Жаңалықтар

27-маусым

Джибути Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1977). Джибути - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Шекарасы Эфиопиямен, Сомалимен және шығысында Аден шығанағымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 5 округке бөлінеді. Астанасы - Джибути қаласы. Ресми тілдері - француз және араб тілдері. Ақша бірлігі - джибути франкі. Елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Депутаттар палатасы. Бүкіләлемдік балықшылар күні. 1984 жылдың шілде айынан бастап Балық аулауды бақылау және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі. Тәжікстанның ұлттық бірлігі күні. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды. 2007 жылы Алматыда «Домбыра» деп аталатын жаңа журнал жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Музыка саласында қазақ тілінде алғаш рет шығып отырған бұл журнал ұлттық музыка өнерін, әдебиеті мен тарихын, философиясы мен психологиясын, педагогикасын насихаттаумен қатар, олардың рухани астарлары осы бір киелі аспап үнімен байланысты екенін айтуды көздейді. 2005 жылы Бүкіләлемдік кеден ұйымының Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-ші және 106-шы сессиясында Қазақстан Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланды. Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясы 1978 жылы құрылды. Оның құрамына 17-ден аса Бүкіләлемдік кеден ұйымы белсенді мүше-мемлекеттер аймақтық негіз ретінде екі жылдық мерзімге сайланады. Бұл ұйым бүкіләлемдік кеден жүйесінің қызметі мен даму сұрақтарын қарайды: халықаралық конвенцияларды жаңарту және енгізу, кеден ісі саласындағы басқа да құқықтық құралдарын өңдейді. 1615 жылы  Еуропаға алғаш рет шай импортталды. 1967 жылы  Энфилдте (Англия) әлемдегі ең алғашқы қолма-қол ақша беретін банкомат орнатылды. 1919 жылы  домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Темірбек Ахметов дүниеге келді. Ол 1937-1952 жылдарда Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің солист-домбырашысы болған. Оның «Жетім бала», «Екпін», «Терісқақпай», «Шернияз» атты күйлері бар. Композитор күйлерінің ерекшелігі көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) орындалады. 2006 жылы  Алматыда Қазақстан мен Ресей Президенттерінің ұйымдастыруымен құрылған Еуразия даму банкі өз жұмысын бастады.
21.08.2013 09:32 3912

Джибути Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1977). Джибути - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Шекарасы Эфиопиямен, Сомалимен және шығысында Аден шығанағымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 5 округке бөлінеді. Астанасы - Джибути қаласы. Ресми тілдері - француз және араб тілдері. Ақша бірлігі - джибути франкі. Елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Депутаттар палатасы.

Бүкіләлемдік балықшылар күні. 1984 жылдың шілде айынан бастап Балық аулауды бақылау және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.

Тәжікстанның ұлттық бірлігі күні. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды.

2007 жылы Алматыда «Домбыра» деп аталатын жаңа журнал жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Музыка саласында қазақ тілінде алғаш рет шығып отырған бұл журнал ұлттық музыка өнерін, әдебиеті мен тарихын, философиясы мен психологиясын, педагогикасын насихаттаумен қатар, олардың рухани астарлары осы бір киелі аспап үнімен байланысты екенін айтуды көздейді.

2005 жылы Бүкіләлемдік кеден ұйымының Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-ші және 106-шы сессиясында Қазақстан Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланды.

Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясы 1978 жылы құрылды. Оның құрамына 17-ден аса Бүкіләлемдік кеден ұйымы белсенді мүше-мемлекеттер аймақтық негіз ретінде екі жылдық мерзімге сайланады. Бұл ұйым бүкіләлемдік кеден жүйесінің қызметі мен даму сұрақтарын қарайды: халықаралық конвенцияларды жаңарту және енгізу, кеден ісі саласындағы басқа да құқықтық құралдарын өңдейді.

1615 жылы  Еуропаға алғаш рет шай импортталды.

1967 жылы  Энфилдте (Англия) әлемдегі ең алғашқы қолма-қол ақша беретін банкомат орнатылды.

1919 жылы  домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Темірбек Ахметов дүниеге келді. Ол 1937-1952 жылдарда Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің солист-домбырашысы болған. Оның «Жетім бала», «Екпін», «Терісқақпай», «Шернияз» атты күйлері бар. Композитор күйлерінің ерекшелігі көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) орындалады.

2006 жылы  Алматыда Қазақстан мен Ресей Президенттерінің ұйымдастыруымен құрылған Еуразия даму банкі өз жұмысын бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға