу куәлігін алды. Бұл кен орнын 1867 жылы Қосым Пішенбаев ашқан болатын.
1992 жылы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны негізінде осы аттас көркем суретті фильм түсіріліп бітті. Қоюшы режиссері С.Тәуекел.
1993 жылы 103 отбасынан тұратын иран қазақтарының алғашқы легі тарихи Отаны - Қазақстанға оралды.
1995 жылы Жидебай қорығында салынған Абай мен Шәкәрім күмбездері мемориалының ашылу салтанаты болды.
1919 жылы Германия Ұлттық ассамблеясы «Веймар конституциясын» қабылдады. Енгізілген басты өзгеріс - Баварияның Германияға қосылуы заңды түрде бекітілуі.