Жаңалықтар

6-шілде

Қазақстанның астанасы - Астана күні. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі. Комор Аралдары Федеративтік Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік жарияланған күні (1975). Комор - Үнді мұхитының Мозамбик бұғазындағы аралдар тобында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 4 округке бөлінеді. Астанасы - Морони қаласы. Ресми тілі - француз және араб тілдері. Ақша бірлігі - комор франкі. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. Малави Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Малави - Оңтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Замбиямен, оңтүстігі мен шығысында Мозамбикпен шектеседі. Астанасы - Лилонгве қаласы. Ресми тілі - ағылшын және ньянджа тілдері. Ақша бірлігі - квача. Конституциясы бойынша мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс. Ян Густы еске алу күні (Чехия). 590 жыл бұрын (1415) Констанцыдағы шіркеу соборының шешімімен чех реформаторы Ян Гус инквизиция отына өртелді. Прага университетінің ректоры болған, ол өз елін немістердің баса-көктеп билеуіне, католик дінінің ықпалының артуына қарсы шыққан еді. Бүкіләлемдік сүйісу (өбісу) күні. Аталмыш күнді алғаш ағылшындар ойлап шығарған. Кейінірек ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген. Дәрігерлердің пікірінше сүйісудің адам баласы үшін пайдалы жақтары өте мол. Медициналық сараптамалардың қорытындысына қарағанда өбісу сәтінде адамның қан айналымы жақсарып, өмір сүруінің ұзаруына әсер етеді екен. 1940 жылы мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғары Әскери Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, экономика ғылымдарымың докторы, профессор, көптеген ТМД, шетел университеттері мен институттарының академигі және құрметті профессоры, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, көптеген ТМД, шетел университеттері мен институттарының академигі және құрметті профессоры НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы дүниеге келді.  Ол Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 пайыз) жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 пайыз дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді. 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз даусын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
21.08.2013 09:44 4109

Қазақстанның астанасы - Астана күні. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі.

Комор Аралдары Федеративтік Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік жарияланған күні (1975). Комор - Үнді мұхитының Мозамбик бұғазындағы аралдар тобында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 4 округке бөлінеді. Астанасы - Морони қаласы. Ресми тілі - француз және араб тілдері. Ақша бірлігі - комор франкі. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент.

Малави Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Малави - Оңтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Замбиямен, оңтүстігі мен шығысында Мозамбикпен шектеседі. Астанасы - Лилонгве қаласы. Ресми тілі - ағылшын және ньянджа тілдері. Ақша бірлігі - квача. Конституциясы бойынша мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс.

Ян Густы еске алу күні (Чехия). 590 жыл бұрын (1415) Констанцыдағы шіркеу соборының шешімімен чех реформаторы Ян Гус инквизиция отына өртелді. Прага университетінің ректоры болған, ол өз елін немістердің баса-көктеп билеуіне, католик дінінің ықпалының артуына қарсы шыққан еді.

Бүкіләлемдік сүйісу (өбісу) күні. Аталмыш күнді алғаш ағылшындар ойлап шығарған. Кейінірек ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген. Дәрігерлердің пікірінше сүйісудің адам баласы үшін пайдалы жақтары өте мол. Медициналық сараптамалардың қорытындысына қарағанда өбісу сәтінде адамның қан айналымы жақсарып, өмір сүруінің ұзаруына әсер етеді екен.

1940 жылы мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғары Әскери Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, экономика ғылымдарымың докторы, профессор, көптеген ТМД, шетел университеттері мен институттарының академигі және құрметті профессоры, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, көптеген ТМД, шетел университеттері мен институттарының академигі және құрметті профессоры НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы дүниеге келді.  Ол Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 пайыз) жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 пайыз дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді. 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз даусын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға