Жаңалықтар

26-мамыр

Грузия Республикасының Ұлттық мейрамы - Мемлекет тәуелсіздігінің қалпына келтірілген күні. Грузия Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Әзербайжанмен, оңтүстігінде Түркиямен, Армениямен шектеседі. Грузияның құрамына Аджар және Абхаз республикалары енеді. Астанасы - Тбилиси қаласы. Ресми тілі - грузин тілі. Ақша бірлігі - лари. Әкімшілік жағынан 65 ауданға бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы екі палаталы парламент. Жоғарғы атқарушы органы - Жоғарғы Кеңес. Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 23-де орнатылды. Гайана Кооперативтік Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1966). Гайана - Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Венесуэламен, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Бразилиямен, шығысында Суринаммен, солтүстік-шығысы Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Джоржтаун қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі, сонымен қатар үндіс және жергілікті халықтардың да тілдері қолданылады. Ақша бірлігі - гайан доллары. Әкімшілік жағынан 10 округке бөлінеді.  Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы - Ұлттық ассамблея. Жоғарғы атқарушы органы - Министрлер Кабинеті.  Негізгі сауда серіктестері Канада, АҚШ және Ұлыбритания. Ресей кәсіпкерлерінің күні. Ресей Федерациясы Президентінің 2007 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді. Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды. 2009 жылы  Алматыда Қазақстан тұрғындары мен басқа ұлт өкілдері арасындағы іскерлік және бейресми қарым-қатынастағы тілдік кедергілерді жеңуге көмектесетін ABBYY Lingvo x3 сөздігінің тұсау кесер рәсімі өтті. ABBYY Lingvo x3 сөздігінің қазақша нұсқасы қолданушылардың кең қауымы - кәсiпкерлер, мемлекеттiк қызметкерлер, оқушылар, саяхатшылар, аудармашыларға бағытталған. Сөздік қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше кез-келген тақырыптағы мәтінді тез және сапалы түрде аударуға көмек көрсетеді, сондай-ақ орыс тілінен ағылшын, неміс, француз, итальян және тағы да басқа 10 шет тілдеріне аударады. Жаңа сөздiк қазақстандық нарықта екi нұсқада ұсынылған: «ABBYY Lingvo x3. қазақша нұсқасы. Үш тіл» - ағылшын, қазақ және орыс тілдері үшін 64 сөздік және «ABBYY Lingvo x3. Көп тілді қазақша нұсқасы» - 12 тілдерге арналған 159 сөздік.
21.08.2013 09:04 3901

Грузия Республикасының Ұлттық мейрамы - Мемлекет тәуелсіздігінің қалпына келтірілген күні. Грузия Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Әзербайжанмен, оңтүстігінде Түркиямен, Армениямен шектеседі. Грузияның құрамына Аджар және Абхаз республикалары енеді. Астанасы - Тбилиси қаласы. Ресми тілі - грузин тілі. Ақша бірлігі - лари. Әкімшілік жағынан 65 ауданға бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы екі палаталы парламент. Жоғарғы атқарушы органы - Жоғарғы Кеңес.

Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 23-де орнатылды.

Гайана Кооперативтік Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1966). Гайана - Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Венесуэламен, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Бразилиямен, шығысында Суринаммен, солтүстік-шығысы Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Джоржтаун қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі, сонымен қатар үндіс және жергілікті халықтардың да тілдері қолданылады. Ақша бірлігі - гайан доллары. Әкімшілік жағынан 10 округке бөлінеді.  Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы - Ұлттық ассамблея. Жоғарғы атқарушы органы - Министрлер Кабинеті.  Негізгі сауда серіктестері Канада, АҚШ және Ұлыбритания.

Ресей кәсіпкерлерінің күні. Ресей Федерациясы Президентінің 2007 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен бекітілген.

1995 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді.

Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.

2009 жылы  Алматыда Қазақстан тұрғындары мен басқа ұлт өкілдері арасындағы іскерлік және бейресми қарым-қатынастағы тілдік кедергілерді жеңуге көмектесетін ABBYY Lingvo x3 сөздігінің тұсау кесер рәсімі өтті.

ABBYY Lingvo x3 сөздігінің қазақша нұсқасы қолданушылардың кең қауымы - кәсiпкерлер, мемлекеттiк қызметкерлер, оқушылар, саяхатшылар, аудармашыларға бағытталған. Сөздік қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше кез-келген тақырыптағы мәтінді тез және сапалы түрде аударуға көмек көрсетеді, сондай-ақ орыс тілінен ағылшын, неміс, француз, итальян және тағы да басқа 10 шет тілдеріне аударады. Жаңа сөздiк қазақстандық нарықта екi нұсқада ұсынылған: «ABBYY Lingvo x3. қазақша нұсқасы. Үш тіл» - ағылшын, қазақ және орыс тілдері үшін 64 сөздік және «ABBYY Lingvo x3. Көп тілді қазақша нұсқасы» - 12 тілдерге арналған 159 сөздік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға