Жаңалықтар

22-мамыр

Халықаралық биологиялық әралуандық күні. 2000 жылдың 30-шы желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы 22-ші мамырды Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның қабылданған күні, Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады. Бұған дейін бұл атаулы күн желтоқсанның 29-да аталып өтілетін. Қазақстанның экологиялық жүйесі бірегей биологиялық әралуандығымен ерекшеленеді. Жалпы Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңға жуығы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерін қоспағанда, 161 тұқымдасқа және 1120 туысқа жататын 6 мыңнан астам түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін - эндемиктер. Қазақстан жануарларға да өте бай. Сүтқоректінің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі мекен етеді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған аңдардың 40, құстың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қосмекенділердің 3, балықтың 16 түрі бар. Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандық балансын пайдалану және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер жоспары мен ұлттық стратегиясы жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда. Йемен Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлт күні. Осыдан 16 жыл бұрын (1990) Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасы ерікті түрде қосылды. Йемен Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен шығысында Сауд Арабстанымен және Оманмен, батысы Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 16-ы провинцияға бөлінеді. Астанасы - Сана қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - йемендік реал. 1991 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент пен Вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады. Осы екі лауазымды басшы Президенттік кеңес құрады. Жоғары заң шығарушы органы  бір палаталы парламент (801 депутаттан тұрады). Қазақстан Республикасы мен Йемен Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылғы желтоқсанның 29-да орнатылды.    Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің күні.
21.08.2013 09:00 3667

Халықаралық биологиялық әралуандық күні. 2000 жылдың 30-шы желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы 22-ші мамырды Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның қабылданған күні, Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады. Бұған дейін бұл атаулы күн желтоқсанның 29-да аталып өтілетін. Қазақстанның экологиялық жүйесі бірегей биологиялық әралуандығымен ерекшеленеді. Жалпы Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңға жуығы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерін қоспағанда, 161 тұқымдасқа және 1120 туысқа жататын 6 мыңнан астам түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін - эндемиктер. Қазақстан жануарларға да өте бай. Сүтқоректінің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі мекен етеді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған аңдардың 40, құстың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қосмекенділердің 3, балықтың 16 түрі бар.

Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандық балансын пайдалану және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер жоспары мен ұлттық стратегиясы жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.

Йемен Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлт күні. Осыдан 16 жыл бұрын (1990) Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасы ерікті түрде қосылды. Йемен Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен шығысында Сауд Арабстанымен және Оманмен, батысы Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 16-ы провинцияға бөлінеді. Астанасы - Сана қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - йемендік реал. 1991 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент пен Вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады. Осы екі лауазымды басшы Президенттік кеңес құрады. Жоғары заң шығарушы органы  бір палаталы парламент (801 депутаттан тұрады).

Қазақстан Республикасы мен Йемен Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылғы желтоқсанның 29-да орнатылды.   

Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің күні.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға