Жаңалықтар

22-шілде

Әзірбайжанның ұлттық баспасөз күні. Елдің алғашқы басылымы - «Экинчи» газетінің жарық көрген күніне орай атап өтіледі. Әзірбайжан жаһандық ақпараттық жүйеге кіріп үлгерді. Көптеген демократиялық елдердегі сияқты Әзірбайжанда да Баспасөз жөніндегі кеңес құрылып, «БАҚ туралы» заң қабылданған. Ресейде сауда қызметкерлерінің күні. Ресейде бұл мереке екі рет атап өтіледі, біреулер оны ескі дата бойынша  - наурызда, біреулер шілде айында тойлайды. 2009 жылы Атырауда Жайық өзенінің үстімен өтетін жаңа екі көпірді пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті. Жалпы ұзындығы 800 метр болатын бір көпір «Привокзальный» шағын ауданын әуежаймен жалғастырды. Көпірдің ұзындығы - 22 метр. Көпірдегі қозғалыс төрт жолақты, оның тәулігіне 5 мың автомобильді өткізу мүмкіндігі бар. Жолаушылар үшін ені 2,5 метрлік аяқжолдар көзделген. Екінші көпір «Жилгородок» шағын ауданында қаланың еуропалық және азиялық бөліктерін қосты. Оның жалпы ұзындығы - 693 метр. Ол да тәулігіне кеміне 5 мың автомобильді өткізуге есептелген. 1943 жылы ақын, жазушы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Әлсейіт Ақпанбетұлы  дүниеге келді. Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1966-1973 жылдары - Сырдария аудандық орта мектептің мұғалімі, аудандық оқу бөлімінің әдіскері. 1973-1977 жылдары - «Мектеп» баспасының редакторы, 1977-1981 жылдары - Қазақ КСР Оқу министрлігінің инспекторы, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. 1981-1990 жылдары - Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясының редакторы. 1991 жылдан «Балдырған» республикалық балалар журналында бөлім редакторы, редакцияның алқа мүшесі болған. Жазушының «Тұңғыш кітап», «Бал дәмі», «Нұр жауған күн» поэмалар мен өлеңдері, «Той үстінде», «Қатын қашқан» әңгімелер, хикаялар, ертегілері жарық көрген. «Түңгі көбелек» аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорданың Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында, 2001 жылдан «Дүние-думан» комедиясы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қойылып келеді. 1946жылы жазушы, ақын Сейсен Мұхтарұлы дүниеге келді. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1971-1982 жылдары - Қазақ Совет энциклопедиясының аға ғылыми қызметкері. 1982-1986 жылдары - «Өнер» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі. 1992-1995 жылдары «Жалын» баспасының аға редакторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұрағаты ғылыми басылымдар бөлімінің бастығы болған. Өмірінің соңғы жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы болған. Ақынның  «Құм кескен керуен», «Саптағы сарбаз», «Тағы бір көктем», «Нұр тағысы» өлеңдер жинағы, «500 сұраққа жауап» атты өнертану, зерттеу кітабы, «Шоқан және өнер» атты ғылыми-публицистикалық кітабы және халық суретшісі Қанапия Телжанов туралы тарихи-библиографиялық «Атамекен» повесі жарық көрген.
21.08.2013 10:04 3615

Әзірбайжанның ұлттық баспасөз күні. Елдің алғашқы басылымы - «Экинчи» газетінің жарық көрген күніне орай атап өтіледі. Әзірбайжан жаһандық ақпараттық жүйеге кіріп үлгерді. Көптеген демократиялық елдердегі сияқты Әзірбайжанда да Баспасөз жөніндегі кеңес құрылып, «БАҚ туралы» заң қабылданған.

Ресейде сауда қызметкерлерінің күні. Ресейде бұл мереке екі рет атап өтіледі, біреулер оны ескі дата бойынша  - наурызда, біреулер шілде айында тойлайды.

2009 жылы Атырауда Жайық өзенінің үстімен өтетін жаңа екі көпірді пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті.

Жалпы ұзындығы 800 метр болатын бір көпір «Привокзальный» шағын ауданын әуежаймен жалғастырды. Көпірдің ұзындығы - 22 метр. Көпірдегі қозғалыс төрт жолақты, оның тәулігіне 5 мың автомобильді өткізу мүмкіндігі бар. Жолаушылар үшін ені 2,5 метрлік аяқжолдар көзделген.

Екінші көпір «Жилгородок» шағын ауданында қаланың еуропалық және азиялық бөліктерін қосты. Оның жалпы ұзындығы - 693 метр. Ол да тәулігіне кеміне 5 мың автомобильді өткізуге есептелген.

1943 жылы ақын, жазушы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Әлсейіт Ақпанбетұлы  дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1966-1973 жылдары - Сырдария аудандық орта мектептің мұғалімі, аудандық оқу бөлімінің әдіскері. 1973-1977 жылдары - «Мектеп» баспасының редакторы, 1977-1981 жылдары - Қазақ КСР Оқу министрлігінің инспекторы, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. 1981-1990 жылдары - Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясының редакторы. 1991 жылдан «Балдырған» республикалық балалар журналында бөлім редакторы, редакцияның алқа мүшесі болған. Жазушының «Тұңғыш кітап», «Бал дәмі», «Нұр жауған күн» поэмалар мен өлеңдері, «Той үстінде», «Қатын қашқан» әңгімелер, хикаялар, ертегілері жарық көрген. «Түңгі көбелек» аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорданың Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында, 2001 жылдан «Дүние-думан» комедиясы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қойылып келеді.

1946жылы жазушы, ақын Сейсен Мұхтарұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1971-1982 жылдары - Қазақ Совет энциклопедиясының аға ғылыми қызметкері. 1982-1986 жылдары - «Өнер» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі. 1992-1995 жылдары «Жалын» баспасының аға редакторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұрағаты ғылыми басылымдар бөлімінің бастығы болған. Өмірінің соңғы жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы болған.

Ақынның  «Құм кескен керуен», «Саптағы сарбаз», «Тағы бір көктем», «Нұр тағысы» өлеңдер жинағы, «500 сұраққа жауап» атты өнертану, зерттеу кітабы, «Шоқан және өнер» атты ғылыми-публицистикалық кітабы және халық суретшісі Қанапия Телжанов туралы тарихи-библиографиялық «Атамекен» повесі жарық көрген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға