31-мамыр
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.
«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.
Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.
Дүниежүзілік темекісіз күн. Халықаралық темекі тартумен күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988-інші жылы мамырдың 31-ін Дүниежүзілік темекісіз күн деп жариялады. Әлемдік қауымдастық алдына - ХХІ ғасырда темекі тарту мәселесін жоюға қол жеткізу міндеті қойылды.
Дүниежүзілік аққұба қыздар күні. Көптеген анекдот кейіпкерлері, шаштараз өнері мен тотық сутегінің тұтқындары, гламур әлемінің бейкүнә құрбандары, солярии мен силикон әміршілері, нағыз джентельмендердің сүйіктілері және әйелдің жоғары логикасының иелері. Барлығы осы күнді алғашқы рет 2006 жылы лайықты атап өтті. «Бриллиантовая шпилька» атты сыйлығының тапсыру рәсімі өтті - бұл аққұбаларға арналған бірінші сыйлығы.
Ғалымдардың есептеуі бойынша таза аққұбалар өмірде аз болып келеді, олардың есебі бойынша 2202 жылға дейін аққұбалар жер бетінен мүлдем жоғалып кетеді. Соңғы 50 жыл ішінде бүкіл жер шарының тұрғындарының жалпы санынан аққұбалар саны 49 пайыздан 14 пайызға дейін қысқарды. Оның себебі бірнеше: біріншіден, бала аққұба болып туылуы үшін, оның ата-анасының шаштары ақшыл болуы керек. Екіншіден, қара шашқа ие елдердің халқы ұдайы өсуде, ал еуропалықтар - немістер, скандинавтықтар, ресейліктер «аққұба генін» тасымалдаушылар көбінде бір баламен ғана шектеледі. Ақшыл шашы бар соңғы адам Финляндияда дүниеге келеді деген тұжырым бар, өйткені онда ақшыл шашы бар адамдар көп кездеседі.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды.