Жаңалықтар

6-тамыз

Ямайканың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Тамыз айының 1-ші дүйсенбісінде атап өтіледі. Ал негізінен Ямайка тәуелсіздігін 1962 жылғы тамыздың 6-да алған. Ямайка - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Кариб теңізіндегі өзі аттас аралдар мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Астанасы - Кингстон қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - ямайка доллары. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания королевасы Елизавета II. Үкімет басшысы - Премьер-Министр. Хиросима күні. Ядролық қаруға  тыйым салу үшін күрестің  бүкіләлемдік  күні. 1945 жылы тамыздың 6-ында АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. Тарих қойнауына жүгінсек, осынау адамзат тарихындағы ең жауыздық іс-әрекеттің американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония армиясы талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді. Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні. Хиросимаға бомба тасталған күннен бастап, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитетінің шешімі бойынша аталып өтіледі. Боливия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1825). Боливия - Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында Парагваймен, оңтүстігінде Аргентинамен, батысында Чили, Перумен шектеседі. Ресми астанасы - Сукре, ал іс жүзіндегі астанасы - Ла-Пас. Мемлекеттік тілі - испан, аймара, кечуа тілдері, дегенмен бұларға қарағанда үнді тілі ауқымды қолданылады. Ақша бірлігі - боливиано. Мемлекет басшысы - Президент. 1956 жылы  КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мақта өндіруді арттыру үшін Өзбек КСР-і мен Қазақ КСР-інде Мырзашөлдің тың жерлерін суару және игеру туралы» қаулысы қабылданды. 1969 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Неке және отбасы» Кодексі бекітілді. 1914 жылы Австрия-Венгрия Ресейге соғыс жариялады. Австрия-Венгрия үкіметі өздерінің негізгі мақсаты - Польшаны басып алу екендігін мәлімдеді. Полковник Пилсудский бастаған Польша легионы да соғыс әрекетін бастап кетті. Сол күні Сербия мен Черногория Германияға соғыс ашты. 2005 жылы  Батыс-Сiбiр және Оңтүстiк-Орал темiр жолдарының тарихында тұңғыш рет Петропавл мен Омбы қалаларының арасында жүретін «Экспресс» жүрдек пойызы пайда болды. Жаңа жүрдек электрпойызының вагондары 1-шi, 2-шi және 3-шi санаттан тұрады. Ең жайлысы 1-ші санаттағы вагондар болып саналады. Оның ішінде жолаушылардың орнықты сезінуі үшін жұмсақ креслолар, олардың арасында үстелшелер, теледидар, бар орнатылған.
22.08.2013 06:40 3828

Ямайканың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Тамыз айының 1-ші дүйсенбісінде атап өтіледі. Ал негізінен Ямайка тәуелсіздігін 1962 жылғы тамыздың 6-да алған. Ямайка - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Кариб теңізіндегі өзі аттас аралдар мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Астанасы - Кингстон қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - ямайка доллары. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания королевасы Елизавета II. Үкімет басшысы - Премьер-Министр.

Хиросима күні. Ядролық қаруға  тыйым салу үшін күрестің  бүкіләлемдік  күні. 1945 жылы тамыздың 6-ында АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. Тарих қойнауына жүгінсек, осынау адамзат тарихындағы ең жауыздық іс-әрекеттің американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония армиясы талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді.

Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні. Хиросимаға бомба тасталған күннен бастап, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитетінің шешімі бойынша аталып өтіледі.

Боливия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1825). Боливия - Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында Парагваймен, оңтүстігінде Аргентинамен, батысында Чили, Перумен шектеседі. Ресми астанасы - Сукре, ал іс жүзіндегі астанасы - Ла-Пас. Мемлекеттік тілі - испан, аймара, кечуа тілдері, дегенмен бұларға қарағанда үнді тілі ауқымды қолданылады. Ақша бірлігі - боливиано. Мемлекет басшысы - Президент.

1956 жылы  КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мақта өндіруді арттыру үшін Өзбек КСР-і мен Қазақ КСР-інде Мырзашөлдің тың жерлерін суару және игеру туралы» қаулысы қабылданды.

1969 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Неке және отбасы» Кодексі бекітілді.

1914 жылы Австрия-Венгрия Ресейге соғыс жариялады. Австрия-Венгрия үкіметі өздерінің негізгі мақсаты - Польшаны басып алу екендігін мәлімдеді. Полковник Пилсудский бастаған Польша легионы да соғыс әрекетін бастап кетті. Сол күні Сербия мен Черногория Германияға соғыс ашты.

2005 жылы  Батыс-Сiбiр және Оңтүстiк-Орал темiр жолдарының тарихында тұңғыш рет Петропавл мен Омбы қалаларының арасында жүретін «Экспресс» жүрдек пойызы пайда болды.

Жаңа жүрдек электрпойызының вагондары 1-шi, 2-шi және 3-шi санаттан тұрады. Ең жайлысы 1-ші санаттағы вагондар болып саналады. Оның ішінде жолаушылардың орнықты сезінуі үшін жұмсақ креслолар, олардың арасында үстелшелер, теледидар, бар орнатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға