Жаңалықтар

22-маусым

Еске алу және аза тұту күні. Ұлы Отан соғысының басталған күні (1941). 71 жыл бұрын (1941) Германия Кеңес Одағына басып кірді. Дәл осы күні Ұлыбританияның Премьер-Министрі У.Черчиль фашистік Германияға қарсы соғыста Кеңес Одағына қолдау көрсететіндігін мәлімдеді. Қазақстаннан майданға 1 196 164 адам аттанды. 1994 жылы А.Селезнев атындағы Алматы би өнері училищесінің негізінде Алматы би өнері мектебі ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін мектеп Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының құрамына би өнері факультеті болып қосылды. 2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған. 1992 жылы  Қазақстан мен Қытай арасында темір жол магистралі ашылды. Ол  «Жібек жолы» халықаралық жолаушылар пойызы Алматыдан Үрімшіге сапар шекті. 2010 жылы  Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында болып жатқан экономикалық үрдістерді талдаудың геоақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл жүйе қор қызметі, шағын және орта кәсіпкерлік саласы мен макро және микроэкономикалық  үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және микроэкономикалық  үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және талдамалық ақпаратты интерактивті түрде ұсынатын бірегей жүйе болып табылады. 2006 жылы Астанадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығында профессор, «Мемориалды аймақ» іздестіру тобының жетекшісі Майдан Құсайыновтың «Үміт» мемориалдық аймағы» атты еңбегінің таныстырылымы болды. Аталмыш еңбекте Ленинград шайқасы кезінде қаза болған жауынгерлерді іздестіру жұмыстары бойынша барлық материалдар топтастырылып, «Үміт» мемориалды аймағында орнатылған жол нұсқаушы белгілер, жеке заттары бойынша табылған 404 жауынгердің есімдері, сондай-ақ ТМД елдеріндегі 67 іздестіру тобының тізімі берілген. Іс-шара барысында іздестіру тобының бірқатар мүшелері мақтау қағаздарымен марапатталып, кейбір журналистер «Мемориалды аймақ» тобының арнайы алқасына ие болды. Айта кетер жәйт, Майдан Құсайынов 17 жыл бойы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде құрылған «Мемориалды аймақ» іздестіру тобына жетекшілік етіп келеді. Осы уақыттың ішінде аталмыш топтың бастауымен жүздеген жауынгердің мәйіті табылып, көпке дейін беймәлім болып келген есімдер анықталды. Оның айтуынша, кітап жазылғаннан бері Ленинград түбінде тағы 33 жауынгердің мәйіті табылды. «ҚазАқпарат»
21.08.2013 09:26 2944

Еске алу және аза тұту күні. Ұлы Отан соғысының басталған күні (1941). 71 жыл бұрын (1941) Германия Кеңес Одағына басып кірді. Дәл осы күні Ұлыбританияның Премьер-Министрі У.Черчиль фашистік Германияға қарсы соғыста Кеңес Одағына қолдау көрсететіндігін мәлімдеді. Қазақстаннан майданға 1 196 164 адам аттанды.

1994 жылы А.Селезнев атындағы Алматы би өнері училищесінің негізінде Алматы би өнері мектебі ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін мектеп Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының құрамына би өнері факультеті болып қосылды.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған.

1992 жылы  Қазақстан мен Қытай арасында темір жол магистралі ашылды. Ол  «Жібек жолы» халықаралық жолаушылар пойызы Алматыдан Үрімшіге сапар шекті.

2010 жылы  Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында болып жатқан экономикалық үрдістерді талдаудың геоақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл жүйе қор қызметі, шағын және орта кәсіпкерлік саласы мен макро және микроэкономикалық  үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және микроэкономикалық  үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және талдамалық ақпаратты интерактивті түрде ұсынатын бірегей жүйе болып табылады.

2006 жылы Астанадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығында профессор, «Мемориалды аймақ» іздестіру тобының жетекшісі Майдан Құсайыновтың «Үміт» мемориалдық аймағы» атты еңбегінің таныстырылымы болды. Аталмыш еңбекте Ленинград шайқасы кезінде қаза болған жауынгерлерді іздестіру жұмыстары бойынша барлық материалдар топтастырылып, «Үміт» мемориалды аймағында орнатылған жол нұсқаушы белгілер, жеке заттары бойынша табылған 404 жауынгердің есімдері, сондай-ақ ТМД елдеріндегі 67 іздестіру тобының тізімі берілген. Іс-шара барысында іздестіру тобының бірқатар мүшелері мақтау қағаздарымен марапатталып, кейбір журналистер «Мемориалды аймақ» тобының арнайы алқасына ие болды. Айта кетер жәйт, Майдан Құсайынов 17 жыл бойы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде құрылған «Мемориалды аймақ» іздестіру тобына жетекшілік етіп келеді. Осы уақыттың ішінде аталмыш топтың бастауымен жүздеген жауынгердің мәйіті табылып, көпке дейін беймәлім болып келген есімдер анықталды. Оның айтуынша, кітап жазылғаннан бері Ленинград түбінде тағы 33 жауынгердің мәйіті табылды.

«ҚазАқпарат»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға