8-маусым
Бүкіләлемдік мұхиттар күні. Мереке 1992 жылы Рио де Жанейрода өткен жоғары деңгейдегі Халықаралық саммитте қабылданған. Дегенмен бұл мерекені әлі күнге дейін БҰҰ бекіткен жоқ, бірақ Халықаралық мұхитқа еш қатысы жоқ адамдар да атап өтеді. Егер бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымымен ресми түрде қабылданса, адамзат барлық адамдар күшімен табиғатты жақсырақ күйінде сақтап қалуға мүмкіндік алады. Мұхиттың флорасы мен фаунасына қамқорлық көрсету оның көптеген мекендеушілерінің жойылып кетуінің алдын алу болып табылады.
1924 жылы патша үкіметінің «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы» жарлығымен Көкшетау округі құрылды.
1992 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігі құрылды.
1869 жылы Чикаголық Айвз Макгаффни әлемдегі алғашқы шаңсорғышты жасап шығарды. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде ременмен қозғалатын желдеткішке жалғанған тұтқа орнатылған болатын. Бүгінгі таңда үй шаруашылығына аса қажетті жабдықтың біріне айналған шаңсорғыштың бастапқы құны 25 АҚШ долларын құрады.
2005 жылы Қостанайда Қазақстан және Ресей шекара құрама жетекшілері арасында шекараны бірлесіп қорғау туралы ынтымақтастық келісім-шартқа қол қойылды. Келісім-шартта есірткі қылмысына, халықаралық лаңкестікке, контрабандаға қарсы ынтымақтастық сұрақтары бойынша мәселелер алдын ала келісілген. Сонымен бiрге шекара және көші-қон заңындағы өзгерiстер туралы ақпарат айырбастаулар ескерiлген.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй қатынастары саласындағы азаматтардың мемлекеттік кепілдіктерін нығайтуға, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын, адамдардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және кондоминиум нысандарын басқару формаларын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2006 жылы «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі қазақ тіліндегі тұңғыш пошталық сервер мен іздеу жүйесін іске қосты. Қазақ тілді пошталық сервер латын әрпінде де қызмет көрсетеді: латын әрпінің қазақша үлгісі ретінде ҚазАқпарат агенттігі қолданысқа енгізіп үлгерген академик Әбдуәли Қайдаровтың нұсқасы алынды. Тұңғыш қазақ тіліндегі серверді: http://mail.qazaq.kz, ал іздеу жүйесін: www.qazaq.kz/izdew.php бойынша табуға болады.