Жаңалықтар

15-сәуір

Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні. 2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі. 13-14 ғасырлардағы қазақ эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды.   АҚШ-та салық күні. Бұл американдықтардың салық төлейтін күні емес, алдағы жыл үшін айлық жалақыларынан ұсталған жалпы салық міндеттемелерін келісудің жылдық мерзімі. Дәл осы күні салық төлеушілердің 5-тен 4-і артық төлеген салықтарын қайтарып алады. Американдықтар үшін мұндай Салық күні - нағыз мереке. Ресейдiң радиоэлектронды күрестер бойынша маманының күнi. Бұл мереке 1904 жылдың 15 сәуірінде, орыс-жапон соғысы кезінде алғашқы рет жапон кемелерінің радиохабарламарын қасақана радиобөгеттермен бөгегені анықталған кезден бастау алады. Осы тарихи жайт Ресей Қарулы Күштерінде радиоэлектронды күрестің қалыптасуының және дамуының бастаушысы болды. Босния мен Герцеговина Республикасы әскері күні. 1992 жылдан бастап Республика әскерiнiң негiзi қаланған күнi атап өтіледі. 1925 жылы  Қызылордада Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі басталды. Съезде Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені. 1929-1995 жылдары жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республи­ка­сының еңбек сіңірген мә­дениет қызметкері Балғабек Қыдырбекұлы дүниеге келген. Алматы облысының Жамбыл ауда­нында ту­ған. Қазақ мем­лекеттік универси­те­ті­нің журналистика факуль­те­тін бітірген.  1960-1987 жылдары «Со­циалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Алғашқы фельетондар жинағы «Ешкімге айтпа» деген атпен  1962 жылы жарық көрді. «Шайтанның шатағы», «Қара сандық», «Маздаған шырақ», «Ұрының еншісі», «Ақпа құлақ», «Алатау», «Ақымақтың миы», «Түгел сөздің түбі бар», «Қым-қиғаш жылдар», «Қайран Ораз», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдады. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны тауып, кітап етіп шығарды. Бі­лікті басшы, білгір ұйым­дастырушы ретінде басылым беделінің артуына лайықты үлес қосты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Республика Жоғарғы Кеңесінің бірнеше дүркін депутаты болып сай­ланды. Оның еңбегі Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының  «Алтын Самұрық-2002» арнайы сыйлығымен атап өтілді. Қаламгердің атында туған ауылы, Алматы қаласында көше және журналистикалық сыйлық бар.
21.08.2013 08:24 4141

Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні. 2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі. 13-14 ғасырлардағы қазақ эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды.  

АҚШ-та салық күні. Бұл американдықтардың салық төлейтін күні емес, алдағы жыл үшін айлық жалақыларынан ұсталған жалпы салық міндеттемелерін келісудің жылдық мерзімі. Дәл осы күні салық төлеушілердің 5-тен 4-і артық төлеген салықтарын қайтарып алады. Американдықтар үшін мұндай Салық күні - нағыз мереке.

Ресейдiң радиоэлектронды күрестер бойынша маманының күнi. Бұл мереке 1904 жылдың 15 сәуірінде, орыс-жапон соғысы кезінде алғашқы рет жапон кемелерінің радиохабарламарын қасақана радиобөгеттермен бөгегені анықталған кезден бастау алады. Осы тарихи жайт Ресей Қарулы Күштерінде радиоэлектронды күрестің қалыптасуының және дамуының бастаушысы болды.

Босния мен Герцеговина Республикасы әскері күні. 1992 жылдан бастап Республика әскерiнiң негiзi қаланған күнi атап өтіледі.

1925 жылы  Қызылордада Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі басталды. Съезде Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені.

1929-1995 жылдары жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республи­ка­сының еңбек сіңірген мә­дениет қызметкері Балғабек Қыдырбекұлы дүниеге келген. Алматы облысының Жамбыл ауда­нында ту­ған. Қазақ мем­лекеттік универси­те­ті­нің журналистика факуль­те­тін бітірген.  1960-1987 жылдары «Со­циалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Алғашқы фельетондар жинағы «Ешкімге айтпа» деген атпен  1962 жылы жарық көрді. «Шайтанның шатағы», «Қара сандық», «Маздаған шырақ», «Ұрының еншісі», «Ақпа құлақ», «Алатау», «Ақымақтың миы», «Түгел сөздің түбі бар», «Қым-қиғаш жылдар», «Қайран Ораз», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдады. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны тауып, кітап етіп шығарды. Бі­лікті басшы, білгір ұйым­дастырушы ретінде басылым беделінің артуына лайықты үлес қосты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Республика Жоғарғы Кеңесінің бірнеше дүркін депутаты болып сай­ланды. Оның еңбегі Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының  «Алтын Самұрық-2002» арнайы сыйлығымен атап өтілді. Қаламгердің атында туған ауылы, Алматы қаласында көше және журналистикалық сыйлық бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға