Жаңалықтар

2-маусым

Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. Осыдан 56 жыл бұрын 1955 жылғы маусымның 2-сінде КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының директивасымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұйымдастыру-штаттық құрылымы бекітілген болатын. Міне, содан бері, маусымның 2-сі - Байқоңырдың туған күні және ғарыш айлағының күні тойланады. Рағайып түні - Мұхаммед пайғамбардың ата-анасының үйленген күні (бейсенбіден жұмаға қараған түн) (2011 жылғы маусымның 2-сінен 3-іне қараған түн - 1432 хижра жылының 5-6-ы ережебі) - мұсылман мерекесі. Әзірбайжанда азаматтық авиация күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2006 жылғы мамырдың 18-дегі Жарлығына сәйкес жыл сайын атап өтеді. 1938 жылғы маусымның 2-інде Әзірбайжан Республикасында алғашқы авиация тобы құрылып, азаматтық авиацияның қалыптасуына негіз болды. Жаңа Зеландияның мемлекеттік мейрамы - Патшайымның туған күні. Маусым айының бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Италия Республикасының Ұлттық мейрамы - Республиканың құрылған күні (1946). Италия - Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апенин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 20 облысқа бөлінеді. Оның бесеуі Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д´Аоста, Фриули-Венеция-Джулия ерекше автономиялық мәртебеге ие. Сонымен қатар Италия аумағында тәуелсіз Ватикан және Сан-Марино мемлекеттері орналасқан. Астанасы - Рим қаласы. Ресми тілі - итальян тілі. Ақша бірлігі - еуро. Италия - парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Республика сенаты және Депутаттар палатасы. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Қазақстан Республикасы мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 12-де орнатылды. 1955 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу сынақ полигоны, қазіргі «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргетасы қаланды. «Байқоңыр» ғарыш айлағы 6 млн. 227 мың гектар аумақты қамтиды. Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандары жер көлемін және зымыран тасымалдағыштан бөлінген бөлшектердің түсу аймақтарын қоса есептегенде ғарыш айлағы 4 млн. гектардан астам жерді алып жатыр. Бүгінде ғарыш айлағында 15 ұшыру қондырғысы, 9 бастама жинағы, 11 құрастыру-сынау тұрқы бар. Байқоңырдан ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. 2004 жылдан Қазақстанның ғарыш қызметіне қатысуының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған келісімде «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру мерзімін ұзартумен қатар Ресей ғарыш саласының қолдауымен Қазақстанның ғарыш жобаларын жүзеге асыру қарастырылған.
21.08.2013 09:10 3375

Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. Осыдан 56 жыл бұрын 1955 жылғы маусымның 2-сінде КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының директивасымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұйымдастыру-штаттық құрылымы бекітілген болатын. Міне, содан бері, маусымның 2-сі - Байқоңырдың туған күні және ғарыш айлағының күні тойланады.

Рағайып түні - Мұхаммед пайғамбардың ата-анасының үйленген күні (бейсенбіден жұмаға қараған түн) (2011 жылғы маусымның 2-сінен 3-іне қараған түн - 1432 хижра жылының 5-6-ы ережебі) - мұсылман мерекесі.

Әзірбайжанда азаматтық авиация күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2006 жылғы мамырдың 18-дегі Жарлығына сәйкес жыл сайын атап өтеді. 1938 жылғы маусымның 2-інде Әзірбайжан Республикасында алғашқы авиация тобы құрылып, азаматтық авиацияның қалыптасуына негіз болды.

Жаңа Зеландияның мемлекеттік мейрамы - Патшайымның туған күні. Маусым айының бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі.

Италия Республикасының Ұлттық мейрамы - Республиканың құрылған күні (1946). Италия - Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апенин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 20 облысқа бөлінеді. Оның бесеуі Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д´Аоста, Фриули-Венеция-Джулия ерекше автономиялық мәртебеге ие. Сонымен қатар Италия аумағында тәуелсіз Ватикан және Сан-Марино мемлекеттері орналасқан. Астанасы - Рим қаласы. Ресми тілі - итальян тілі. Ақша бірлігі - еуро. Италия - парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Республика сенаты және Депутаттар палатасы. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.

Қазақстан Республикасы мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 12-де орнатылды.

1955 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу сынақ полигоны, қазіргі «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргетасы қаланды. «Байқоңыр» ғарыш айлағы 6 млн. 227 мың гектар аумақты қамтиды. Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандары жер көлемін және зымыран тасымалдағыштан бөлінген бөлшектердің түсу аймақтарын қоса есептегенде ғарыш айлағы 4 млн. гектардан астам жерді алып жатыр. Бүгінде ғарыш айлағында 15 ұшыру қондырғысы, 9 бастама жинағы, 11 құрастыру-сынау тұрқы бар. Байқоңырдан ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. 2004 жылдан Қазақстанның ғарыш қызметіне қатысуының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған келісімде «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру мерзімін ұзартумен қатар Ресей ғарыш саласының қолдауымен Қазақстанның ғарыш жобаларын жүзеге асыру қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға