Жаңалықтар

31-шілде

Африка әйелдерінің күні. 1962 жылы Бүкілафрикалық әйелдер конференциясының ұйымдастыруымен бекітілген. Гавайи туының күні. Гавайи туын монарх ойлап тапқан. 1816 жылы Ұлы Камеамеа патшасы ұлттық байрақтың дизайнын ұсынды. Горизонтальды түрде кезек-кезегімен орналасқан - ақ, қызыл және көк сызықтар штаттың негізгі сегіз аралын білдіреді. Олар - Оаху, Мауи, Ланаи, Кауаи, Кахоолаве, Молокаи, Ниихау және Үлкен арал. 1990 жылы Гавайи губернаторы ІІІ Джон Вайхее 31 шілдені Гавайи туының күні деп жариялады. 1976 жылы  Орал қаласында облыстық ғылыми-техникалық кітапхана ашылды. Онда ғылым мен техниканың әр түрлі саласынан, сондай-ақ өндірістік  және әлеуметтік-экономикалық әдебиеттер жинақталған. Кітапханадағы кітап қоры шамамен 815 000 дана. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Талдықорған қаласындағы «Гранита плюс» ЖШС-ның керамикалық-граниттік тақта өндіретін зауытын іске қосты. Құны 6 млн. евролық итальяндық «Сакми» фирмасы жабдықтаған кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. шаршы метр керамикалық-граниттік тақтаны құрайды. 2005 жылы «Қазпошта» АҚ «Сәулет» сериясынан Бейбітшілік және келісім сарайы бейнеленген жаңа пошталық маркасын айналымға енгізді. Бейбітшілік және Кклісім сарайы Қазақстан халықтарының конфессияаралық келісімдерін нығайтады. Оның құрылысы туралы шешiм 2003 жылы Әлемдік дәстүрлі діндер съезінде қабылданған болатын. Ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. 1920 жылы Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаев дүниеге келді. Ол Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. 1939 жылы «Диқан» орта мектебін бітірген. Туған ауылы «Қарасуда» тракторшы болып жұмыс істеген. 1940 жылғы қазанда Қызыл Армия қатарына шақырылған. Әскери борышын Томск қаласында өтеп жүрген жерінен соғысқа аттанған. 31-Армияның 628-Қызыл Тулы атқыштар полкі құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысып, автоматшылар бөлімшесінің командирі болған. 1944 жылы шілде айында поляк деревнясын азат ету үшін болған ұрыста Александр Матросов ерлігін қайталап, дзоттың ауызын кеудесімен жапқан. Батырдың сүйегі Литва Республикасының Друскиненкай қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылғы наурыздың 24-де оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 2005 жылы Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылған. Авторы - мүсінші Сейіткерім Момыш, сәулетшісі - Рүстем Бодаубеков. Ескерткіш қалалық әскери комиссариаты ғимаратының алдында, Абай мен Қонаев көшелерінің қиылысына орнатылған.
21.08.2013 10:10 5962

Африка әйелдерінің күні. 1962 жылы Бүкілафрикалық әйелдер конференциясының ұйымдастыруымен бекітілген.

Гавайи туының күні. Гавайи туын монарх ойлап тапқан. 1816 жылы Ұлы Камеамеа патшасы ұлттық байрақтың дизайнын ұсынды. Горизонтальды түрде кезек-кезегімен орналасқан - ақ, қызыл және көк сызықтар штаттың негізгі сегіз аралын білдіреді. Олар - Оаху, Мауи, Ланаи, Кауаи, Кахоолаве, Молокаи, Ниихау және Үлкен арал.

1990 жылы Гавайи губернаторы ІІІ Джон Вайхее 31 шілдені Гавайи туының күні деп жариялады.

1976 жылы  Орал қаласында облыстық ғылыми-техникалық кітапхана ашылды. Онда ғылым мен техниканың әр түрлі саласынан, сондай-ақ өндірістік  және әлеуметтік-экономикалық әдебиеттер жинақталған. Кітапханадағы кітап қоры шамамен 815 000 дана.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Талдықорған қаласындағы «Гранита плюс» ЖШС-ның керамикалық-граниттік тақта өндіретін зауытын іске қосты. Құны 6 млн. евролық итальяндық «Сакми» фирмасы жабдықтаған кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. шаршы метр керамикалық-граниттік тақтаны құрайды.

2005 жылы «Қазпошта» АҚ «Сәулет» сериясынан Бейбітшілік және келісім сарайы бейнеленген жаңа пошталық маркасын айналымға енгізді.

Бейбітшілік және Кклісім сарайы Қазақстан халықтарының конфессияаралық келісімдерін нығайтады. Оның құрылысы туралы шешiм 2003 жылы Әлемдік дәстүрлі діндер съезінде қабылданған болатын. Ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

1920 жылы Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаев дүниеге келді. Ол Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. 1939 жылы «Диқан» орта мектебін бітірген. Туған ауылы «Қарасуда» тракторшы болып жұмыс істеген. 1940 жылғы қазанда Қызыл Армия қатарына шақырылған. Әскери борышын Томск қаласында өтеп жүрген жерінен соғысқа аттанған. 31-Армияның 628-Қызыл Тулы атқыштар полкі құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысып, автоматшылар бөлімшесінің командирі болған. 1944 жылы шілде айында поляк деревнясын азат ету үшін болған ұрыста Александр Матросов ерлігін қайталап, дзоттың ауызын кеудесімен жапқан. Батырдың сүйегі Литва Республикасының Друскиненкай қаласында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылғы наурыздың 24-де оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2005 жылы Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылған. Авторы - мүсінші Сейіткерім Момыш, сәулетшісі - Рүстем Бодаубеков. Ескерткіш қалалық әскери комиссариаты ғимаратының алдында, Абай мен Қонаев көшелерінің қиылысына орнатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға