Жаңалықтар

15-мамыр

Халықаралық отбасы күні. 1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Кореяда мұғалім күні. 1864 жылы  «Новая заря» парфюмерия фабрикасының негізі қаланды. Иіс су жасаудың әдісін ойлап тапқан француз кәсіпкері Генрих Брокар Мәскеуде өз шеберханасын ашты. Ол кәсіпорынның алғашқы өнімдері - «Детское», «Медовое», «Янтарное» сабындары. Содан кейін неше түрлі иіс сулар шығара бастады. Олардыың ең танымалы II Николай патшаның зайыбы Александра Федорованың тапсырысы бойынша дайындалған «Императрицаның сүйікті иіс суы». Ол кейіннен «Красная Москва» деген атпен белгілі болды. 1999 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды. 2007 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа моделін бекітетін, еліміздің экономикалық дамуының осы заманғы талаптарына және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қол қойды. Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерін қолданыстағы заңдарды жаңадан қабылданған Еңбек кодексіне сәйкестендіруге бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. 1984 жылы гимнастшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолютті чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әлия Жүсіпова дүниеге келді. Ол Шымкент қаласында туған. 2000-2005 жылдары  халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған.  Ә.Жүсіпова көпсайыс түрінен әлемдегі ең үздік ондықтар қатарына енген  алғашқы қазақ қызы. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде  өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылдан бері Әлия Жүсіпова Мәскеудегі көркем гимнастикадан олимпиадашылар дайындайтын орталықтың бас төрешісі атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттығады. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
21.08.2013 08:52 4068

Халықаралық отбасы күні. 1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

Кореяда мұғалім күні.

1864 жылы  «Новая заря» парфюмерия фабрикасының негізі қаланды. Иіс су жасаудың әдісін ойлап тапқан француз кәсіпкері Генрих Брокар Мәскеуде өз шеберханасын ашты. Ол кәсіпорынның алғашқы өнімдері - «Детское», «Медовое», «Янтарное» сабындары. Содан кейін неше түрлі иіс сулар шығара бастады. Олардыың ең танымалы II Николай патшаның зайыбы Александра Федорованың тапсырысы бойынша дайындалған «Императрицаның сүйікті иіс суы». Ол кейіннен «Красная Москва» деген атпен белгілі болды.

1999 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды.

2007 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа моделін бекітетін, еліміздің экономикалық дамуының осы заманғы талаптарына және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қол қойды.

Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерін қолданыстағы заңдарды жаңадан қабылданған Еңбек кодексіне сәйкестендіруге бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

1984 жылы гимнастшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолютті чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әлия Жүсіпова дүниеге келді. Ол Шымкент қаласында туған. 2000-2005 жылдары  халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған.  Ә.Жүсіпова көпсайыс түрінен әлемдегі ең үздік ондықтар қатарына енген  алғашқы қазақ қызы. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде  өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылдан бері Әлия Жүсіпова Мәскеудегі көркем гимнастикадан олимпиадашылар дайындайтын орталықтың бас төрешісі атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттығады. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға