Жаңалықтар

4-мамыр

Жастар күні (Қытай). 1919 жылдың 4 мамырында көшбасшыларымен бірге Бейжің университетінің 3000-ға жуық студенттері Тяньаньмэнь алаңына жиналып, Қытай үшін әділетсіз Париждің бейбіт келісімін қабылдаудағы үкіметтің шешіміне қарсы шықты. Алғашында Шэньси-Ганьсу-Нинся ауданында Солтүстік-Батыс жастар одағы осы күнді атап өте бастады, ал 1949 жылдың желтоқсан айында Орталық халық үкіметінің мемлекеттік әкімшілік кеңесі (ҚХР) бұл күнді мереке ретінде жариялады. Жапонияда көгалдандыру күні. «Көгалдандыру күні» Жапонияда 2007 жылға дейін сәуірдің 29-ында атап өтілген. Мерекенiң табиғи атауы Сёва Императорының атымен және оның қағылез табиғатқа деген терең махаббатымен байланысты. 2007 жылдан бастап бұл күн 4 мамырда атап өтіледі. 2007 жылы  ұзындығы 235-шақырымдық Хромтау-Алтынсарин жаңа теміржол желісі учаскесі пайдалануға берілді. Жаңа теміржол желісі Қазақстанның солтүстігіндегі астықты және орталығындағы өнеркәсіпті аймақтарды елдің батысына қарай ең қысқа жолмен жалғастырады. Бұдан басқа, Қазақстаннан өтетін экспорттық жүктерді балтық және қаратеңіздік айлақтарға өткізетін жаңа жолбағыт жасақталған. 2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тауарлық биржалардың қызмет үдерісі мен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін «Тауар биржалары туралы» Заңға қол қойды. Елбасы сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы «Тауар биржалары туралы» Заңға сәйкестендіруді қарастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлық биржа мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 1934-1986 жылдары  қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлеңжыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған. 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
21.08.2013 08:41 3406

Жастар күні (Қытай). 1919 жылдың 4 мамырында көшбасшыларымен бірге Бейжің университетінің 3000-ға жуық студенттері Тяньаньмэнь алаңына жиналып, Қытай үшін әділетсіз Париждің бейбіт келісімін қабылдаудағы үкіметтің шешіміне қарсы шықты. Алғашында Шэньси-Ганьсу-Нинся ауданында Солтүстік-Батыс жастар одағы осы күнді атап өте бастады, ал 1949 жылдың желтоқсан айында Орталық халық үкіметінің мемлекеттік әкімшілік кеңесі (ҚХР) бұл күнді мереке ретінде жариялады.

Жапонияда көгалдандыру күні. «Көгалдандыру күні» Жапонияда 2007 жылға дейін сәуірдің 29-ында атап өтілген. Мерекенiң табиғи атауы Сёва Императорының атымен және оның қағылез табиғатқа деген терең махаббатымен байланысты.

2007 жылдан бастап бұл күн 4 мамырда атап өтіледі.

2007 жылы  ұзындығы 235-шақырымдық Хромтау-Алтынсарин жаңа теміржол желісі учаскесі пайдалануға берілді. Жаңа теміржол желісі Қазақстанның солтүстігіндегі астықты және орталығындағы өнеркәсіпті аймақтарды елдің батысына қарай ең қысқа жолмен жалғастырады. Бұдан басқа, Қазақстаннан өтетін экспорттық жүктерді балтық және қаратеңіздік айлақтарға өткізетін жаңа жолбағыт жасақталған.

2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тауарлық биржалардың қызмет үдерісі мен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін «Тауар биржалары туралы» Заңға қол қойды. Елбасы сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы «Тауар биржалары туралы» Заңға сәйкестендіруді қарастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлық биржа мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

1934-1986 жылдары  қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлеңжыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға