Жаңалықтар

8-тамыз

Украина байланыс әскерінің күні. Байланыс әскерінің күні Украинада жыл сайын 8 тамыз күні Президенттің 2000 жылғы 1 ақпандағы № 154/ 2000 жарлығына сәйкес атап өтіледі. Аугсбургте Бейбітшілік күні. Бұл елдің бір қаласының бүкіл әлемге белгілі жалғыз ресми мемлекеттік мерекесі. Бұл мереке Германия, Бавария федералды жеріндегі Аугсбург қаласына тиесілі. 1650 жылдан бастып Аугсбургтегі Бейбітшілік күні немесе Бейбітшілік фестивалі жыл сайын 8 тамыз күні атап өтіледі. Ал 1950 жылдан бері мемлекеттік мереке, осы жылдан бастап бұл күн Аугсбург қаласындағы барлық кіші және ірі кәсіпорындардың мемлекеттік мерекесі болды. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес елорданың жер көлемі 45195 гектарға ұлғайды. 2009 жылы  Шымкентте мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Жобаның мақсаты психоневрологиялық патологиясы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға үйреншікті әлеуметтік ортада тұруға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну болып табылады. Орталық мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және т.б. қызметтерді заңмен қарастырылған жеңілдіктерді алуға қолдау көрсетеді, тағы да орталықтың мамандары отбасыларында мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді. Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге 10-нан 18-ге дейінгі жас шамасындағы психоневрологиялық патологиясы бар мүмкіндігі шектеулі балалар ғана қабылданады. Балалардың орталықта тұру мерзімі - 1 ай, күніне 4 рет тамақтанады. Орталық заманауи материалдық-техникалық қондырғылармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған барлық әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасалған. Мұнда емдік шаралар, массаж, физиотерапевтикалық кабинеттер, және де кинезиотерапия, Монтессори, релаксация, эрготерапия, психотерапия, логопед, плантотерапия, ЭВМ, емдік-тренажер, сауықтыру кабинеттері жұмыс істейді. 1899 жылы американдық өнер тапқыш Альберт Маршалл тоңазытқышты патенттеді. Олар негізінен бөлек сатып алынған мұздың есебінен жұмыс істеді. Алғашқы отбасылық тоңазытқыштарға ағаштар, көмірлер мен керосин көп пайдаланылды. 1911 жылы «Дженерал электрик» фирмасы анағұрлым заманауи тоңазытқыштарды шығара бастады. Дегенмен, олар газда жұмыс істегеннен кейін қатты гуілдеп, жаман иіс шығаратын болды. Бұл оның басты кемшілігі болды. 1926 жылы дат инженері Стиндруп шуылсыз және иісі жоқ тоңазытқышты ойлап шығарды. Осыдан кейін бұл тоңазытқыш Америкада тез арада ең қажетті тұрмыстық құралға айналды. Шыны керек, алғашқы тоңазытқыштар «Форд» көлігінен екі есе қымбат тұрды. Оларды «тұрмыстық суық фабрикасы» деп атады. КСРО-да алғашқы тоңазытқыштар 1937 жылы Харьков трактор зауытында пайда болды. Ал олардың жаппай шығарылымы тек 1960 жылдары ғана игерілді.
22.08.2013 06:41 2925

Украина байланыс әскерінің күні. Байланыс әскерінің күні Украинада жыл сайын 8 тамыз күні Президенттің 2000 жылғы 1 ақпандағы № 154/ 2000 жарлығына сәйкес атап өтіледі.

Аугсбургте Бейбітшілік күні. Бұл елдің бір қаласының бүкіл әлемге белгілі жалғыз ресми мемлекеттік мерекесі. Бұл мереке Германия, Бавария федералды жеріндегі Аугсбург қаласына тиесілі.

1650 жылдан бастып Аугсбургтегі Бейбітшілік күні немесе Бейбітшілік фестивалі жыл сайын 8 тамыз күні атап өтіледі. Ал 1950 жылдан бері мемлекеттік мереке, осы жылдан бастап бұл күн Аугсбург қаласындағы барлық кіші және ірі кәсіпорындардың мемлекеттік мерекесі болды.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес елорданың жер көлемі 45195 гектарға ұлғайды.

2009 жылы  Шымкентте мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды.

Жобаның мақсаты психоневрологиялық патологиясы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға үйреншікті әлеуметтік ортада тұруға арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну болып табылады.

Орталық мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және т.б. қызметтерді заңмен қарастырылған жеңілдіктерді алуға қолдау көрсетеді, тағы да орталықтың мамандары отбасыларында мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді. Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге 10-нан 18-ге дейінгі жас шамасындағы психоневрологиялық патологиясы бар мүмкіндігі шектеулі балалар ғана қабылданады. Балалардың орталықта тұру мерзімі - 1 ай, күніне 4 рет тамақтанады.

Орталық заманауи материалдық-техникалық қондырғылармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған барлық әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасалған. Мұнда емдік шаралар, массаж, физиотерапевтикалық кабинеттер, және де кинезиотерапия, Монтессори, релаксация, эрготерапия, психотерапия, логопед, плантотерапия, ЭВМ, емдік-тренажер, сауықтыру кабинеттері жұмыс істейді.

1899 жылы американдық өнер тапқыш Альберт Маршалл тоңазытқышты патенттеді. Олар негізінен бөлек сатып алынған мұздың есебінен жұмыс істеді. Алғашқы отбасылық тоңазытқыштарға ағаштар, көмірлер мен керосин көп пайдаланылды. 1911 жылы «Дженерал электрик» фирмасы анағұрлым заманауи тоңазытқыштарды шығара бастады. Дегенмен, олар газда жұмыс істегеннен кейін қатты гуілдеп, жаман иіс шығаратын болды. Бұл оның басты кемшілігі болды. 1926 жылы дат инженері Стиндруп шуылсыз және иісі жоқ тоңазытқышты ойлап шығарды. Осыдан кейін бұл тоңазытқыш Америкада тез арада ең қажетті тұрмыстық құралға айналды. Шыны керек, алғашқы тоңазытқыштар «Форд» көлігінен екі есе қымбат тұрды. Оларды «тұрмыстық суық фабрикасы» деп атады. КСРО-да алғашқы тоңазытқыштар 1937 жылы Харьков трактор зауытында пайда болды. Ал олардың жаппай шығарылымы тек 1960 жылдары ғана игерілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға