12-сәуір
Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. 1961 жылғы сәуірдің 9-дағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен, адамзаттың ең алғаш ғарышты бағындырғанына орай атап өтіледі. Тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин бұл сапарға қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанды.
Либерия Республикасының Ұлттық мейрамы - Ұлттық құтқару күні (1980). Либерия Африканың батысында орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Сьерра-Леонемен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Гвинеямен, шығысында Піл Сүйегі Жағасымен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Атлант мұхитымен ұштасып жатыр. Астанасы - Монровия қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - либерия доллары. Әкімшілік жағынан 14 графтыққа бөлінеді. Елді президент басқарады. Жоғары атқарушы орган - үкімет. Жоғарғы заң шығарушы орган - екі палатадан тұратын парламент (Сенат және Өкілдер палатасы).
Рок-н-ролл күні.
Украинада зымыран-ғарыш саласы қызметкерлерінің күні. Украина Президенті Л.Кучманың Жарлығына сәйкес 1997 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
1993 жылы «31 арна» алғаш эфирге шықты. Телеарна бүгінде көрермен көңілінен шығып, толымды ақпараттарымен эфирге шығуда. Аталған телеарнаның өз аудиториясы да бар. Оның саны күнен күнге артып келеді.
2005 жылы ИНТАЛЕВ-Қазақстан серіктестігі менеджмент және кәсіпорындарға басқару жүйесін орнату сұрақтары бойынша онлайн-кеңестік көпшілік қолданалатын желіні ашты.
Сайттағы тегін сервистің көмегімен кейбір ресейлік кәсіпорындарға автоматтандырылған басқару жүйесін орнатудағы нақты жобаға қатысушы серіктестіктердің мамандандырылған кеңесшілерінен өздерінің сұрақтарына толық жауап алады.
1899-1964 жылдары Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.
1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.