Жаңалықтар

17-шілде

Ирак Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлттық Республика және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак - Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 18 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Бағдат қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - ирак динары. 1970 жылы қабылданған Конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметтерін қатар атқарады. Заң шығарушы органы - Ұлттық кеңес. Финляндияда Демократия күні. Оңтүстік Кореяда Конституция күні. Жыл сайын 17 шілде күні атап өтіледі. Бұл күні 1948 жылы елдің Конституциясы жария етілді. Оңтүстік Корея алғашқы Республикасының негізі  формальды түрде 1948 жылдың 18 тамызында қаланды. 1854 жылы  Еуропада тау қыраттары арқылы тартылған тұңғыш темір жол ашылды. Вена мен Италияны жалғап жатқан жолға теңіз деңгейінен 897 метр биіктікте ұзындығы 1430 метрлік тоннель қазылды. Жалпы жол бойында барлығы 15 тоннель болған. Қазір олардың саны 38-ге жетіп отыр. 1954 жылы Вьетнам Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Шекара 17-ші ендік бойынша белгіленді. Францияның отары болған Үндіқытайдың орнында Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам, Лаос, Камбоджа мемлекеттері құрылды. 2009 жылы Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне арналған «Қазақстан: Ғасырлар асуында» ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрді. Кітап авторы - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағындық Сатыбалдин. Жұмыс үш тараудан тұрады. «Қазақстан кеше» деп аталатын бірінші тарауда 1965-2006 жылдар аралығы қамтылса, «Қазақстан бүгін» тарауында - 2007-2008 жылдар, ал «Қазақстан ертең» деп аталатын тарауында 2009 жылдан бастап алдағы жылдар қамтылады. Кітапта КСРО-ның ыдырау себептері, өз одағын құру туралы үш славян мемлекетінің (Ресей, Беларус, Украина) шешімдеріне қатысты оқиғалар баяндалады. Кітаптың бастапқы тиражы - 1000 дана. Фотосуреттермен безендірілген 477 беттік басылым. 1955 жылы  Лос-Анджелестен (АҚШ; Калифорния штаты) оңтүстікке қарай - Анахаймда, америкалық белгілі мультипликатор Уолт Дисней балалар мен олардың ата-аналарына арналған алып ойын-сауық саябағы «Диснейлендтің» ашылуын үлкен салтанатпен атап өтті.  1868 жылы жапон астанасы Киотодан Токиоға ауыстырылды. 1775 жылы АҚШ-та дүниежүзіндегі алғашқы әскери госпиталь ашылды. 1973 жылы Ауғанстанда монархия құлатылып, ел республика ретінде жария етілді. 1976 жылы  Монреальда ХХІ Олимпиада ойындары басталды.
21.08.2013 09:52 3871

Ирак Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлттық Республика және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак - Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 18 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Бағдат қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - ирак динары. 1970 жылы қабылданған Конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметтерін қатар атқарады. Заң шығарушы органы - Ұлттық кеңес.

Финляндияда Демократия күні.

Оңтүстік Кореяда Конституция күні. Жыл сайын 17 шілде күні атап өтіледі. Бұл күні 1948 жылы елдің Конституциясы жария етілді. Оңтүстік Корея алғашқы Республикасының негізі  формальды түрде 1948 жылдың 18 тамызында қаланды.

1854 жылы  Еуропада тау қыраттары арқылы тартылған тұңғыш темір жол ашылды. Вена мен Италияны жалғап жатқан жолға теңіз деңгейінен 897 метр биіктікте ұзындығы 1430 метрлік тоннель қазылды. Жалпы жол бойында барлығы 15 тоннель болған. Қазір олардың саны 38-ге жетіп отыр.

1954 жылы Вьетнам Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Шекара 17-ші ендік бойынша белгіленді. Францияның отары болған Үндіқытайдың орнында Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам, Лаос, Камбоджа мемлекеттері құрылды.

2009 жылы Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне арналған «Қазақстан: Ғасырлар асуында» ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрді.

Кітап авторы - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағындық Сатыбалдин. Жұмыс үш тараудан тұрады. «Қазақстан кеше» деп аталатын бірінші тарауда 1965-2006 жылдар аралығы қамтылса, «Қазақстан бүгін» тарауында - 2007-2008 жылдар, ал «Қазақстан ертең» деп аталатын тарауында 2009 жылдан бастап алдағы жылдар қамтылады.

Кітапта КСРО-ның ыдырау себептері, өз одағын құру туралы үш славян мемлекетінің (Ресей, Беларус, Украина) шешімдеріне қатысты оқиғалар баяндалады.

Кітаптың бастапқы тиражы - 1000 дана. Фотосуреттермен безендірілген 477 беттік басылым.

1955 жылы  Лос-Анджелестен (АҚШ; Калифорния штаты) оңтүстікке қарай - Анахаймда, америкалық белгілі мультипликатор Уолт Дисней балалар мен олардың ата-аналарына арналған алып ойын-сауық саябағы «Диснейлендтің» ашылуын үлкен салтанатпен атап өтті. 

1868 жылы жапон астанасы Киотодан Токиоға ауыстырылды.

1775 жылы АҚШ-та дүниежүзіндегі алғашқы әскери госпиталь ашылды.

1973 жылы Ауғанстанда монархия құлатылып, ел республика ретінде жария етілді.

1976 жылы  Монреальда ХХІ Олимпиада ойындары басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға