Жаңалықтар

11-шілде

Моңғолияның Ұлттық мейрамы - «Наадам». 1921 жылдан бастап аталып өтіледі. Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1987 жылдан бастап атап өтіледі. Сол жылы 11 шілдеде БҰҰ демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд. адамға көбейген. БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, соңғы 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Бірақ дамыған мемлекеттердің тұрғындары көбеймейді, 1,2 млрд. деңгейде тұрақталады. 2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекет тұрғындарының саны 2005 жылға қарағанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары - 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру деңгейі 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру деңгейі - 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде. 2006 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің халқы 279 миллион адамды құрайды. 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізілген ҚР Ұлттық санағының мәліметтері бойынша, ел халқының саны 16 млн. 402 мың адамға жетті. Республика аумағында 120-дан астам ұлт өкілдері (этностар мен этникалық топтар) тұрады. Дүниежүзілік шоколад күні. 1995 жылы алғашқы рет француздар шоколад күнін ойлап тапты. Шоколадты жасауды бірінші ацтектер үйренді деген пікір қалыптасқан. Олар оны «құдайлар асы» деген. Еуропаға алғаш жеткізілген Испан конкистадорлары бұл тәттіге «қара алтын» деген атау берді және оны дене күшін нығайту үшін пайдаланды. Біраз уақыттан кейін Еуропада шоколадты ақсүйектер әулеті ғана пайдаланды. Танымал әйелдер шоколадты афродизиак деп есептеді. Терезаның анасы шоколадқа құмар болды, ал Помпадур ханым шоколад қана құмарлықты оятады деп сенген. Тек 20-шы ғасырдың басында шоколадты өндіретін өндіріс пайда болғаннан бастап, ақсүйектер әулетіне жатпайтын адамдар да шоколадты рақаттана пайдаланды. Қазіргі заман ғылымының айтуы бойынша шоколадта демалуға көмек көрсететін, психологияны орнына келтіретін элементтері бар. Шоколадтың күңгірт түрі эндорфинді тудырады, эндорфин - бақыт гормоны, ол қуаныш орталығына әсер етіп, көңіл күйді жақсартады. Шоколадтың «ракқа қарсы» күшті әсері бар деген болжам да бар және ағзаның қартаюын тежейтін қасиеті бар.   2007 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен Ақтөбе облысындағы 11 ауыл және 2 ауылдық округтің атауы өзгертілді. Атап айтқанда, ауылдардың «орыс тілді» атаулары бұрынғы қазақша атауын немесе атақты ақтөбелік және қазақстандықтардың атын алды. Осылайша, Ақтөбенің іргесіндегі Новостепановка ауылы - Кеңес Нокин атындағы ауыл, Алға ауданының Березовка ауылы - Қайыңдысай ауылы, Қобда ауданының Вознесеновка, Пятигорка және Қызылту ауылдары - Қурайлы, Бестау және Егіндібұлақ ауылы деп аталатын болды. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты Қарғалы ауданының Александровка ауылына берілді. Осы ауданның тағы 2 ауылы - Эрзерум мен Бородиновка - Сарыбұлақ және Қайрақты деп өзгертілді. Сондай-ақ Мартөк ауданының Новомихайловка ауылы енді Байнассай ауылы, Казанка ауылы - Қазан ауылы, Мұғалжар ауданының Юбилейный ауылы Алтынды ауылы деп аталатын болды. Алға ауданының Ключевой округі - Үшқұдық ауылдық округі, Қобда ауданының Белогорский ауылдық округы Бестау ауылдық округі деп өзгертілді.
21.08.2013 09:51 3294

Моңғолияның Ұлттық мейрамы - «Наадам». 1921 жылдан бастап аталып өтіледі.

Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1987 жылдан бастап атап өтіледі. Сол жылы 11 шілдеде БҰҰ демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд. адамға көбейген. БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, соңғы 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Бірақ дамыған мемлекеттердің тұрғындары көбеймейді, 1,2 млрд. деңгейде тұрақталады. 2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекет тұрғындарының саны 2005 жылға қарағанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары - 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру деңгейі 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру деңгейі - 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде.

2006 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің халқы 279 миллион адамды құрайды.

2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізілген ҚР Ұлттық санағының мәліметтері бойынша, ел халқының саны 16 млн. 402 мың адамға жетті. Республика аумағында 120-дан астам ұлт өкілдері (этностар мен этникалық топтар) тұрады.

Дүниежүзілік шоколад күні. 1995 жылы алғашқы рет француздар шоколад күнін ойлап тапты. Шоколадты жасауды бірінші ацтектер үйренді деген пікір қалыптасқан. Олар оны «құдайлар асы» деген. Еуропаға алғаш жеткізілген Испан конкистадорлары бұл тәттіге «қара алтын» деген атау берді және оны дене күшін нығайту үшін пайдаланды. Біраз уақыттан кейін Еуропада шоколадты ақсүйектер әулеті ғана пайдаланды. Танымал әйелдер шоколадты афродизиак деп есептеді. Терезаның анасы шоколадқа құмар болды, ал Помпадур ханым шоколад қана құмарлықты оятады деп сенген. Тек 20-шы ғасырдың басында шоколадты өндіретін өндіріс пайда болғаннан бастап, ақсүйектер әулетіне жатпайтын адамдар да шоколадты рақаттана пайдаланды.

Қазіргі заман ғылымының айтуы бойынша шоколадта демалуға көмек көрсететін, психологияны орнына келтіретін элементтері бар. Шоколадтың күңгірт түрі эндорфинді тудырады, эндорфин - бақыт гормоны, ол қуаныш орталығына әсер етіп, көңіл күйді жақсартады. Шоколадтың «ракқа қарсы» күшті әсері бар деген болжам да бар және ағзаның қартаюын тежейтін қасиеті бар.

 

2007 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен Ақтөбе облысындағы 11 ауыл және 2 ауылдық округтің атауы өзгертілді.

Атап айтқанда, ауылдардың «орыс тілді» атаулары бұрынғы қазақша атауын немесе атақты ақтөбелік және қазақстандықтардың атын алды. Осылайша, Ақтөбенің іргесіндегі Новостепановка ауылы - Кеңес Нокин атындағы ауыл, Алға ауданының Березовка ауылы - Қайыңдысай ауылы, Қобда ауданының Вознесеновка, Пятигорка және Қызылту ауылдары - Қурайлы, Бестау және Егіндібұлақ ауылы деп аталатын болды. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты Қарғалы ауданының Александровка ауылына берілді. Осы ауданның тағы 2 ауылы - Эрзерум мен Бородиновка - Сарыбұлақ және Қайрақты деп өзгертілді. Сондай-ақ Мартөк ауданының Новомихайловка ауылы енді Байнассай ауылы, Казанка ауылы - Қазан ауылы, Мұғалжар ауданының Юбилейный ауылы Алтынды ауылы деп аталатын болды. Алға ауданының Ключевой округі - Үшқұдық ауылдық округі, Қобда ауданының Белогорский ауылдық округы Бестау ауылдық округі деп өзгертілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға