23-шілде
2009 жылғы шілденің 23-і - 1430 хижра жылының 1-ші шағбаны. Шағбан айының 1-ші жұлдызы.
Египет Араб Республикасының Ұлттық мейрамы - Революция күні (1952). Генерал Мұхаммед Нәджіб Египетті Республика деп жариялады.
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 6-ында орнатылды.
Киттер мен дельфиндердің бүкіләлемдік күні. Бұл мереке 1986 жылы Киттер қасапқанасы халықаралық комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) 200 жылға жалғасқан аяусыздықпен қырып-жоюдан кейін, киттерді аулауға тыйым салғаннан бастап бекітілді. Тыйым бүгінгі күнге дейін өз күшінде және барлық әлемде киттерді аулауға, сондай-ақ олардың саудасына рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.
Оңтүстік Осетияда БАҚ қызметкерлерінің күні. 23 шілде кездейсоқ таңдап алынған жоқ - 1906 жылдың дәл 23 шілдесі күні Владикавказда осетия тілінде алғашқы газет «Ирон газет» («Осетия газеті») шықты.
Абхазия Туының күні. 2006 жылдың 3 маусымы күні Абхазия Президенті Сергей Багапш Халық Жиналысы - Парламентпен қабылданған «Абхазия Республикасындағы естелік және мерекелік күндер туралы» Республика Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы жылдан бастап 23 шілде Абхазия Республикасы Мемлекеттік туының күні болып жарияланды.
2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметі арасында халықаралық автомобильді тасымал жөніндегі келісімді бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлыбритания Біріккен Королдігі және Солтүстік Ирландия Үкіметі арасында халықаралық автомобильді тасымал жөніндегі келісімді бекіту туралы» Заңдарға қол қойды.
2009 жылы Қазақстанда Саяси шешімдер институты жұмыс істей бастады.
Саяси шешімдер институты елдегі саяси шешімдерге қоғамның толыққанды араласуын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Жаңа институт пікірсайыстар, брейн-сторминг, дөңгелек үстел жиындары, конференциялар, брифингтер, таныстырылымдар, қоғамдық талдаулар, пікірталастар, саяси рауттарды өткізумен айналысады. Сондай-ақ талдау және кеңес беру, қолданбалы саяси зерттеулерді және әлеуметтік сауалнамаларды жүргізу және сарапшылардың кәсіби желісін қалыптастыру мәселесі де басты назарда болады.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлеген және кепiлдiк берген азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының сөз бостандығын ақпаратты алу мен таратуды, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi бiртұтас мемлекеттiк саясатты қамтамасыз етудi және онымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы шықты.