Жаңалықтар

12-мамыр

Медицина бикелерінің ынтымақ күні. Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік медбикелерге Флоренс Найтингейл атындағы 50 медаль тапсырады. 2010 жылы  Алматыда қазақ тілінде тұңғыш  «Жан» эзотериялық әдебиет баспасы ашылды. «Тәуелсіз басылымдар редакторларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жангелді Естенбаевтың айтуынша, бұл жобаны «Жан» және «Арыс» баспалары бірлесіп қолға алып отыр. Жаңа баспаның басты бағыты адам жанының құпия-сырларына терең үңілу, оккульттік ғылымдардың, шығыс ілімдерінің, қазақтың наным-сенімдерінің түп негіздерін жарыққа шығару болып табылады. 1995 жылы Корея Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 2005 жылы  Беларус Республикасының астанасы Минск қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш ашылды. Аталмыш іс-шара М.Әуезов атындағы орта мектептің ауласында өтті. Соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры атанған 500 қазақстандықтың 70-і Беларусты фашистік басқыншылардан азат ету барысында  атақ алған, сондай-ақ осы елде 14 000 қазақстандық жауынгер қаза тапқан. 1954 жылы  Лондонда өткен конференцияда Теңіздің мұнаймен ластануынының алдын алу туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. 1879-1938 жылдары  Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев дүниеге келді. Ол 1900 жылы Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірді. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облыстық әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі» екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия бөлуді сұраған. 1900 жылы Жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Патша өкіметіне қарсы опозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына қатысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйлейді. Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етеді. Институтты бітірген соң инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрылысына жіберіледі. 1907 жылы екінші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланып, онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етеді. Дума таратылған соң Орта Азия темір жолы құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады. 1911 жылы Урсатьевск - Әндіжан темір жолы құрылысының бастығы әрі бас инженері, 1914 жылы Арыс - Әулиеата темір жолы құрылысының бас инженері қызметтерін атқарады.
21.08.2013 08:52 3131

Медицина бикелерінің ынтымақ күні. Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік медбикелерге Флоренс Найтингейл атындағы 50 медаль тапсырады.

2010 жылы  Алматыда қазақ тілінде тұңғыш  «Жан» эзотериялық әдебиет баспасы ашылды.

«Тәуелсіз басылымдар редакторларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жангелді Естенбаевтың айтуынша, бұл жобаны «Жан» және «Арыс» баспалары бірлесіп қолға алып отыр.

Жаңа баспаның басты бағыты адам жанының құпия-сырларына терең үңілу, оккульттік ғылымдардың, шығыс ілімдерінің, қазақтың наным-сенімдерінің түп негіздерін жарыққа шығару болып табылады.

1995 жылы Корея Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

2005 жылы  Беларус Республикасының астанасы Минск қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш ашылды. Аталмыш іс-шара М.Әуезов атындағы орта мектептің ауласында өтті. Соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры атанған 500 қазақстандықтың 70-і Беларусты фашистік басқыншылардан азат ету барысында  атақ алған, сондай-ақ осы елде 14 000 қазақстандық жауынгер қаза тапқан.

1954 жылы  Лондонда өткен конференцияда Теңіздің мұнаймен ластануынының алдын алу туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды.

1879-1938 жылдары  Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев дүниеге келді. Ол 1900 жылы Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірді. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облыстық әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі» екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия бөлуді сұраған. 1900 жылы Жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Патша өкіметіне қарсы опозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына қатысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйлейді. Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етеді.

Институтты бітірген соң инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрылысына жіберіледі. 1907 жылы екінші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланып, онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етеді. Дума таратылған соң Орта Азия темір жолы құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады. 1911 жылы Урсатьевск - Әндіжан темір жолы құрылысының бастығы әрі бас инженері, 1914 жылы Арыс - Әулиеата темір жолы құрылысының бас инженері қызметтерін атқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға