Жаңалықтар

7-шілде

Соломон аралдарының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1978). Соломон аралдары - Тынық мұхитының Меланезия құрамындағы архипелаг. Ірі аралдары: Бугенвиль, Гуадалканал, Санта-Исабель, Малаита, Сан-Кристобаль, Шуазель, Нью-Джорджия. Аралды 1568 жылы испандық теңізде жүзуші А.Менданья де Нейра ашқан болатын. Соломон аралдарының Солтүстік бөлігі Папуа - Жаңа Гвинея құрамына кіреді, көпшілігі Ұлыбританияның протектораты. Әкімшілік орталығы - Хониара қаласы. Халқы австронезия және папуас тілдерінде сөйлейді. Ақша бірлігі - Соломон аралдарының доллары. Мемлекеттік құрылысы - конституциялық монархия. 2006 жылы Астанада «Ақорда» Республикалық қозғалысының мұрындық болуымен Шұбар кентінде 100 кісілік мешіт ашылды. Қос күмбезді, егіз мұнаралы мешіттің ерлер мен әйелдерге арналған намаз залдары, кітапханасы мен киім ілетін, дәрет алатын бөлмелері бар. Алланың жердегі бұл үйі «Ақорда» қозғалысы елордада салған осымен төртінші мешіт саналады. 1982 жылы  Оралда қазақ халқының батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шертетін мемориалдық мұражай-үйі ашылды. Мәметова Мәншүк (шын есімі - Мәнсия) Жиенғалиқызы (922-1943) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Орал облысы нда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильм түсірілді. 2004 жылы  Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.       2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.       3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.
21.08.2013 09:44 3287

Соломон аралдарының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1978). Соломон аралдары - Тынық мұхитының Меланезия құрамындағы архипелаг. Ірі аралдары: Бугенвиль, Гуадалканал, Санта-Исабель, Малаита, Сан-Кристобаль, Шуазель, Нью-Джорджия. Аралды 1568 жылы испандық теңізде жүзуші А.Менданья де Нейра ашқан болатын. Соломон аралдарының Солтүстік бөлігі Папуа - Жаңа Гвинея құрамына кіреді, көпшілігі Ұлыбританияның протектораты. Әкімшілік орталығы - Хониара қаласы. Халқы австронезия және папуас тілдерінде сөйлейді. Ақша бірлігі - Соломон аралдарының доллары. Мемлекеттік құрылысы - конституциялық монархия.

2006 жылы Астанада «Ақорда» Республикалық қозғалысының мұрындық болуымен Шұбар кентінде 100 кісілік мешіт ашылды. Қос күмбезді, егіз мұнаралы мешіттің ерлер мен әйелдерге арналған намаз залдары, кітапханасы мен киім ілетін, дәрет алатын бөлмелері бар. Алланың жердегі бұл үйі «Ақорда» қозғалысы елордада салған осымен төртінші мешіт саналады.

1982 жылы  Оралда қазақ халқының батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шертетін мемориалдық мұражай-үйі ашылды.

Мәметова Мәншүк (шын есімі - Мәнсия) Жиенғалиқызы (922-1943) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

Орал облысы нда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильм түсірілді.

2004 жылы  Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға