Жаңалықтар

1-маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні. Жыл сайын өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау күнін атап өту 1949 жылы Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. Алғаш рет 1950 жылы 51 елде атап өтілді. Батыс Самоаның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Бұл ел тәуелсіздігін 1962 жылғы қаңтардың 1-де жариялаған, бірақ климаттық жағдайына байланысты мейрамды маусымның 1-не ауыстырған. Батыс Самоа - Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы Самоа архипелагының батыс бөлігін алып жатқан мемлекет. Астанасы - Апиа қаласы. Ресми тілі - самоа және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - тала. Ресей Солтүстiк флотының күнi. 1933 жылы Солтүстік Теңіз Флотилиясы құрылды. 1937 жылы Солтүстік Флот (СФ) деп өзгертілді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Жеті жарғы» баспасы құрылды. Алғашқы директоры болып Түрікпенбаева Ділбар Дадоханқызы тағайындалды. '“Жеті жарғы” баспасы  негізінен, заң жинақтары мен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға маманданған республикалық баспа болып табылады.  Алғашқыда ҚР Әділет министрлігінің “Заң әдебиеті” баспасы болып құрылған. Кейіннен  1998 ж. “Жеті жарғы” жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан Республикасының заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру, сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп шығарумен айналысады. 1920 жылы Қазақстанның басшы шаруашылық органы - Бүкілресейлік халық шаруашылығы құрамында Қырғыз (Қазақ) өнеркәсіп бюросы құрылды.   1994 жылы  Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Жеті жарғы» баспасы құрылды. Оның  алғашқы директоры болып Түрікпенбаева Ділбар Дадоханқызы тағайындалды. 1946 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі негізінде қазіргі Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы ашылды. Алғашында бөлімшеде 16 ғылыми-зерттеу институты, 8 сектор, 7 тәжірибе стансасы, 3 ботаника бағы болды. Академияның алғашқы құрамына 14 академик: Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Илларион Галузо, Михаил Горяев, Ахмет Жұбанов, Николай Кассин, Ісмет Кеңесбаев, Николай Павлов, Михаил Русаков, Қаныш Сәтбаев, Нығмет Сауранбаев, Гавриил Тихов кірді. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті болып көрнекті ғалым, қайраткер, академик Қаныш Сәтбаев сайланды. 1991 жылы наурыздың 20-да Ғылым академиясына жаңа ғылыми мекемелер құру мен іргелі ғылыми-зерттеулер бағыттарын айқындау мақсатында кеңейтілген құқық беріліп, жаңадан Физика-техника, Механика және машинатану, Археология, Ғарыштық зерттеулер, Информатика және басқару мәселелері, Мемлекет және құқық, Қолданбалы математика, Жер қойнауларын кешенді игеру мәселелері институттары құрылды.
21.08.2013 09:10 4812

Балаларды қорғаудың халықаралық күні. Жыл сайын өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау күнін атап өту 1949 жылы Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. Алғаш рет 1950 жылы 51 елде атап өтілді.

Батыс Самоаның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Бұл ел тәуелсіздігін 1962 жылғы қаңтардың 1-де жариялаған, бірақ климаттық жағдайына байланысты мейрамды маусымның 1-не ауыстырған. Батыс Самоа - Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы Самоа архипелагының батыс бөлігін алып жатқан мемлекет. Астанасы - Апиа қаласы. Ресми тілі - самоа және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - тала.

Ресей Солтүстiк флотының күнi. 1933 жылы Солтүстік Теңіз Флотилиясы құрылды. 1937 жылы Солтүстік Флот (СФ) деп өзгертілді.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Жеті жарғы» баспасы құрылды. Алғашқы директоры болып Түрікпенбаева Ділбар Дадоханқызы тағайындалды. '“Жеті жарғы” баспасы  негізінен, заң жинақтары мен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға маманданған республикалық баспа болып табылады.  Алғашқыда ҚР Әділет министрлігінің “Заң әдебиеті” баспасы болып құрылған. Кейіннен  1998 ж. “Жеті жарғы” жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан Республикасының заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру, сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп шығарумен айналысады.

1920 жылы Қазақстанның басшы шаруашылық органы - Бүкілресейлік халық шаруашылығы құрамында Қырғыз (Қазақ) өнеркәсіп бюросы құрылды.

  1994 жылы  Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Жеті жарғы» баспасы құрылды. Оның  алғашқы директоры болып Түрікпенбаева Ділбар Дадоханқызы тағайындалды.

1946 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі негізінде қазіргі Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы ашылды. Алғашында бөлімшеде 16 ғылыми-зерттеу институты, 8 сектор, 7 тәжірибе стансасы, 3 ботаника бағы болды. Академияның алғашқы құрамына 14 академик: Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Илларион Галузо, Михаил Горяев, Ахмет Жұбанов, Николай Кассин, Ісмет Кеңесбаев, Николай Павлов, Михаил Русаков, Қаныш Сәтбаев, Нығмет Сауранбаев, Гавриил Тихов кірді. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті болып көрнекті ғалым, қайраткер, академик Қаныш Сәтбаев сайланды. 1991 жылы наурыздың 20-да Ғылым академиясына жаңа ғылыми мекемелер құру мен іргелі ғылыми-зерттеулер бағыттарын айқындау мақсатында кеңейтілген құқық беріліп, жаңадан Физика-техника, Механика және машинатану, Археология, Ғарыштық зерттеулер, Информатика және басқару мәселелері, Мемлекет және құқық, Қолданбалы математика, Жер қойнауларын кешенді игеру мәселелері институттары құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға