Жаңалықтар

18-мамыр

Халықаралық мұражай күні. 1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде атап өтіледі. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 150 мұражай бар. Қырым Республикасында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1944 жылы мамырдың 18-інде КСРО билік органдарының заңсыз кінә тағуымен Қырымнан татарларды, сонымен қатар неміс, армян, болғар, гректерді қоныс аудартты. Қырым татарларының 200 мыңнан астамы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Сібір аумақтарына көшірілді. Түрікменстандағы өрлеу және бірлік күні. 1992 жылы мамырдың 18-інде тәуелсіз Түрікменстан Конституциясы қабылданды. 1992 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапар жасады. Сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Мемлекет хатшысы Дж.Бейкермен, қорғаныс министрі Р.Чейнимен, қаржы министрі Н.Брейдимен, ауыл шаруашылығы министрі Э.Мэндиганмен, орталық барлау басқармасының директоры Р.Гейтспен, сенаторлар Дж.Митчелмен, Р.Доулмен, К.Пеллмен, С.Наннмен, А.Крэнстонмен, Р.Лугармен, Дж.Байденмен, К.Левинмен, «Шеврон» корпорациясының төрағасы К.Деррмен кездесулер өткізді. 1936 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ядрорлық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресі партиясының көшбасшысы, Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының лауреаты, Татарстан Республикасының Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы, Олжас Сүлейменов дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған. Ол өз туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген. Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн - арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», т.б. жинақтары шыққан.
21.08.2013 08:57 3773

Халықаралық мұражай күні. 1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде атап өтіледі. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 150 мұражай бар.

Қырым Республикасында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1944 жылы мамырдың 18-інде КСРО билік органдарының заңсыз кінә тағуымен Қырымнан татарларды, сонымен қатар неміс, армян, болғар, гректерді қоныс аудартты. Қырым татарларының 200 мыңнан астамы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Сібір аумақтарына көшірілді.

Түрікменстандағы өрлеу және бірлік күні. 1992 жылы мамырдың 18-інде тәуелсіз Түрікменстан Конституциясы қабылданды.

1992 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапар жасады.

Сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Мемлекет хатшысы Дж.Бейкермен, қорғаныс министрі Р.Чейнимен, қаржы министрі Н.Брейдимен, ауыл шаруашылығы министрі Э.Мэндиганмен, орталық барлау басқармасының директоры Р.Гейтспен, сенаторлар Дж.Митчелмен, Р.Доулмен, К.Пеллмен, С.Наннмен, А.Крэнстонмен, Р.Лугармен, Дж.Байденмен, К.Левинмен, «Шеврон» корпорациясының төрағасы К.Деррмен кездесулер өткізді.

1936 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ядрорлық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресі партиясының көшбасшысы, Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының лауреаты, Татарстан Республикасының Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы, Олжас Сүлейменов дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған.

Ол өз туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген. Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн - арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», т.б. жинақтары шыққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға