Жаңалықтар

19-маусым

Алжирдің революция күні (1965). Алжир Халық Демократиялық Республикасы Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливиямен, Туниспен шектеседі. Әкімшілік жағынан 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар. Кувейт мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1961). Кувейт Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан. Астанасы - Әл-Кувейт. Ресми тілі - араб тілі. Діні - исламның сүннит және шиит тармақтары. Ақша бірлігі - Кувейт динары. Кувейт - Конституциялы монархия. 1962 жылғы қараша айында қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы Кувейт әмірі. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент) 4 жылға сайланған 50 депутаттан және әмір тағайындаған үкіметтің 25 мүшесінен тұрады. Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қаңтардың 1-інде орнатылды. 2001 жылы Қазақстанда 184,5 шақырымдық Ақсу-Дегелең темір жолы іске қосылды. 1997 жылы  «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi мыналар: Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi; шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы; шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады. 2007 жылы Алматыда тұңғыш рет қарт адамдарға арналған «Үшінші ұрпақ мектебі» ашылды. Жоба қалалық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің қолдауымен жұмыс істей бастады. Мектеп зейнеткерлерге арналған экология және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы, заңға сүйенген сауаттылықты жоғарлату, өздерінің денсаулығы туралы жаңа білімдерді алуға көмектесетін тегін курстарды өткізеді. «Үшінші ұрпақ мектебінің» ашылуы қарт адамдардың мәселелерін көтеріп ғана қоймай, оларды шешуге бағытталған мемлекет тарапынан қаржыландырылған алғашқы іс-әрекет. 1884 жылы  қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның  еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаев дүниеге келді. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. К.Әзірбаев - қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы еді. Әр жырды әуелі ата анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастады. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан» әндерін шығарып, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлады. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып,  айтысқа түсті, ән сайысына араласты. Мемлекет қайраткерлері О.Жандосов, Ж.Бәрібаев, Т.Бокин, тағы басқалармен таныс-біліс болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып, ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеңісін жырлады. «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. 50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандары туды. 150-дей  ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері зор болды.  Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алды. Ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналды. К.Әзірбаев сондай-ақ Қарағанды кеншілерінің, Балқаш мыс қорытушыларының, Шымкент қорғасыншыларының, Каспий балықшыларының, Түрксіб  темір жол құрылысшыларының арасында болып, сол алып құрылыстардың жетістіктерін шабытпен жырлады. Композитордың ән шығармашылығының негізгі тақырыбы - ел өмірі. Ол ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оған өз үлесін қосып отырды. Әзірбаевтің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері  А.Жұбанов, Б.Ерзакович еңбектер жазды.  Әзірбаев айтыс жанрына  ерте араласып, Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Бопипа, Есдәулет ақындармен сөз жарысына түсті. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер-ұстаз да  бола білді. Оның «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез», «Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз», «Жамбыл - жыр» атты толғау, дастандары бар. Бұл шығармалары - ақынның эпикалық дәстүрге құрылған көркем дүниелері. К.Әзірбаев халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын есінде мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық мұралар Қазақстан Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы. Ол - жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырауы. Бұған екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары айғақ. Бұл туындылары әлденше рет жинақ болып жарияланды. 1984 жылы ақынның 100 жылдық мерекесі өткізілді. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді. Деректі кино-телефильмдер түсірілді. Кенен Әзірбаевтің есімі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қасық орта мектебіне, Алматы қаласындағы бір көшеге, Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген. Алматы консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Әзірбаев атындағы степендия берілген. Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған мекен Кенен ауылы атанады. Онда К.Әзірбаевтің мұражай үйі жұмыс істейді. «Еңбек Қызыл Ту», 2-і мәрте «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
21.08.2013 09:23 3123

Алжирдің революция күні (1965). Алжир Халық Демократиялық Республикасы Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливиямен, Туниспен шектеседі. Әкімшілік жағынан 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар.

Кувейт мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1961). Кувейт Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан. Астанасы - Әл-Кувейт. Ресми тілі - араб тілі. Діні - исламның сүннит және шиит тармақтары. Ақша бірлігі - Кувейт динары. Кувейт - Конституциялы монархия. 1962 жылғы қараша айында қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы Кувейт әмірі. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент) 4 жылға сайланған 50 депутаттан және әмір тағайындаған үкіметтің 25 мүшесінен тұрады. Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қаңтардың 1-інде орнатылды.

2001 жылы Қазақстанда 184,5 шақырымдық Ақсу-Дегелең темір жолы іске қосылды.

1997 жылы  «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi мыналар: Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi; шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы; шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

2007 жылы Алматыда тұңғыш рет қарт адамдарға арналған «Үшінші ұрпақ мектебі» ашылды. Жоба қалалық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің қолдауымен жұмыс істей бастады.

Мектеп зейнеткерлерге арналған экология және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы, заңға сүйенген сауаттылықты жоғарлату, өздерінің денсаулығы туралы жаңа білімдерді алуға көмектесетін тегін курстарды өткізеді.

«Үшінші ұрпақ мектебінің» ашылуы қарт адамдардың мәселелерін көтеріп ғана қоймай, оларды шешуге бағытталған мемлекет тарапынан қаржыландырылған алғашқы іс-әрекет.

1884 жылы  қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның  еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаев дүниеге келді. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. К.Әзірбаев - қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы еді. Әр жырды әуелі ата анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастады. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан» әндерін шығарып, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлады. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып,  айтысқа түсті, ән сайысына араласты. Мемлекет қайраткерлері О.Жандосов, Ж.Бәрібаев, Т.Бокин, тағы басқалармен таныс-біліс болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып, ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеңісін жырлады. «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. 50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандары туды. 150-дей  ән толғап, оның өлеңін жазды.

Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері зор болды.  Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алды. Ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналды. К.Әзірбаев сондай-ақ Қарағанды кеншілерінің, Балқаш мыс қорытушыларының, Шымкент қорғасыншыларының, Каспий балықшыларының, Түрксіб  темір жол құрылысшыларының арасында болып, сол алып құрылыстардың жетістіктерін шабытпен жырлады.

Композитордың ән шығармашылығының негізгі тақырыбы - ел өмірі. Ол ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оған өз үлесін қосып отырды. Әзірбаевтің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері  А.Жұбанов, Б.Ерзакович еңбектер жазды. 

Әзірбаев айтыс жанрына  ерте араласып, Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Бопипа, Есдәулет ақындармен сөз жарысына түсті. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер-ұстаз да  бола білді. Оның «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез», «Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз», «Жамбыл - жыр» атты толғау, дастандары бар. Бұл шығармалары - ақынның эпикалық дәстүрге құрылған көркем дүниелері. К.Әзірбаев халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын есінде мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық мұралар Қазақстан Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.

Ол - жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырауы. Бұған екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары айғақ. Бұл туындылары әлденше рет жинақ болып жарияланды.

1984 жылы ақынның 100 жылдық мерекесі өткізілді. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді. Деректі кино-телефильмдер түсірілді.

Кенен Әзірбаевтің есімі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қасық орта мектебіне, Алматы қаласындағы бір көшеге, Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген. Алматы консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Әзірбаев атындағы степендия берілген. Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған мекен Кенен ауылы атанады. Онда К.Әзірбаевтің мұражай үйі жұмыс істейді. «Еңбек Қызыл Ту», 2-і мәрте «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға