Жаңалықтар

13-шілде

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.  Білім беру мекемелері - Алматыдағы ҰҚК Академиясы және ҚР ҰҚК-нің Әскери институты. ҰҚК Академиясының түлектері міндетті түрде шет ел тілдерін меңгеру талабымен заңгер және шұғыл әрекет етуші мамандығын алып шығады. 2007 жылы  Тараздың облыстық ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихи мұражайы ашылды. Көрмеге Кеңес өкіметі құрылған кезден осы күнге дейінгі Ұлттық Қауіпсіздік органының тарихын баяндайтын фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар, жеке заттар қойылды. 1936 жылы Жамбыл облысы ашылды және нақ сол жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанында Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жамбыл облысы бойынша бөлімі алғаш құрылды. 1978 жылы бөлім Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасы деп өзгертілді. Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін 1992 жылғы шілденің 13-де Қазақстанның Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті деп өзгертілді. 1996 жылы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басқармасының базасында Жамбыл облыстық департаменті құрылды. Экспозицияның орталық бөлігі еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарын құруда үлкен еңбек сіңірген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналды. Осы жерде еліміздің мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Ту және Қазақстан Республикасы Әнұранының мәтіні, сондай-ақ Ата заң - еліміздің Конституциясы, Жолдаулар және Қазақстан Республикасы Президентінің кітаптары, заңнамалық актілер қойылған. 2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мүше-мемлекеттерінде инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 1923 жылы Лос-Анжелесте Маунт-Ли тауының бөктерінде Hollywood жазуы пайда болды. Алғашқыда ол Hollywoodland болып жазылды және оның киноға еш қатысы болмады. Жазу жаңа тұрғын ауданының жарнамасы ретінде орнатылған болатын. Бірақ ол бірден туристердің назарын аударта бастады. Жазуды орнату, оның тапсырыс берушісі «Лос-Анджелес таймс»-тың басшысы Гарри Чандлерге 21 мың АҚШ долларына түсті. «Hollywoodland» сөзі электр шамдарымен жарықтандырылып тұрды, ал күндіз оның әріптерін 40 шақырымдық жерден көруге болды. Hollywoodland-ты бір жарым жыл ғана жарнамалау жоспарланған болатын, бірақ ол осы күнге дейін өз орнында тұр. 1949 жылы жазба қайта жөндеуден өткізіліп, оның соңғы 4 әрпі алынып тасталды. 1930 жылы Уругвайда тарихта алғаш рет футболдан Әлем чемпионаты басталды. Уругвай спорттық жарысты өткізу орны ретінде кездейсоқ таңдап алынбады. Бұл елдің құрамасы Парижде 1924 жылы өткен VIII Олимпиада ойындарының  және 1928 жылы Амстердамда өткен ІХ Олимпиаданың жеңімпазы болды. Осыдан кейін бұл латынамерикандық ел көрермендері ең танымал спорт түрі - футболдан алғашқы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.
21.08.2013 09:52 3858

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. 

Білім беру мекемелері - Алматыдағы ҰҚК Академиясы және ҚР ҰҚК-нің Әскери институты. ҰҚК Академиясының түлектері міндетті түрде шет ел тілдерін меңгеру талабымен заңгер және шұғыл әрекет етуші мамандығын алып шығады.

2007 жылы  Тараздың облыстық ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихи мұражайы ашылды.

Көрмеге Кеңес өкіметі құрылған кезден осы күнге дейінгі Ұлттық Қауіпсіздік органының тарихын баяндайтын фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар, жеке заттар қойылды. 1936 жылы Жамбыл облысы ашылды және нақ сол жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанында Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жамбыл облысы бойынша бөлімі алғаш құрылды. 1978 жылы бөлім Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасы деп өзгертілді. Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін 1992 жылғы шілденің 13-де Қазақстанның Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті деп өзгертілді. 1996 жылы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басқармасының базасында Жамбыл облыстық департаменті құрылды. Экспозицияның орталық бөлігі еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарын құруда үлкен еңбек сіңірген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналды. Осы жерде еліміздің мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Ту және Қазақстан Республикасы Әнұранының мәтіні, сондай-ақ Ата заң - еліміздің Конституциясы, Жолдаулар және Қазақстан Республикасы Президентінің кітаптары, заңнамалық актілер қойылған.

2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мүше-мемлекеттерінде инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1923 жылы Лос-Анжелесте Маунт-Ли тауының бөктерінде Hollywood жазуы пайда болды. Алғашқыда ол Hollywoodland болып жазылды және оның киноға еш қатысы болмады. Жазу жаңа тұрғын ауданының жарнамасы ретінде орнатылған болатын. Бірақ ол бірден туристердің назарын аударта бастады.

Жазуды орнату, оның тапсырыс берушісі «Лос-Анджелес таймс»-тың басшысы Гарри Чандлерге 21 мың АҚШ долларына түсті. «Hollywoodland» сөзі электр шамдарымен жарықтандырылып тұрды, ал күндіз оның әріптерін 40 шақырымдық жерден көруге болды. Hollywoodland-ты бір жарым жыл ғана жарнамалау жоспарланған болатын, бірақ ол осы күнге дейін өз орнында тұр. 1949 жылы жазба қайта жөндеуден өткізіліп, оның соңғы 4 әрпі алынып тасталды.

1930 жылы Уругвайда тарихта алғаш рет футболдан Әлем чемпионаты басталды. Уругвай спорттық жарысты өткізу орны ретінде кездейсоқ таңдап алынбады. Бұл елдің құрамасы Парижде 1924 жылы өткен VIII Олимпиада ойындарының  және 1928 жылы Амстердамда өткен ІХ Олимпиаданың жеңімпазы болды. Осыдан кейін бұл латынамерикандық ел көрермендері ең танымал спорт түрі - футболдан алғашқы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға