Жаңалықтар

11-маусым

1918 жылы  «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.  2007 жылы Өскеменнің төрт орталық көшесі жаңа атаулармен өзгертілді. Бұрынғы Ленин даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы, Қызыл Қыран жағалауы - Александр Протозанов атындағы көше деп аталды. Текстильщиктер даңғылы - академик Қаныш Сәтбаевтың, Ермак көшесі - Жақыпбек Малдыбаевтың есімдеріне ие болды. Бұдан басқа қаланың орталық алаңы - Республика алаңы, ал қалалық саябақ - «Жастар» саябағы деп аталды. Қаланың тағы бір көшесі Панкратьев бағының негізін қалаған Густав Винтениустің, солтүстік жағалауда салынып жатқан жаңа даңғыл Ілияс Есенберлиннің есімдерін иеленді. 1992 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды. 1999 жылы  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. 1939 жылы  кинооператор, кинорежиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Алмас Байұзақов дүниеге келді. Ол «Советтік Қазақстан» киножурналы үшін 100-ден аса сюжет, 20-дан аса фильм түсірді. Олардың көпшілігі бүкілодақтық кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болып, жақсы бағасын алды. Кинопублицистиканың озық үлгісі болып табылатын өзінің көптеген хроникалық-деректі фильмдеріне елінің тарихы мен еліне елеулі азаматтардың ғұмырын арқау өтті. А.Байұзақов «Сәкен Сейфуллин. өмірі мен өнері», Л.Мирзоян туралы «Партия мен халыққа жау болған жоқ», чекист С.Жақыпов тралы «№ 0239-шы істің парақтары» атты фильмдер түсірді.
21.08.2013 09:20 3871

1918 жылы  «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. 

2007 жылы Өскеменнің төрт орталық көшесі жаңа атаулармен өзгертілді. Бұрынғы Ленин даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы, Қызыл Қыран жағалауы - Александр Протозанов атындағы көше деп аталды. Текстильщиктер даңғылы - академик Қаныш Сәтбаевтың, Ермак көшесі - Жақыпбек Малдыбаевтың есімдеріне ие болды.

Бұдан басқа қаланың орталық алаңы - Республика алаңы, ал қалалық саябақ - «Жастар» саябағы деп аталды. Қаланың тағы бір көшесі Панкратьев бағының негізін қалаған Густав Винтениустің, солтүстік жағалауда салынып жатқан жаңа даңғыл Ілияс Есенберлиннің есімдерін иеленді.

1992 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды.

1999 жылы  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

1939 жылы  кинооператор, кинорежиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Алмас Байұзақов дүниеге келді. Ол «Советтік Қазақстан» киножурналы үшін 100-ден аса сюжет, 20-дан аса фильм түсірді. Олардың көпшілігі бүкілодақтық кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болып, жақсы бағасын алды. Кинопублицистиканың озық үлгісі болып табылатын өзінің көптеген хроникалық-деректі фильмдеріне елінің тарихы мен еліне елеулі азаматтардың ғұмырын арқау өтті. А.Байұзақов «Сәкен Сейфуллин. өмірі мен өнері», Л.Мирзоян туралы «Партия мен халыққа жау болған жоқ», чекист С.Жақыпов тралы «№ 0239-шы істің парақтары» атты фильмдер түсірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға