Жаңалықтар

25-мамыр

Алматыда субұрқақтар мерекесі. 2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген. Африканың азаттық күні. 1963 жылы  Эфиопия астанасы  Аддис-Абебада Африка елдері басшыларының І конференциясы болып өтті. Кездесу нәтижесінде Африка елдерінің бірлігі ұйымы құрылды. БҰҰ-ның шешімімен бұл күн - Африканың азаттық күні деп жарияланды. Өзін-өзі басқармайтын аумақтар халықтарымен ынтымақтастық апталығы (мамырдың 25-31-і аралығы). (БҰҰ-ның халықаралық күні) Иордания Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Иордания - Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Шекарасы Иракпен, Израилмен, Сауд Арабстанымен және Сириямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 8 аймаққа бөлінеді. Астанасы - Амман қаласы. Ақша бірлігі - иордан динары. Ресми тілі - араб тілі. Иордания - Конституциялық монархия. Заң шығарушы органы екі палаталы ұлттық жиналыс. Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттік Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 8-інде орнатылды. 2006 жылы  Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын толтыру аяқталды. Оның құрылысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында 2004 жылғы мамырдың 17-сінде жасалған Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салудың негізгі ұстанымдары туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Құбырды толтыруға қажет технологиялық мұнайдың көлемі 400 мыңнан астам тоннаны құрады. Мұнай құбырын толтыру салтанаты 2005 жылғы желтоқсанның 15-інде басталған болатын. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Астанадағы орталық диспетчерлік басқару ғимаратынан мұнай құбырларын автоматты бақылау және басқару жүйесі көмегімен іске қосты. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының ұзындығы - 962,2 шақырым, құбыр диаметрі 813 миллиметр. Оның жобалық өткізу қабілеттілігі - жылына 20 млн.тонна, соның ішінде алғашқы кезеңінде жылына 10 млн. тонна мұнай өткізе алады. Мұнай құбыры Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын басып өтіп, ҚХР аумағындағы Алашаңқайға жетеді. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салуды аяқтау және оны пайдалануға беру - Қазақстан Республикасының көп салалы экспорттық мұнай тасымалдау инфрақұрылымының тағы бір маңызды кезеңі болмақ. 1924 жылы  әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрамағанбетов дүниеге келді. Ол Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. 1943 жылы Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен  кейін  майданға жіберілді. Солтүстік Кавказ, 4-ші Украин және 1-ші Беларус майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. 1949 жылы Мәскеудегі  Әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-1958 жылдары - мотоатқыштар полкінің командирі. 1958-1961 жылдары - мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы. 1962-1969 жылдары Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы. 1969-1989 жылдары - Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскери тобы қолбасшысының бірінші орынбасары. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары - Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің  кеңесшісі қызметін атқарды.
21.08.2013 09:01 3876

Алматыда субұрқақтар мерекесі. 2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген.

Африканың азаттық күні. 1963 жылы  Эфиопия астанасы  Аддис-Абебада Африка елдері басшыларының І конференциясы болып өтті. Кездесу нәтижесінде Африка елдерінің бірлігі ұйымы құрылды. БҰҰ-ның шешімімен бұл күн - Африканың азаттық күні деп жарияланды.

Өзін-өзі басқармайтын аумақтар халықтарымен ынтымақтастық апталығы (мамырдың 25-31-і аралығы). (БҰҰ-ның халықаралық күні)

Иордания Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Иордания - Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Шекарасы Иракпен, Израилмен, Сауд Арабстанымен және Сириямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 8 аймаққа бөлінеді. Астанасы - Амман қаласы. Ақша бірлігі - иордан динары. Ресми тілі - араб тілі. Иордания - Конституциялық монархия. Заң шығарушы органы екі палаталы ұлттық жиналыс. Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттік Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 8-інде орнатылды.

2006 жылы  Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын толтыру аяқталды. Оның құрылысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында 2004 жылғы мамырдың 17-сінде жасалған Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салудың негізгі ұстанымдары туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Құбырды толтыруға қажет технологиялық мұнайдың көлемі 400 мыңнан астам тоннаны құрады. Мұнай құбырын толтыру салтанаты 2005 жылғы желтоқсанның 15-інде басталған болатын. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Астанадағы орталық диспетчерлік басқару ғимаратынан мұнай құбырларын автоматты бақылау және басқару жүйесі көмегімен іске қосты. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының ұзындығы - 962,2 шақырым, құбыр диаметрі 813 миллиметр. Оның жобалық өткізу қабілеттілігі - жылына 20 млн.тонна, соның ішінде алғашқы кезеңінде жылына 10 млн. тонна мұнай өткізе алады. Мұнай құбыры Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын басып өтіп, ҚХР аумағындағы Алашаңқайға жетеді. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салуды аяқтау және оны пайдалануға беру - Қазақстан Республикасының көп салалы экспорттық мұнай тасымалдау инфрақұрылымының тағы бір маңызды кезеңі болмақ.

1924 жылы  әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрамағанбетов дүниеге келді. Ол Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. 1943 жылы Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен  кейін  майданға жіберілді. Солтүстік Кавказ, 4-ші Украин және 1-ші Беларус майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. 1949 жылы Мәскеудегі  Әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-1958 жылдары - мотоатқыштар полкінің командирі. 1958-1961 жылдары - мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы. 1962-1969 жылдары Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы. 1969-1989 жылдары - Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскери тобы қолбасшысының бірінші орынбасары. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары - Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің  кеңесшісі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға