Жаңалықтар

17-мамыр

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні. Бұл күннің мақсаты қоғамдар мен елдердің интернет пен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануы, сондай-ақ «сандық алшақтықтан» арылудың жолдары туралы мүмкіндіктері жайындағы хабардарлық деңгейін көтеруге жағдай жасауында. Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні бұрын аталып өтіп келген Халықаралық телекоммуникациялар күнін және «Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күнін» ауыстырды. 2006-ншы жылғы қарашада Халықаралық Электр байланысы Одағының (ХЭО) Анталиядағы (Түркия) Уәкілетті конференциясында бұл екі шара да 17-нші мамырда Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні ретінде аталып өтеді деген шешім қабылданды. Бұл күн - барлық программистердің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылымдар редакторларының басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы. Халықаралық электр байланысы күні (Халықаралық телекоммуникация күні). 1865 жылы негізі қаланған Халықаралық электр байланысы одағының әкімшілік кеңесі сессиясының шешімімен 1969 жылдан бастап атап өтіледі. Норвегия Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Конституция күні (1814). Эйдсволлда өткен құрылтай жиналысында Дат билігінен азаттық алған Норвегия Конституциясы қабылданды. 2-і ғасырға жуық бұрын қабылданған Конституция күні бүгінге дейін өз күшін жойған жоқ. Норвегия Еуропаның солтүстігінде орналасқан. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі Баренц теңізімен, батысы Норвегия, Солтүстік теңіздерімен, оңтүстігі Скагеррак бұғазымен, ал құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндиямен, Ресеймен шектеседі. Норвегияға Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі Ян-Майен, Буве аралдары қарайды. Әкімшілік жағынан 18 фюлькеге (облыс) бөлінеді. Астанасы - Осло қаласы. Мемлекеттік тілі - норвег тілі. Ақша бірлігі - крона. Мемлекет басшысы - Король. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Стортинг. Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-сында орнатылды. 2007 жылы  Талдықорғанда «Basalt LTD» ЖШС-ның жылуды оқшаулайтын материалдар өндіретін зауыт іске қосылды. Жылуды оқшаулайтын материалдар базальттан және синтетикалық байланыстырғыштан дайындалады. Олар құрылыс құрылымдарында және ғимараттардағы ішкі және сыртқы тұрба желілеріндегі жылуды оқшаулауға арналған. Оны өртке қарсы және дыбыс шығармайтын материал ретінде пайдалануға болады.
21.08.2013 08:57 4375

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні. Бұл күннің мақсаты қоғамдар мен елдердің интернет пен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануы, сондай-ақ «сандық алшақтықтан» арылудың жолдары туралы мүмкіндіктері жайындағы хабардарлық деңгейін көтеруге жағдай жасауында.

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні бұрын аталып өтіп келген Халықаралық телекоммуникациялар күнін және «Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күнін» ауыстырды. 2006-ншы жылғы қарашада Халықаралық Электр байланысы Одағының (ХЭО) Анталиядағы (Түркия) Уәкілетті конференциясында бұл екі шара да 17-нші мамырда Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні ретінде аталып өтеді деген шешім қабылданды.

Бұл күн - барлық программистердің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылымдар редакторларының басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы.

Халықаралық электр байланысы күні (Халықаралық телекоммуникация күні). 1865 жылы негізі қаланған Халықаралық электр байланысы одағының әкімшілік кеңесі сессиясының шешімімен 1969 жылдан бастап атап өтіледі.

Норвегия Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Конституция күні (1814). Эйдсволлда өткен құрылтай жиналысында Дат билігінен азаттық алған Норвегия Конституциясы қабылданды. 2-і ғасырға жуық бұрын қабылданған Конституция күні бүгінге дейін өз күшін жойған жоқ. Норвегия Еуропаның солтүстігінде орналасқан. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі Баренц теңізімен, батысы Норвегия, Солтүстік теңіздерімен, оңтүстігі Скагеррак бұғазымен, ал құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндиямен, Ресеймен шектеседі. Норвегияға Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі Ян-Майен, Буве аралдары қарайды. Әкімшілік жағынан 18 фюлькеге (облыс) бөлінеді. Астанасы - Осло қаласы. Мемлекеттік тілі - норвег тілі. Ақша бірлігі - крона. Мемлекет басшысы - Король. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Стортинг.

Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-сында орнатылды.

2007 жылы  Талдықорғанда «Basalt LTD» ЖШС-ның жылуды оқшаулайтын материалдар өндіретін зауыт іске қосылды.

Жылуды оқшаулайтын материалдар базальттан және синтетикалық байланыстырғыштан дайындалады. Олар құрылыс құрылымдарында және ғимараттардағы ішкі және сыртқы тұрба желілеріндегі жылуды оқшаулауға арналған. Оны өртке қарсы және дыбыс шығармайтын материал ретінде пайдалануға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға