Жаңалықтар

26-сәуір

Халықаралық зияткерлік меншік күні. Білімнің барлық саласындағы өнертапқыш және шығармашыл адамдардың мерекесі. Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 1986 жылғы сәуірдің 26-да Чернобыль атом электр стансасында апат болды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1993 жылғы сәуірдің 22-дегі қаулысына сәйкес атап өтіледі. Танзания Біріккен Республикасының ұлттық мейрамы - Одақ күні (1964). Танзания - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Материктік (Танганьика) және аралдық (Занзибар мен Пемба) бөліктерден тұрады. Солтүстігінде Угандамен, солтүстік-шығысында Кениямен, оңтүстігінде Мозамбикпен, оңтүстік-батысында Бурунди, Руандамен шектеседі. Шығысында Үнді мұхиты, батысында Танганьика, солтүстігінде Виктория көлдерімен шектеседі. Танзания әкімшілік-аймақтық жағынан 20 провинцияға және 1 республикаға бөлінеді. Астанасы - Додома қаласы. Ақша бірлігі - шиллинг. Мемлекеттік тілі - суахими тілі, сонымен қатар ағылшын, итальян тілдері де қолданылады.  Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс. Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен. 1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды. 2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді. Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалары бар. ЮНИСЕФ Білім саласындағы әрекеттерінің жаһандық аптасы (сәуірдің 26-30 аралығында). 1995 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бірінші рет «Алтын алқа» белгісін табыс етті. «Алтын алқа» - 1993 жылы бекітілген орден. Көп балалы аналарға беріледі. 2000 жылы  Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит ашылды. Басқосуға әлемнің 37 елінен 500-дей саяси басшылар, жетекші бизнесшілер мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форумның төралқасын Әзірбайжанның, Арменияның, Грузияның, Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекет пен үкімет басшылары құрады. Форумда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан президенттері, Әзірбайжанның Премьер-Министрі сөз сөйледі. Мемлекеттер жетекшілері Еуразия өңірін дамыту мәселелерін, оның мүмкіндіктері мен проблемаларын, өңірдің инвестициялар үшін тартымдылығы мен оның әлемдік аренада атқаратын рөлін талқылады.
21.08.2013 08:36 3610

Халықаралық зияткерлік меншік күні. Білімнің барлық саласындағы өнертапқыш және шығармашыл адамдардың мерекесі.

Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 1986 жылғы сәуірдің 26-да Чернобыль атом электр стансасында апат болды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1993 жылғы сәуірдің 22-дегі қаулысына сәйкес атап өтіледі.

Танзания Біріккен Республикасының ұлттық мейрамы - Одақ күні (1964). Танзания - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Материктік (Танганьика) және аралдық (Занзибар мен Пемба) бөліктерден тұрады. Солтүстігінде Угандамен, солтүстік-шығысында Кениямен, оңтүстігінде Мозамбикпен, оңтүстік-батысында Бурунди, Руандамен шектеседі. Шығысында Үнді мұхиты, батысында Танганьика, солтүстігінде Виктория көлдерімен шектеседі. Танзания әкімшілік-аймақтық жағынан 20 провинцияға және 1 республикаға бөлінеді. Астанасы - Додома қаласы. Ақша бірлігі - шиллинг. Мемлекеттік тілі - суахими тілі, сонымен қатар ағылшын, итальян тілдері де қолданылады.  Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс.

Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен.

1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды.

2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді.

Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалары бар.

ЮНИСЕФ Білім саласындағы әрекеттерінің жаһандық аптасы (сәуірдің 26-30 аралығында).

1995 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бірінші рет «Алтын алқа» белгісін табыс етті.

«Алтын алқа» - 1993 жылы бекітілген орден. Көп балалы аналарға беріледі.

2000 жылы  Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит ашылды. Басқосуға әлемнің 37 елінен 500-дей саяси басшылар, жетекші бизнесшілер мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форумның төралқасын Әзірбайжанның, Арменияның, Грузияның, Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекет пен үкімет басшылары құрады. Форумда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан президенттері, Әзірбайжанның Премьер-Министрі сөз сөйледі. Мемлекеттер жетекшілері Еуразия өңірін дамыту мәселелерін, оның мүмкіндіктері мен проблемаларын, өңірдің инвестициялар үшін тартымдылығы мен оның әлемдік аренада атқаратын рөлін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға