Жаңалықтар

10-мамыр

Микронезия Федеративтік Штаттарының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1979). Микронезия - Тынық мұхитының батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан Трук, Костраэ, Понапе, Иап штаттарына бөлінеді. Астанасы - Паликир қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі - АҚШ доллары. Мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы билік бір палаталы парламент - Ұлттық конгресс. Экономикасының негізгі саласы - балық аулау. Экспортқа копра, бұрыш, балық және кокос майын шығарады. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея мемлекеттері. Германияда кітап күні. 1947 жылдан бастап жыл сайын 1933 жылы гуманист-жазушылардың кітаптары өртелген күніне орай өтеді. Қырғызстанда банк қызметкерлерінің күні. 1993 жылғы 10 мамырда Қырғыстан өзінің ұлттық валютасы - қырғыз сомын енгізді. 2007 жылы  «Бурабай» ұлттық бағының орманды алқабында орналасқан, Қотыркөл көлінің жағасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның емдік-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі заманға сай жобамен салынған емдеу орталығында компанияның мыңдаған қызметкерлері мен зейнеткерлері өздерінің денсаулықтарын жақсарта алады. Шипажайда демалу, жүрек-қолқа және тірек-қимыл жүйелері аурулары бар адамдарға барлық мүмкіндіктер жасалған. 1901-1977 жылдары  ақын, аудармашы Жақан Сыздықов дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Петропавл қаласындағы ауылдық мұғалімдер даярлайтын курсты бітірген. 1922-1924 жылдары - Көкшетау уездік азық-түлік комиссары қызметін атқарып, 1926 жылы баспасөз жұмысына ауысқан. Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінің жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, «Қызыл Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Сталин жолы» газеттерінің жауапты хатшысы болған. Кейін мемлекеттік баспада, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Радио комитетінде қызмет істеген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы «Еңбек жемістері» деген атпен жарық көрген. Сондай-ақ оның «Найзағай», «Толқын», «Қызғалдақ», «Табыс», «Жартас», «Асулар», «Алтын қалам», т.б. жыр жинақтары бар. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары майдан газеттерінде жиі басылып тұрған. Ол Л.Толстойдың «Арылу» романын, татар классигі Тоқайдың өлеңдері мен поэмаларының бір томдығын қазақ тіліне аударған. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
21.08.2013 08:49 2788

Микронезия Федеративтік Штаттарының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1979). Микронезия - Тынық мұхитының батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан Трук, Костраэ, Понапе, Иап штаттарына бөлінеді. Астанасы - Паликир қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі - АҚШ доллары. Мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы билік бір палаталы парламент - Ұлттық конгресс. Экономикасының негізгі саласы - балық аулау. Экспортқа копра, бұрыш, балық және кокос майын шығарады. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея мемлекеттері.

Германияда кітап күні. 1947 жылдан бастап жыл сайын 1933 жылы гуманист-жазушылардың кітаптары өртелген күніне орай өтеді.

Қырғызстанда банк қызметкерлерінің күні. 1993 жылғы 10 мамырда Қырғыстан өзінің ұлттық валютасы - қырғыз сомын енгізді.

2007 жылы  «Бурабай» ұлттық бағының орманды алқабында орналасқан, Қотыркөл көлінің жағасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның емдік-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі заманға сай жобамен салынған емдеу орталығында компанияның мыңдаған қызметкерлері мен зейнеткерлері өздерінің денсаулықтарын жақсарта алады. Шипажайда демалу, жүрек-қолқа және тірек-қимыл жүйелері аурулары бар адамдарға барлық мүмкіндіктер жасалған.

1901-1977 жылдары  ақын, аудармашы Жақан Сыздықов дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Петропавл қаласындағы ауылдық мұғалімдер даярлайтын курсты бітірген. 1922-1924 жылдары - Көкшетау уездік азық-түлік комиссары қызметін атқарып, 1926 жылы баспасөз жұмысына ауысқан. Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінің жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, «Қызыл Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Сталин жолы» газеттерінің жауапты хатшысы болған. Кейін мемлекеттік баспада, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Радио комитетінде қызмет істеген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы «Еңбек жемістері» деген атпен жарық көрген. Сондай-ақ оның «Найзағай», «Толқын», «Қызғалдақ», «Табыс», «Жартас», «Асулар», «Алтын қалам», т.б. жыр жинақтары бар. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары майдан газеттерінде жиі басылып тұрған. Ол Л.Толстойдың «Арылу» романын, татар классигі Тоқайдың өлеңдері мен поэмаларының бір томдығын қазақ тіліне аударған. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға