Жаңалықтар

24-маусым

Шотландияның тәуелсіздік күні. 1314 жылғы маусымның 24-де Шотландияның королі Роберт Брюс Баннокберндегі шайқаста ағылшын королі ІІ Эдуардтың әскерін жеңіп, өз елінің тәуелсіздігін орнатты. 1938 жылы  1937 жылы наурыздың 26-ында қабылданған Қазақ КСР Конституциясына сәйкес алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Кеңес мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып табылып, республикаға қатысты кез-келген мәселені шешуге және өз қарауына алуға өкілетті болды. 1995 жылы тамыздың 30-ында жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Парламенті бекітілді. 2009 жылы  «Қазақмыс» тобы Балқаш металлургия өндірісінің бағалы металдар цехында құйма күмістерді құю бойынша жаңа желіні іске қосты. Бұл жоба «Қазақмыс» тобы инновациялық бағдарламалары аясында іске асырылды. Жаңа желіні орнатуға 625 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартылды. Бір құйманың салмағы халықаралық стандартқа сәйкес 1 000 унцийді немесе 31,1 келіні құрайды. Құйма күмістерді құю бойынша қондырғының өндірістік қуаты жылына 500-600 тоннаны құрайды. 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға қол қойды. Заң жер пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жүйелеуге және одан әрі жетілдіруге бағытталған.  2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысында Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегінің іске қосылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы зауыттың екінші кезегінің іске қосылуына арнайы келгендігін атап көрсетті. 1940 жылы  ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Сейіт Қасқабасов дүниеге келді. Ол Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, КСРО Ғылым Академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған. 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Жамбыл атындағы, Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты.
21.08.2013 09:26 3026

Шотландияның тәуелсіздік күні. 1314 жылғы маусымның 24-де Шотландияның королі Роберт Брюс Баннокберндегі шайқаста ағылшын королі ІІ Эдуардтың әскерін жеңіп, өз елінің тәуелсіздігін орнатты.

1938 жылы  1937 жылы наурыздың 26-ында қабылданған Қазақ КСР Конституциясына сәйкес алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Кеңес мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып табылып, республикаға қатысты кез-келген мәселені шешуге және өз қарауына алуға өкілетті болды. 1995 жылы тамыздың 30-ында жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Парламенті бекітілді.

2009 жылы  «Қазақмыс» тобы Балқаш металлургия өндірісінің бағалы металдар цехында құйма күмістерді құю бойынша жаңа желіні іске қосты.

Бұл жоба «Қазақмыс» тобы инновациялық бағдарламалары аясында іске асырылды. Жаңа желіні орнатуға 625 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартылды. Бір құйманың салмағы халықаралық стандартқа сәйкес 1 000 унцийді немесе 31,1 келіні құрайды. Құйма күмістерді құю бойынша қондырғының өндірістік қуаты жылына 500-600 тоннаны құрайды.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға қол қойды. Заң жер пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жүйелеуге және одан әрі жетілдіруге бағытталған.

 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысында Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегінің іске қосылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы зауыттың екінші кезегінің іске қосылуына арнайы келгендігін атап көрсетті.

1940 жылы  ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Сейіт Қасқабасов дүниеге келді. Ол Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, КСРО Ғылым Академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған. 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Жамбыл атындағы, Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға