4-тамыз
Қазақстанда көлік және байланыс қызметкерлері күні. Тамыздың алғашқы жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл Қазақстаннның көлік саласы мен байланыс саласының барлық еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі.
Нигерия тәуелсіздігі күні (1960). Нигерия - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Алжир, Ливиямен, шығысында Чадпен, оңтүстігінде Нигерия, Бенинмен, Батысында Буркина-Фасо, Малимен шектеседі. Астанасы - Ниамей қаласы. Мемлекеттік тілі - француз тілі, сонымен қатар жергілікті халықтардың хауса, фулани, тамайек, джерма тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - франк.
АҚШ жағалау күзетінің күні. Бұл күн 1790 жылы Американың Министрлер Кеңесінде бекітілген. Дәл сол жылдың 4 тамызында АҚШ Конгресі Қаржы министрі Александр Гамильтон жетекшілігімен флот құрылысын бастауын бұйырған.
Жағалау күзеті АҚШ Қарулы күштерінің маңызды бөлігі болып саналады. Оның құзырына халықаралық сулар, американың жағалау желісі, порттар мен ішкі суларын қосқанда, АҚШ-тың кез-келген теңіз аймағындағы тұрғындарды, қоршаған ортаны қорғау және экономика мен қауіпсіздікті сақтау кіреді.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы құрылды.
1777 жылы Лондонда әлемдегі алғашқы цирк ашылды. 1770 жылы әскери қызметінен оралған аға сержант Филипп Эстли Лондонда шабандоздардың мектебін қалыптастырды. Көп ұзамай аттармен жасалатын спорттық-акробаттық көрсетілімдер үшін арнайы ғимарат салынды, оның көрермендер залы, манежі, оркестрі және сахнасы болды.
Филипп Эстли алғашқы цирк әулетінің негізін салушы болды. ол осыған ұқсас кәсіпорындарды өзге де қалаларда салып, ұйымдастырды. 1782 жылы оның филиалы Парижде ашылды.
1918-1993 жылы жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ісләм Жарлғапов дүниеге келді. Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Алматы педагогикалық училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын КСРО Сыртқы істер министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі болған. «Жазушы» баспасында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде жауапты қызметтер атқарған. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры болып істеген. 1975 жылдан шығармашылық жұмыста болған қаламгер көркем аударма саласында жемісті еңбек еткен. Ол аударған А.Пушкиннің, А.Герценнің, М.Шолоховтың, Д.Собольевтің, М.Лермонтовтың, М.Пришвиннің және көптеген шетел жазушыларының шығармалары көркем аударма жанрының озық үлгісі ретінде танылды. Оның мазмұны бай, ойлы публицистикалық, әдеби-сын мақалалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Әсіресе оның әдеби терминдер, жеке атаулар жасаудағы еңбегі ерекше. Жазушы ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын «оқырман», «жағажай», «балмұздақ», «перзентхана», «уыздық», «теледидар», «ғарыш», «жағажай», «саяжай», «көрермен», т.б. 500-ден астам жаңа терминдермен байытқан. Бірнеше мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.