Жаңалықтар

29-шілде

Ресейде әскери-теңіз флотының күні. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Мерекелік және атаулы күндер туралы» 1980 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен шілденің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Украинада сауда қызметкерлерінің күні. Жыл сайын шілденің соңғы жексенбісінде Украинада сауда саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Молдова Констиутциясы күні. 1994 жылы 29 шілдеде ел парламенті қабылдаған. Румынияның ұлттық әнұраны күні. Тай тілінің ұлттық күні. 1999 жылы 13 шілдеде Таиланд үкіметі 29 шілдені тай тілінің ұлттық күні деп жариялады. 2000 жылы Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды. 2005 жылы  елордада жаңа саябақ ашылды. Ол Қазақстан спорткешенінің маңында Ақ Бұлақ өзенінің жағалауында орналасқан. Жалпы аумағы 11,32 га құрайды. Саябақта 2 мың 800 шаршы метрге гүл, 1800 ағаш көшеті отырғызылған, 385 шамдар орнатылған. 2 мың 146 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған ойын алаңы бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдары да бар. Спортшыларға арналған жаттығу орындары кішігірім теннис кортын, баскетбол алаңын, бадминтон ойнайтын алаңды құрайды. Саябақтың орталығында жалпы диаметрі 18 метрді құрайтын субұрқақ орналасқан. 2009 жылы Павлодар облысында Есқара ауылында жаңа мешіт ашылды. Көк күмбезді және төрт мұнаралы мешіт мектептің жанынан салынып отыр. Бұл кездейсоқ емес - мешітке Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан бұрынғы мұғалім Шайдолла Ахметовтың (1910-1943) есімі берілген. Мешіт Железин ауданы тұрғындарының қаржыларына салынып отыр, жауынгердің ұлы мен немерелері де қомақты үлес қосты. 1936 жылы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды. Орталығы - Қостанай қаласы. Бүгінгі таңда облыс құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар. 2009 жылы Павлодар облысында Есқара ауылында жаңа мешіт ашылды. Көк күмбезді және төрт мұнаралы мешіт мектептің жанынан салынып отыр. Бұл кездейсоқ емес - мешітке Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан бұрынғы мұғалім Шайдолла Ахметовтың (1910-1943) есімі берілген. Мешіт Железин ауданы тұрғындарының қаржыларына салынып отыр, жауынгердің ұлы мен немерелері де қомақты үлес қосты. 2010 жылы  Астанада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Баянауыл» кітабы жарық көрді. Көркем безендірілген ғылыми-көпшілік басылымды тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жазып шықты. Баспа 2006 жылдан «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен біздің тарихи аймақтарымызға арналған кітаптар шығарып келеді. Бұған дейін «Ұлытау», «Ойыл», «Ерейментау», «Қазығұрт», «Отырар» атты кітаптар шыққан болатын. Жамбыл Артықбаевтың кітабында Баянауыл өңірінің бұрынғы және қазіргі тарихынан сыр шертіледі. Табиғаты көркем өңірден талай марқасқа азаматтар шыққан. Таныстырылымға қатысқан зиялы қауым бұл кітап өлкетанушылар мен тарихшыларға ғана емес, өңірдің ерекшелігін білуге құмартқан бүкіл оқырман қауым үшін де пайдалы екенін атап өтті. «Баянауыл» кітабының алғашқы таралымы - 1000 дана.
21.08.2013 10:05 3134

Ресейде әскери-теңіз флотының күні. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Мерекелік және атаулы күндер туралы» 1980 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен шілденің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Украинада сауда қызметкерлерінің күні. Жыл сайын шілденің соңғы жексенбісінде Украинада сауда саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Молдова Констиутциясы күні. 1994 жылы 29 шілдеде ел парламенті қабылдаған.

Румынияның ұлттық әнұраны күні.

Тай тілінің ұлттық күні. 1999 жылы 13 шілдеде Таиланд үкіметі 29 шілдені тай тілінің ұлттық күні деп жариялады.

2000 жылы Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.

2005 жылы  елордада жаңа саябақ ашылды. Ол Қазақстан спорткешенінің маңында Ақ Бұлақ өзенінің жағалауында орналасқан. Жалпы аумағы 11,32 га құрайды. Саябақта 2 мың 800 шаршы метрге гүл, 1800 ағаш көшеті отырғызылған, 385 шамдар орнатылған. 2 мың 146 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған ойын алаңы бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдары да бар. Спортшыларға арналған жаттығу орындары кішігірім теннис кортын, баскетбол алаңын, бадминтон ойнайтын алаңды құрайды. Саябақтың орталығында жалпы диаметрі 18 метрді құрайтын субұрқақ орналасқан.

2009 жылы Павлодар облысында Есқара ауылында жаңа мешіт ашылды.

Көк күмбезді және төрт мұнаралы мешіт мектептің жанынан салынып отыр. Бұл кездейсоқ емес - мешітке Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан бұрынғы мұғалім Шайдолла Ахметовтың (1910-1943) есімі берілген.

Мешіт Железин ауданы тұрғындарының қаржыларына салынып отыр, жауынгердің ұлы мен немерелері де қомақты үлес қосты.

1936 жылы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды. Орталығы - Қостанай қаласы. Бүгінгі таңда облыс құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар.

2009 жылы Павлодар облысында Есқара ауылында жаңа мешіт ашылды.

Көк күмбезді және төрт мұнаралы мешіт мектептің жанынан салынып отыр. Бұл кездейсоқ емес - мешітке Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан бұрынғы мұғалім Шайдолла Ахметовтың (1910-1943) есімі берілген.

Мешіт Железин ауданы тұрғындарының қаржыларына салынып отыр, жауынгердің ұлы мен немерелері де қомақты үлес қосты.

2010 жылы  Астанада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Баянауыл» кітабы жарық көрді. Көркем безендірілген ғылыми-көпшілік басылымды тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жазып шықты. Баспа 2006 жылдан «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен біздің тарихи аймақтарымызға арналған кітаптар шығарып келеді. Бұған дейін «Ұлытау», «Ойыл», «Ерейментау», «Қазығұрт», «Отырар» атты кітаптар шыққан болатын. Жамбыл Артықбаевтың кітабында Баянауыл өңірінің бұрынғы және қазіргі тарихынан сыр шертіледі. Табиғаты көркем өңірден талай марқасқа азаматтар шыққан.

Таныстырылымға қатысқан зиялы қауым бұл кітап өлкетанушылар мен тарихшыларға ғана емес, өңірдің ерекшелігін білуге құмартқан бүкіл оқырман қауым үшін де пайдалы екенін атап өтті. «Баянауыл» кітабының алғашқы таралымы - 1000 дана.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға