27-мамыр
Жалпыресейлік кітапхана күні. 1995 жылдан бастап жыл сайып атап өтіледі.
Қырғызстанда кітапханалар күні. Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1902 жылдың 27 мамырдағы Қырғызстандағы бірінші жалпыға бірдей кітапхананың ашылуына арналып 2008 жылдың 17 маусымында бекітілген.
1992 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Балуан Шолақ атындағы ауылда ақын, композитор Балуан Шолақтың ескерткіші ашылды.
2005 жылы Ақмола облысы Степногорск қаласындағы Мәдениет үйінің атауы Достық және шығармашылық үйі болып өзгертілді. Осыған сәйкес қала орталығында орналасқан көркем ғимараттың қызмет бағыты да өзгертілді.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Қарағанды облысындағы 500 кВ-тық «Ағадыр» қосалқы стансасында «Ағадыр-ОҚМАЭС» учаскесі іске қосылды.
2009 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазушы Қайым Мұхамедхановтың «Тағдыр және Карлаг» атты туындысы оқырмандар назарына ұсынылды. Шара «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» бастамасымен және Қазақстан-Британ техникалық университеттің қолдауымен өткізілді.
Қайым Мұхамедханов (1916-2004) - Мұхтар Әуезовтың ғылыми тұжырымдамаларының шәкірті және сенімді жалғастырушысы, өз өмірінің барлығын Абай өнерін зерттеуге арнаған, ұлы ойшылдың ақындық мектебін оқуды тереңдеткен. Ол қатал кезеңдерде де ұлттық мәдениет өкілдері - Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтардың өнерлерін батыл насихаттаған.
1937 жылы филология ғылымдарының докторы, академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков дүниеге келді. Ол Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылында туған. Мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993). 1954 - 55 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1960 - 64 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964 - 67 жылдары аспирант. 1970 - 74 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974 - 77 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977 - 87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987 - 88 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988 - 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991 - 93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 1993 - 97 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 1997 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры болды. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты.