Жаңалықтар

20-сәуір

Израиль Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Израиль Батыс Азияда, Жерорта теңізінің Шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Тель-Авив қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - бір палаталы парламент. Ресми тілі - иврит және араб тілдері. Ақша бірлігі - шекель. Қазақстан Республикасы мен Израиль Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-ында орнатылды. Халықаралық хатшылар күні. АҚШ-та 1952 жылдан бастап Халықаралық хатшылар күні аталып өтеді. Бұл күн АҚШ-та дәстүрге айналған Әкімшілік кәсіпқой қызметкерлерінің аптасы аясында өтеді. Мейрам сәуірдің соңғы толық аптасының сейсенбісінде тойланады. Қазір бұл мейрамды тек қана хатшылар ғана емес, сонымен қатар директор көмекшісі, офис-менеджерлері мен ассистенттер де, жалпы кеңсе жұмыстарымен байланысты қызметкерлер тойлайды. 1996 жылы  қоғамдық «Азамат» қозғалысы құрылды. 2006 жылы  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында Қарағанды аймақтық бөлімшесі аумағында екінші молекулярлы-генетикалық зертхананың ашылуы өтті. Қарағанды зертханасы соттар мен құқық қорғау органдарының кісі өлтіруді, ауыр дене жарақаттарын, зорлауды, танылмаған және бөлшектенген мәйіттерді, балаларды ауыстыру, жоғалту, ұрлауды тергеу жүргізу кезінде теңдестірушілік мақсаттары үшін молекулярлы-генетикалық сараптамадағы қажеттіктерді қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары осы сараптаманы талап етушілік бірнеше есе артты. Қазіргі уақытта сараптама әкелікті немесе аналықты анықтау сияқты азаматтық істерді шешуде де тиімді қолданылады. Молекулярлы-генетикалық зертхана ДНК-ны анықтау мен зерттеуге арналған қазіргі заманға сай арнайы құралдар мен реактивтер кешенімен жабдықталған. Төрт капиллярлы генетикалық талдау көмегімен сарапшылық зерттеудің бір бөлігі зерттеу тиімділігін арттыруға және сараптама жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған тәртіпте жүргізілетін болады. Қазіргі кезде барлық үш қазақстандық зертхана жабдықталған «Applied Biosystems» фирмасының генетикалық талдауышын аталған фирманың Қазақстандағы ресми өкілі «Медикус Евразия» ЖШС орнатты. Сонымен қатар осы фирманың мамандары Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына оқыту семинарын өткізді. Алдағы уақытта сот молекулярлы-генетикалық сараптаманы тағайындау, өндірісті ұйымдастыру және сарапшы қорытындыларын бағалау мәселелері бойынша соттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізіледі. Алғашқы сот молекулярлы-генетикалық зертхана 2001 жылы Орталық Алматы зертханасында ашылған болатын, онда жыл сайын қылмыстық және азаматтық істер бойынша 300-ден астам зерттеулер жүргізіледі.
21.08.2013 08:28 3518

Израиль Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Израиль Батыс Азияда, Жерорта теңізінің Шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Тель-Авив қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - бір палаталы парламент. Ресми тілі - иврит және араб тілдері. Ақша бірлігі - шекель.

Қазақстан Республикасы мен Израиль Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-ында орнатылды.

Халықаралық хатшылар күні. АҚШ-та 1952 жылдан бастап Халықаралық хатшылар күні аталып өтеді. Бұл күн АҚШ-та дәстүрге айналған Әкімшілік кәсіпқой қызметкерлерінің аптасы аясында өтеді. Мейрам сәуірдің соңғы толық аптасының сейсенбісінде тойланады. Қазір бұл мейрамды тек қана хатшылар ғана емес, сонымен қатар директор көмекшісі, офис-менеджерлері мен ассистенттер де, жалпы кеңсе жұмыстарымен байланысты қызметкерлер тойлайды.

1996 жылы  қоғамдық «Азамат» қозғалысы құрылды.

2006 жылы  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында Қарағанды аймақтық бөлімшесі аумағында екінші молекулярлы-генетикалық зертхананың ашылуы өтті. Қарағанды зертханасы соттар мен құқық қорғау органдарының кісі өлтіруді, ауыр дене жарақаттарын, зорлауды, танылмаған және бөлшектенген мәйіттерді, балаларды ауыстыру, жоғалту, ұрлауды тергеу жүргізу кезінде теңдестірушілік мақсаттары үшін молекулярлы-генетикалық сараптамадағы қажеттіктерді қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары осы сараптаманы талап етушілік бірнеше есе артты. Қазіргі уақытта сараптама әкелікті немесе аналықты анықтау сияқты азаматтық істерді шешуде де тиімді қолданылады. Молекулярлы-генетикалық зертхана ДНК-ны анықтау мен зерттеуге арналған қазіргі заманға сай арнайы құралдар мен реактивтер кешенімен жабдықталған. Төрт капиллярлы генетикалық талдау көмегімен сарапшылық зерттеудің бір бөлігі зерттеу тиімділігін арттыруға және сараптама жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған тәртіпте жүргізілетін болады. Қазіргі кезде барлық үш қазақстандық зертхана жабдықталған «Applied Biosystems» фирмасының генетикалық талдауышын аталған фирманың Қазақстандағы ресми өкілі «Медикус Евразия» ЖШС орнатты. Сонымен қатар осы фирманың мамандары Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына оқыту семинарын өткізді. Алдағы уақытта сот молекулярлы-генетикалық сараптаманы тағайындау, өндірісті ұйымдастыру және сарапшы қорытындыларын бағалау мәселелері бойынша соттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізіледі. Алғашқы сот молекулярлы-генетикалық зертхана 2001 жылы Орталық Алматы зертханасында ашылған болатын, онда жыл сайын қылмыстық және азаматтық істер бойынша 300-ден астам зерттеулер жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға