Жаңалықтар

16-сәуір

Дания Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Патшайымның туған күні. 68 жыл бұрын (1940) Дания патшайымы 2-ші Маргрете дүниеге келді. 1972 жылғы қаңтардың 14-де таққа отырған. Дания Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан ең кішкентай мемлекет. Ютланд түбегінің біраз бөлігін, Зеландия, Фюн, Лолланн, Фальстер, Мен, Борнхльм, т.б. аралдарды алып жатыр. Оңтүстігінде Германиямен шектеседі. Шығысында Балтық, батысы мен солтүстігі Солтүстік теңізімен шайылады. Әкімшілік жағынан 14 амтқа (облысқа) бөлінеді. Астанасы - Копенгаген. Мемлекеттік тілі - дат тілі. Ақша бірлігі - дат кронасы. Дания - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Патшайым. Жоғарғы атқарушы органы - Үкімет. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Фолькетинг. Болгарияда Конституция күні. Сәуірдің 16-да Болгарияда Заңгер күні және Бірінші Болгар конституциясының мерекесі атап өтіледі (1879 жылы елдiң Бiрiншi Ұлы Халық жиналысында қабылданған Тырнов Конституциясы). Арменияда полиция қызметкерлерінің күні. 2001 жылдан «Полиция туралы» заңы қабылданған күннен бастап атап өтіледі. 1918 жылы  Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан. 1922 жылы  Қостанай драма театры құрылды. 1959 жылы танымал әнші, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтын бітірген. Шымкент облыстық филармониясында «Ауылым - әнім» ансамблінің әншісі, Қазақ телевизиясының музыкалық редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет істеген. Ол «Наурыз» шығармашылық қорын, «Балаларды дамыту» қорын ашқан. 2000 жылы Лос-Анджелес қаласындағы FIDOF Әлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі болып қабылданды. Әншінің орындауында «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала - Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз», т.б. әндері бар.
21.08.2013 08:27 3378

Дания Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Патшайымның туған күні. 68 жыл бұрын (1940) Дания патшайымы 2-ші Маргрете дүниеге келді. 1972 жылғы қаңтардың 14-де таққа отырған.

Дания Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан ең кішкентай мемлекет. Ютланд түбегінің біраз бөлігін, Зеландия, Фюн, Лолланн, Фальстер, Мен, Борнхльм, т.б. аралдарды алып жатыр. Оңтүстігінде Германиямен шектеседі. Шығысында Балтық, батысы мен солтүстігі Солтүстік теңізімен шайылады. Әкімшілік жағынан 14 амтқа (облысқа) бөлінеді. Астанасы - Копенгаген. Мемлекеттік тілі - дат тілі. Ақша бірлігі - дат кронасы. Дания - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Патшайым. Жоғарғы атқарушы органы - Үкімет. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Фолькетинг.

Болгарияда Конституция күні. Сәуірдің 16-да Болгарияда Заңгер күні және Бірінші Болгар конституциясының мерекесі атап өтіледі (1879 жылы елдiң Бiрiншi Ұлы Халық жиналысында қабылданған Тырнов Конституциясы).

Арменияда полиция қызметкерлерінің күні. 2001 жылдан «Полиция туралы» заңы қабылданған күннен бастап атап өтіледі.

1918 жылы  Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.

1922 жылы  Қостанай драма театры құрылды.

1959 жылы танымал әнші, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтын бітірген. Шымкент облыстық филармониясында «Ауылым - әнім» ансамблінің әншісі, Қазақ телевизиясының музыкалық редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет істеген. Ол «Наурыз» шығармашылық қорын, «Балаларды дамыту» қорын ашқан. 2000 жылы Лос-Анджелес қаласындағы FIDOF Әлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі болып қабылданды. Әншінің орындауында «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала - Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз», т.б. әндері бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға