Жаңалықтар

9-тамыз

Сингапур Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні. 1965 жылғы тамыздың 9-ында Малайзия Федерациясынан Сингапур бөлініп шықты. Сингапур - Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Сингапур қаласы. Мемлекет тілі - ағылшын, қытай және малай тілдері. Ақша бірлігі - сингапур доллары. Қазақстан Республикасы мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы наурыздың 30-ында орнатылды. Нагасаки күні. 1945 жылғы тамыздың 9-ында американ авиациясы Жапонияның 253 мың тұрғыны бар Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Жоспар бойынша бұл атом бомбасын Жапонияның Кокуру қаласына тастау керек болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына және әуеге көтерілгеннен кейін пайда болған ұшақ ақауына байланысты ұшқыштың бомба тастау бағытын өзгертуіне тура келген. Нагасакиде 80 мыңға жуық адам қайтыс болған. Әлемнің тұрғылықты халықтарының халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен жарияланған. БҰҰ мәліметтері бойынша бүгінгі таңда 5 құрлықтағы 70 елде 5000-нан астам жергілікті халықтар тұрады. Ресейдің әскери даңқ күні - орыс флотының алғашқы жеңісі. 1714 жылы Петр I қолбасшылығымен орыс флотының Ресей тарихында алғаш рет теңізде шведтерді жеңген құрметіне бекітілген. АҚШ-та орманды өрттен қорғау күні. Орман шаруашылығы қызметі 1905 жылы құрылды және ол АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімі болып саналады. Олар 193 миллион акр жерді алып жатқан ормандағы қоғамдық, шалғын және жайыс жерлерді бақылайды. 2005 жылы  Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістанды зерттеу орталығы ашылды. Жаңа орталық Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе мәдениет пен білім саласын дамытуға шақырады. Орталықтың қолданушылары DVD, CD-R және интернет арқылы Үндістан туралы мәлімет алатын, пікір алысатын мүмкіндіктері туады. Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің жанындағы Үндістан мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. 1994 жылы  Алматыда ҚР Ұлттық банктің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды. 1913 жылы  театр суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Игорь Бальхозин дүниеге келді. Ресейде туған. Арнаулы суретшілік білім алмаған қылқалам шебері Вятка, Вологда қалаларының театрларында суретші-көшірмеші болып істеген. 1934 жылы Алматыға қоныс аударып, Орыс академиялық драма театрында суретші-орындаушы, театрдың бас суретшісі, қоюшы суретші қызметтерін атқарған. Осы театр сахнасында қойылған А.Чеховтың «Ваня ағай», М.Горькийдің «Күн балалары», М.Әуезовтің «Түнгі сарын», У.Шекспирдің «Король Лир» т.б. спектакльдерді көркемдеген. Қазақ академиялық драма театрында Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббат», «Кім менің әкем», М.Иманжановтың «Менің махаббатым», Қ.Бекхожиннің «Ұлан асу», М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» сияқты спектакльдерінің декорациясын жасаған. 
22.08.2013 06:41 2944

Сингапур Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні. 1965 жылғы тамыздың 9-ында Малайзия Федерациясынан Сингапур бөлініп шықты. Сингапур - Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Сингапур қаласы. Мемлекет тілі - ағылшын, қытай және малай тілдері. Ақша бірлігі - сингапур доллары.

Қазақстан Республикасы мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы наурыздың 30-ында орнатылды.

Нагасаки күні. 1945 жылғы тамыздың 9-ында американ авиациясы Жапонияның 253 мың тұрғыны бар Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Жоспар бойынша бұл атом бомбасын Жапонияның Кокуру қаласына тастау керек болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына және әуеге көтерілгеннен кейін пайда болған ұшақ ақауына байланысты ұшқыштың бомба тастау бағытын өзгертуіне тура келген. Нагасакиде 80 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Әлемнің тұрғылықты халықтарының халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен жарияланған. БҰҰ мәліметтері бойынша бүгінгі таңда 5 құрлықтағы 70 елде 5000-нан астам жергілікті халықтар тұрады.

Ресейдің әскери даңқ күні - орыс флотының алғашқы жеңісі. 1714 жылы Петр I қолбасшылығымен орыс флотының Ресей тарихында алғаш рет теңізде шведтерді жеңген құрметіне бекітілген.

АҚШ-та орманды өрттен қорғау күні. Орман шаруашылығы қызметі 1905 жылы құрылды және ол АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімі болып саналады. Олар 193 миллион акр жерді алып жатқан ормандағы қоғамдық, шалғын және жайыс жерлерді бақылайды.

2005 жылы  Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістанды зерттеу орталығы ашылды.

Жаңа орталық Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе мәдениет пен білім саласын дамытуға шақырады. Орталықтың қолданушылары DVD, CD-R және интернет арқылы Үндістан туралы мәлімет алатын, пікір алысатын мүмкіндіктері туады.

Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің жанындағы Үндістан мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

1994 жылы  Алматыда ҚР Ұлттық банктің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды.

1913 жылы  театр суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Игорь Бальхозин дүниеге келді.

Ресейде туған. Арнаулы суретшілік білім алмаған қылқалам шебері Вятка, Вологда қалаларының театрларында суретші-көшірмеші болып істеген. 1934 жылы Алматыға қоныс аударып, Орыс академиялық драма театрында суретші-орындаушы, театрдың бас суретшісі, қоюшы суретші қызметтерін атқарған. Осы театр сахнасында қойылған А.Чеховтың «Ваня ағай», М.Горькийдің «Күн балалары», М.Әуезовтің «Түнгі сарын», У.Шекспирдің «Король Лир» т.б. спектакльдерді көркемдеген. Қазақ академиялық драма театрында Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббат», «Кім менің әкем», М.Иманжановтың «Менің махаббатым», Қ.Бекхожиннің «Ұлан асу», М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» сияқты спектакльдерінің декорациясын жасаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға