Крис Браунға тағы да айып тағылды
22.08.2013 04:41
3628
Естеріңізге сала кетейік, Браунның қатысы бар заң бұзушылық ағымдағы жылдың маусым айында орын алған болатын. Жүргізуші куәлігінсіз тізгінге жармасқан әнші басқа көлікті соққан соң артынша із суытып үлгерген еді. Кінәсін мойындаған Крис Лос-Анджелес көшелерін қоқыстан арылту мен жағажайларды тазалауға келісіп отырған көрінеді.
Мойнына артылған жауапкершілікті орындаған соң Браун заң алдында жауап беруге келеді. Яғни, ендігі сот отырысы үш айдан соң - 2 қарашаға жоспарланып отыр.
Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Pro-обзор лучшего Windows Phone камерфона– Nokia Lumia 925