Жаңалықтар

15-маусым

Әзірбайжан Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлттық Құтқару күні. Гейдар Әлиевтің билік басына қайта келуі құрметіне орай, ел Парламентінің 1997 жылғы маусымның 27-дегі шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі. Әзірбайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения, Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Ресми тілі - әзірбайжан тілі. Ақша бірлігі - манат. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Тұрақты парламент.    Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-де орнатылды. Қырғызстан өрт сөндіру қызметкерлерінің күні. 1994 жылғы қазанның 28-де Қырғызстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген. 2001 жылы  «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.  Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген. Ұймға 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым. Ынтымақтастық ұйым Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 1924 жылы  ақын, аудармашы Әбдікәрім Ахметов дүниеге келді. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Лепсі педагогикалық училищесін, Алматы жоғары партия мектебін, Харьков әскери-медициналық училищесін бітірген. 1943-1950 жылдары әскер қатарында қызмет жасап, Германиядағы кеңестік қарулы күштер сапында, шекара округінде офицерлік қызмет атқарды. Елге оралған соң «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы бөлімшелерінде, Көркем әдебиет баспасында қызмет етті. Біраз уақыт «Жазушы» баспасының аға редакторы болды. Шығармалары 1939 жылдан жарық көре бастаған ақынның алғашқы кітабы «Өлеңдер» деген атпен шықты. Оның «Толқындағы өмір», «Салқын самал», «Ашық аспан», «Маржандария», т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Көркем аударма саласында Л.Украинканың, С.Маршактың, Г.Зелинскийдің, В.Федоровтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. 1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап қылып бастырды.Бірнеше жауынгерлік-әскери медальмен марапатталған.
21.08.2013 09:20 3579

Әзірбайжан Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлттық Құтқару күні. Гейдар Әлиевтің билік басына қайта келуі құрметіне орай, ел Парламентінің 1997 жылғы маусымның 27-дегі шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі. Әзірбайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения, Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Ресми тілі - әзірбайжан тілі. Ақша бірлігі - манат. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Тұрақты парламент.  

 Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-де орнатылды.

Қырғызстан өрт сөндіру қызметкерлерінің күні. 1994 жылғы қазанның 28-де Қырғызстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген.

2001 жылы  «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.  Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген. Ұймға 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым. Ынтымақтастық ұйым Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді.

1924 жылы  ақын, аудармашы Әбдікәрім Ахметов дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Лепсі педагогикалық училищесін, Алматы жоғары партия мектебін, Харьков әскери-медициналық училищесін бітірген. 1943-1950 жылдары әскер қатарында қызмет жасап, Германиядағы кеңестік қарулы күштер сапында, шекара округінде офицерлік қызмет атқарды. Елге оралған соң «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы бөлімшелерінде, Көркем әдебиет баспасында қызмет етті. Біраз уақыт «Жазушы» баспасының аға редакторы болды.

Шығармалары 1939 жылдан жарық көре бастаған ақынның алғашқы кітабы «Өлеңдер» деген атпен шықты. Оның «Толқындағы өмір», «Салқын самал», «Ашық аспан», «Маржандария», т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Көркем аударма саласында Л.Украинканың, С.Маршактың, Г.Зелинскийдің, В.Федоровтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. 1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап қылып бастырды.Бірнеше жауынгерлік-әскери медальмен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға