Жаңалықтар

27-сәуір

Сьерра-Леоне Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1961). Сьерра-Леоне - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі және шығысында Гвинеямен, оңтүстік-шығысында Либериямен, батысы Атлант мұхитымен шектесіп жатыр. Астанасы - Фритаун қаласы. Ақша бірлігі - леоне. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Әкімшілік жағынан 3 провинцияға және батыс облысына бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Өкілдер палатасы. Того Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1961). Того - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Буркина-Фасомен, батысында Ганамен, шығысында Бенин Республикасымен шектеседі. Оңтүстігінде Гвинея шығанағымен шайылып жатыр. Астанасы - Ломе қаласы. Ақша бірлігі - франк. Мемлекеттік тілі - француз тілі. Мемлекет 5 облысқа бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс. Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық мерекесі - Бостандық күні (1994). 12 жыл бұрын елде алғаш рет демократиялық сайлау өтті. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 5-де орнатылды. Одақтық Югославия Республикасының Ұлттық мейрамы - Одақтық Югославия Республикасының күні (1992). Одақтық Югославия Республикасы Еуропаның оңтүстігіндегі мемлекет. Ресми тілі - сербия-хорватиялық тілі. Астанасы - Белград. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - 2 палаталы одақ (Азаматтар вечесі және Мемлекет вечесі). Қазақстан Республикасы мен Одақтық Югославия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылдың 10 желтоқсанында орнатылды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік құрылды. 2006 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында «Өсімдіктер дүниесі» сериясымен «Қара сексеуіл» атты кезекті маркасын айналымға енгізді. Сексеуіл - биіктігі 10 метрге дейін жететін, бұжырлы, қалың, жуан, бұтақтары көп діңді, жапырақтары толығымен ширатылмаған ағаш. Тақырлы сор жерлерде, құмның арасында, сұр топырақта өседі. Торғай, Арал, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш және Алакөл өлкелерінде кездеседі.
21.08.2013 08:36 4268

Сьерра-Леоне Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1961). Сьерра-Леоне - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі және шығысында Гвинеямен, оңтүстік-шығысында Либериямен, батысы Атлант мұхитымен шектесіп жатыр. Астанасы - Фритаун қаласы. Ақша бірлігі - леоне. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Әкімшілік жағынан 3 провинцияға және батыс облысына бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Өкілдер палатасы.

Того Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1961). Того - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Буркина-Фасомен, батысында Ганамен, шығысында Бенин Республикасымен шектеседі. Оңтүстігінде Гвинея шығанағымен шайылып жатыр. Астанасы - Ломе қаласы. Ақша бірлігі - франк. Мемлекеттік тілі - француз тілі. Мемлекет 5 облысқа бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс.

Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық мерекесі - Бостандық күні (1994). 12 жыл бұрын елде алғаш рет демократиялық сайлау өтті. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 5-де орнатылды.

Одақтық Югославия Республикасының Ұлттық мейрамы - Одақтық Югославия Республикасының күні (1992). Одақтық Югославия Республикасы Еуропаның оңтүстігіндегі мемлекет. Ресми тілі - сербия-хорватиялық тілі. Астанасы - Белград. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - 2 палаталы одақ (Азаматтар вечесі және Мемлекет вечесі).

Қазақстан Республикасы мен Одақтық Югославия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылдың 10 желтоқсанында орнатылды.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік құрылды.

2006 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында «Өсімдіктер дүниесі» сериясымен «Қара сексеуіл» атты кезекті маркасын айналымға енгізді. Сексеуіл - биіктігі 10 метрге дейін жететін, бұжырлы, қалың, жуан, бұтақтары көп діңді, жапырақтары толығымен ширатылмаған ағаш. Тақырлы сор жерлерде, құмның арасында, сұр топырақта өседі. Торғай, Арал, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш және Алакөл өлкелерінде кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға