Жаңалықтар

9-сәуір

Боливия Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні. Боливия - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Ресми астанасы - Сукре қаласы, бірақ Үкіметі Ла-Пас қаласында орналасқан. Ресми тілі - испан тілі, дегенмен тұрғындардың көпшілік бөлігі кечуа, аймара және гурани тілдеріне сөйлейді. Мемлекет Бени, Кочабамба, Ла-Пас, Оруро, Пандо, Потоси, Санта-Круе, Тариха, Чукисака атты 9 департаментке бөлінеді.  Грузияда қаза тапқандарды еске алу күні. Бұл күн елдің жаңа  тарихына тәуелсіздікті қалпына келтіру және 1989 жылы Тбилисидегі бейбіт шеруді қуып-тарату барысында қаза тапқандарды еске алу күні ретінде енді.  Финн жазуының негізін қалаушы - Агрикола Микаэль күні (1510-1557). Ол финн әліпбиін жасап, христиандардың діни шығармасы Жаңа өсиетті және Көне өсиеттің кейбір кітаптарын финн тіліне аударған. 2009 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында битум өндіретін зауыт іске қосылды.  2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.  2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дамушы және нашар дамыған елдерден келетін тауарлардың шыққан жерін анықтау ережелері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 1935 жылы жазушы-сатирик, Қазақстанның құрметті журналисті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлы  дүниеге келді. Ол Шығыс Қазақтан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1956-1966 жылдары - «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінің корректоры, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторы. 1966-1974 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, редакторы. 1974-1983 жылдары - КСРО Әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры. 1983-1988 жылдары - «Ара» - «Шмель» әзіл-сықақ журналының бас редакторы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының Көркем аударма және әдеби байланыс бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, төрағасы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1995-1996 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы әзіл-сықақ әңгімелері 1966 жылы «Шұғыла» жас жазушылар жинағында жарық көрген. 1970 жылы жазушының алғаш рет «Мінездеме» атты жинағы шыққан. «Мысықта неге сақал жоқ?», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім..», «Халіңіз қалай?», «Кадр мәселесін ... мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Адамның кейбір кездері» атты кітаптардың авторы.
21.08.2013 08:20 3632

Боливия Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні. Боливия - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Ресми астанасы - Сукре қаласы, бірақ Үкіметі Ла-Пас қаласында орналасқан. Ресми тілі - испан тілі, дегенмен тұрғындардың көпшілік бөлігі кечуа, аймара және гурани тілдеріне сөйлейді. Мемлекет Бени, Кочабамба, Ла-Пас, Оруро, Пандо, Потоси, Санта-Круе, Тариха, Чукисака атты 9 департаментке бөлінеді.

 Грузияда қаза тапқандарды еске алу күні. Бұл күн елдің жаңа  тарихына тәуелсіздікті қалпына келтіру және 1989 жылы Тбилисидегі бейбіт шеруді қуып-тарату барысында қаза тапқандарды еске алу күні ретінде енді.

 Финн жазуының негізін қалаушы - Агрикола Микаэль күні (1510-1557). Ол финн әліпбиін жасап, христиандардың діни шығармасы Жаңа өсиетті және Көне өсиеттің кейбір кітаптарын финн тіліне аударған.

2009 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында битум өндіретін зауыт іске қосылды.

 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дамушы және нашар дамыған елдерден келетін тауарлардың шыққан жерін анықтау ережелері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1935 жылы жазушы-сатирик, Қазақстанның құрметті журналисті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлы  дүниеге келді. Ол Шығыс Қазақтан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1956-1966 жылдары - «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінің корректоры, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторы. 1966-1974 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, редакторы. 1974-1983 жылдары - КСРО Әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры. 1983-1988 жылдары - «Ара» - «Шмель» әзіл-сықақ журналының бас редакторы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының Көркем аударма және әдеби байланыс бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, төрағасы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1995-1996 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы әзіл-сықақ әңгімелері 1966 жылы «Шұғыла» жас жазушылар жинағында жарық көрген. 1970 жылы жазушының алғаш рет «Мінездеме» атты жинағы шыққан. «Мысықта неге сақал жоқ?», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім..», «Халіңіз қалай?», «Кадр мәселесін ... мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Адамның кейбір кездері» атты кітаптардың авторы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға