Жаңалықтар

1-тамыз

Әзірбайжан әрпі мен тілінің күні. Әзірбайжан Президентінің 2001 жылғы 9 тамыздағы «Әзірбайжан әрпі мен әзірбайжан тілінің күнін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бүкілдүниежүзілік емшекпен емізуді насихаттау апталығы (1-7.08.). 1992 жылдан бастап, ЮНИСЕФ балалар қорының бастамасымен барлық елде өткізіледі. Қазақстан 1994 жылдан бұл мәселеге үлкен мән беріп, оны қорғау, жандандыру жөнінде ұлттық бағдарлама жасады. Қазақстанда 14 аурухана «Балаға аялы алақан» деген атпен жұмыс істеп, ЮНИСЕФ-тің «Алтын тақтасын» сыйға алды. Қытай Халық Республикасы Армиясының күні - Қытай әскери қызметкерлерінің кәсіби мейрамы (1927). 1927 жылғы тамыздың 1-інде Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының Наньчан қаласы тұрғындары Гоминьдан режиміне қарсы көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс елдегі екінші азамат соғысының басталуына себеп болды және Қытай жұмысшы-шаруаларының қызыл армиясы құрылды. Қытай - Еуразия құрлығының шығыс бөлігінде, Тынық мұхитының батыс жағалауын алып жатқан мемлекет. Шекарасы Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Пәкістан, Непал, Бутан, Үндістан, Бирма, Лаос және Вьетнаммен шектеседі. Мұхит жағалауындағы аймағында 5 мыңнан астам арал бар, олардың ең ірісі - Тайвань және тропикалық Хайнань аралдары. Көне Қытайға өнертабыстың төрт түрі - қағаз, кітап шығару, компас және оқ-дәрі жасау жатады. Ел халқының саны бойынша бірінші орында, адам саны 1,3 млрд. Әкімшілік жағынан 23 провинцияға, 5 автономиялық ауданға, орталыққа тікелей бағынатын Бейжің, Шанхай, Тяньцзинь, Чунцин қалаларына және Сянган (Гонконг) мен Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік аудандарына бөлінеді. Жоғарғы заң шығарушы органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы. Мемлекет басшысы - ҚХР Төрағасы. Атқарушы органы - Премьер-Министр басқаратын Мемлекеттік кеңес. Астанасы - Бейжің қаласы. Ресми тілі - қытай тілі. Ақша бірлігі - юань. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 3-інде орнатылды. Швейцария Конфедерациясының ұлттық мейрамы - Конфедерацияның негізі қаланған күн. Швейцария - Еуропаның дәл ортасында орналасқан мемлекет. Аумағы Франция, Германия, Австрия, Лихтенштейн, Италиямен шектеседі. Астанасы - Берн қаласы. Мемлекеттік тілі - неміс, француз, итальян тілдері. Ақша бірлігі - швейцар франкі. Швейцария 23 кантоннан тұратын федеративтік республика. Әр кантонның өз Конституциясы, Үкіметі және Парламенті бар. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығару органы Ұлттық және Кантондар кеңесінен тұратын екі палаталы Федералдық жиналыс. Атқарушы органы - Федералдық кеңес. Қазақстан Республикасы мен Швейцария арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 1-інде орнатылды. Бенин Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Бенин -Африканың батысында, Гвинея шығанағына таяу орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Буркина-Фасо, Нигермен, шығысында Нигериямен, батысында Тогомен шектеседі. Астанасы - Порто-Ново қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - батыс африкалық франк. Мемлекет және Үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс. Ресей Федерациясының инкассатор күні. 1939 жылы КСРО Мемлекеттік банкі жанындағы инкассация аппараты құрылды. Тамыздың 1-і мен 3-і аралығында Литваның Друскининкай курортында үзіліссіз үш күнге созылатын дәстүрлі би марафоны өтеді.
22.08.2013 06:34 3488

Әзірбайжан әрпі мен тілінің күні. Әзірбайжан Президентінің 2001 жылғы 9 тамыздағы «Әзірбайжан әрпі мен әзірбайжан тілінің күнін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

Бүкілдүниежүзілік емшекпен емізуді насихаттау апталығы (1-7.08.). 1992 жылдан бастап, ЮНИСЕФ балалар қорының бастамасымен барлық елде өткізіледі. Қазақстан 1994 жылдан бұл мәселеге үлкен мән беріп, оны қорғау, жандандыру жөнінде ұлттық бағдарлама жасады. Қазақстанда 14 аурухана «Балаға аялы алақан» деген атпен жұмыс істеп, ЮНИСЕФ-тің «Алтын тақтасын» сыйға алды.

Қытай Халық Республикасы Армиясының күні - Қытай әскери қызметкерлерінің кәсіби мейрамы (1927). 1927 жылғы тамыздың 1-інде Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының Наньчан қаласы тұрғындары Гоминьдан режиміне қарсы көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс елдегі екінші азамат соғысының басталуына себеп болды және Қытай жұмысшы-шаруаларының қызыл армиясы құрылды.

Қытай - Еуразия құрлығының шығыс бөлігінде, Тынық мұхитының батыс жағалауын алып жатқан мемлекет. Шекарасы Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Пәкістан, Непал, Бутан, Үндістан, Бирма, Лаос және Вьетнаммен шектеседі. Мұхит жағалауындағы аймағында 5 мыңнан астам арал бар, олардың ең ірісі - Тайвань және тропикалық Хайнань аралдары. Көне Қытайға өнертабыстың төрт түрі - қағаз, кітап шығару, компас және оқ-дәрі жасау жатады. Ел халқының саны бойынша бірінші орында, адам саны 1,3 млрд. Әкімшілік жағынан 23 провинцияға, 5 автономиялық ауданға, орталыққа тікелей бағынатын Бейжің, Шанхай, Тяньцзинь, Чунцин қалаларына және Сянган (Гонконг) мен Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік аудандарына бөлінеді. Жоғарғы заң шығарушы органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы. Мемлекет басшысы - ҚХР Төрағасы. Атқарушы органы - Премьер-Министр басқаратын Мемлекеттік кеңес. Астанасы - Бейжің қаласы. Ресми тілі - қытай тілі. Ақша бірлігі - юань.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 3-інде орнатылды.

Швейцария Конфедерациясының ұлттық мейрамы - Конфедерацияның негізі қаланған күн. Швейцария - Еуропаның дәл ортасында орналасқан мемлекет. Аумағы Франция, Германия, Австрия, Лихтенштейн, Италиямен шектеседі. Астанасы - Берн қаласы. Мемлекеттік тілі - неміс, француз, итальян тілдері. Ақша бірлігі - швейцар франкі. Швейцария 23 кантоннан тұратын федеративтік республика. Әр кантонның өз Конституциясы, Үкіметі және Парламенті бар. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығару органы Ұлттық және Кантондар кеңесінен тұратын екі палаталы Федералдық жиналыс. Атқарушы органы - Федералдық кеңес.

Қазақстан Республикасы мен Швейцария арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 1-інде орнатылды.

Бенин Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Бенин -Африканың батысында, Гвинея шығанағына таяу орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Буркина-Фасо, Нигермен, шығысында Нигериямен, батысында Тогомен шектеседі. Астанасы - Порто-Ново қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - батыс африкалық франк. Мемлекет және Үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс.

Ресей Федерациясының инкассатор күні. 1939 жылы КСРО Мемлекеттік банкі жанындағы инкассация аппараты құрылды.

Тамыздың 1-і мен 3-і аралығында Литваның Друскининкай курортында үзіліссіз үш күнге созылатын дәстүрлі би марафоны өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға