Жаңалықтар

3-мамыр

Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. 1991 жылы Намибия Республикасының астанасында қол қойылған, барлық елдің үкіметін баспасөз бостандығы мен оның жариялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясының» құрметіне орай 1993 жылғы желтоқсанның 21-індегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. Жапония Монархиясының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні (1947). Алғаш рет 1948 жылы Конституцияның қабылданғанына 1 жыл толу салтанатына орай атап өтілді. Жапония - Шығыс Азия жағалауларына таяу маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдарда орналасқан. Олардың ең үлкендері -Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. аралдары. Астанасы - Токио қаласы. Ресми тілі - жапон тілі. Ақша бірлігі - иен. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония -коституциялық монархиялы ел. Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 26-да орнатылды. Польша Республикасының Ұлттық мейрамы - Конституция күні. Польша - Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Литва, Беларус, Украинамен, оңтүстігінде Чехия, Словакиямен, батысында Германиямен шектесіп жатыр. Астанасы - Варшава қаласы. Ресми тілі - поляк тілі. Ақша бірлігі - злотый. Әкімшілік жағынан 16-ы воеводстваға, 373 повятқа және 2468 гминге бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғары заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Сейм және Сенат. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Қазақстан Республикасы мен Польша арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы сәуір айында орнатылды. Күн күні. 1994 жылдан бастап Күн энергиясы халықаралық қоғамынының Еуропалық бөлімі жаңартылған энергия көзін пайдалану мүмкіндігіне назар аудару үшін ерікті негізде жыл сайын Күн күнін ұйымдастырады. Энтузиастар мен кәсіпқой мамандар, қоғамдық ұйымдар мен бүкіл еуропалық фирмалар әр түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі туралы демонстрация өткізеді. 1978 жылы әнші Гауһар Қаспақова дүниеге келді. Әнші Жамбыл облысының Меркі ауданында туған. Тараз қаласындағы мәдениет және өнер колледжін, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын бітірген. Әншілік жолын 1996 жылы бастаған. Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» ән байқауында озып шығып, «Алтын қанат» аталатын бірінші жүлдені жеңіп алған. 1998 жылы Азия құрлығының музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың халықаралық байқауы «Азия дауысының» дипломанты атанған. 1999 жылы «Ыстықкөл» халықаралық ән байқауында бірінші орынды иеленген. 2000 жылы Жастар одағы сыйлығының ең жас лауреаты болған. Әншінің репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, түрік, қытай, қырғыз тіліндегі әндер бар. Ол, әсіресе, «Алғашқы көктем», «Құс жолы», Әсеттің «Хисмет», қырғыз халқының «Жамғыр», сондай-ақ «Мен сені ойлайтынмын», «Сүйеді екенмін» әндерін шебер орындайды.
21.08.2013 08:41 6666

Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. 1991 жылы Намибия Республикасының астанасында қол қойылған, барлық елдің үкіметін баспасөз бостандығы мен оның жариялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясының» құрметіне орай 1993 жылғы желтоқсанның 21-індегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі.

Жапония Монархиясының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні (1947). Алғаш рет 1948 жылы Конституцияның қабылданғанына 1 жыл толу салтанатына орай атап өтілді. Жапония - Шығыс Азия жағалауларына таяу маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдарда орналасқан. Олардың ең үлкендері -Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. аралдары. Астанасы - Токио қаласы. Ресми тілі - жапон тілі. Ақша бірлігі - иен. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония -коституциялық монархиялы ел.

Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 26-да орнатылды.

Польша Республикасының Ұлттық мейрамы - Конституция күні. Польша - Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Литва, Беларус, Украинамен, оңтүстігінде Чехия, Словакиямен, батысында Германиямен шектесіп жатыр. Астанасы - Варшава қаласы. Ресми тілі - поляк тілі. Ақша бірлігі - злотый. Әкімшілік жағынан 16-ы воеводстваға, 373 повятқа және 2468 гминге бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғары заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Сейм және Сенат. Жоғары атқарушы органы - Үкімет.

Қазақстан Республикасы мен Польша арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы сәуір айында орнатылды.

Күн күні. 1994 жылдан бастап Күн энергиясы халықаралық қоғамынының Еуропалық бөлімі жаңартылған энергия көзін пайдалану мүмкіндігіне назар аудару үшін ерікті негізде жыл сайын Күн күнін ұйымдастырады. Энтузиастар мен кәсіпқой мамандар, қоғамдық ұйымдар мен бүкіл еуропалық фирмалар әр түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі туралы демонстрация өткізеді.

1978 жылы әнші Гауһар Қаспақова дүниеге келді. Әнші Жамбыл облысының Меркі ауданында туған. Тараз қаласындағы мәдениет және өнер колледжін, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын бітірген. Әншілік жолын 1996 жылы бастаған. Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» ән байқауында озып шығып, «Алтын қанат» аталатын бірінші жүлдені жеңіп алған. 1998 жылы Азия құрлығының музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың халықаралық байқауы «Азия дауысының» дипломанты атанған. 1999 жылы «Ыстықкөл» халықаралық ән байқауында бірінші орынды иеленген. 2000 жылы Жастар одағы сыйлығының ең жас лауреаты болған. Әншінің репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, түрік, қытай, қырғыз тіліндегі әндер бар. Ол, әсіресе, «Алғашқы көктем», «Құс жолы», Әсеттің «Хисмет», қырғыз халқының «Жамғыр», сондай-ақ «Мен сені ойлайтынмын», «Сүйеді екенмін» әндерін шебер орындайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға