Жаңалықтар

29-наурыз

АҚШ-та вьетнам соғысы ардагерлерінің күні. 1973 жылғы қаңтардың 27-де Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және бейбітшілікті орнату туралы төртжақты Келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Сол жылы американ әскерін және олардың жақтастарын Оңтүстік Вьетнамнан шығару аяқталды. 1973 жылғы наурыздың 29-да соңғы америка жауынгері Вьетнамнан кетті. Сондықтан дәл осы күні АҚШ-та вьетнам соғысы ардагерлерінің күні болып атап өтіледі. 2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған «Қазақ» газеті қайта оралды. ХХ ғасырдың басында ұлтымыздың азаттық рухының күміс қоңырауы болып, қазақтың көзі, құлағы, үні ретінде тіл қатып, Тәуелсіздік идеясын ел арасында пәрменділікпен насихатаған «Қазақ» газеті Алаштың ұлдары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың айта алмай, жасай алмай кеткен істерін көтеруді мақсат етіп отыр. 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 1893 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, журналист, публицист, аудармашы Әбдіхамит Жүндібаев дүниеге келді. Ол Ақтөбе облысында туған. Орынбордағы уездік орыс-қазақ  мектебін, Орынбор 2 жылдық қазақ мұғалімдер училищесін бітірген. Ақтөбе уезінде ауыл мұғалімі болып қызмет еткен. Осы кезден бастап саяси өмірге белсене араласып, Орынборда шыға бастаған «Қазақ» газетінде Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы мақалалар жариялаған. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ съездерін шақыруға белсене қатысқан. Сол тұста Алаш партиясын құру туралы бағдарламаға Ә.Бөкейханов және тағы да басқалар бірге қол қойған 7 саяси қайраткердің бірі болған.  Азамат соғысы жылдары ол Алаш орданың Торғай тобында М.Дулатов, М.Есболов, С.Қаратілеуовтермен бірге қызмет атқарған. Алаш милициясын жасақтауға қатысқан. Кеңес үкіметі орнаған соң, баспасөз саласында қызмет еткен. Қоғамдық-саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аударуға ат салысқан. 1996 жылы Ресей Федерациясының астанасында Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды. Сонымен бірге кеден одағын, энергетика, көлік коммуникациялары, төлем жөніндегі міндеттемелер саласында жалпы құрылымдар жасауға мүмкіндік болды. Төртжақты шартқа қатысушы елдердің шегіндегі көші-қон жағдайында азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, бір елден екінші елге кедергісіз келіп-кетуді рәсімдеу төңірегінде пікір алысты.
21.08.2013 08:05 3372

АҚШ-та вьетнам соғысы ардагерлерінің күні. 1973 жылғы қаңтардың 27-де Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және бейбітшілікті орнату туралы төртжақты Келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Сол жылы американ әскерін және олардың жақтастарын Оңтүстік Вьетнамнан шығару аяқталды. 1973 жылғы наурыздың 29-да соңғы америка жауынгері Вьетнамнан кетті. Сондықтан дәл осы күні АҚШ-та вьетнам соғысы ардагерлерінің күні болып атап өтіледі.

2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған «Қазақ» газеті қайта оралды. ХХ ғасырдың басында ұлтымыздың азаттық рухының күміс қоңырауы болып, қазақтың көзі, құлағы, үні ретінде тіл қатып, Тәуелсіздік идеясын ел арасында пәрменділікпен насихатаған «Қазақ» газеті Алаштың ұлдары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың айта алмай, жасай алмай кеткен істерін көтеруді мақсат етіп отыр.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1893 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, журналист, публицист, аудармашы Әбдіхамит Жүндібаев дүниеге келді. Ол Ақтөбе облысында туған. Орынбордағы уездік орыс-қазақ  мектебін, Орынбор 2 жылдық қазақ мұғалімдер училищесін бітірген. Ақтөбе уезінде ауыл мұғалімі болып қызмет еткен. Осы кезден бастап саяси өмірге белсене араласып, Орынборда шыға бастаған «Қазақ» газетінде Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы мақалалар жариялаған. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ съездерін шақыруға белсене қатысқан. Сол тұста Алаш партиясын құру туралы бағдарламаға Ә.Бөкейханов және тағы да басқалар бірге қол қойған 7 саяси қайраткердің бірі болған.  Азамат соғысы жылдары ол Алаш орданың Торғай тобында М.Дулатов, М.Есболов, С.Қаратілеуовтермен бірге қызмет атқарған. Алаш милициясын жасақтауға қатысқан. Кеңес үкіметі орнаған соң, баспасөз саласында қызмет еткен. Қоғамдық-саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аударуға ат салысқан.

1996 жылы Ресей Федерациясының астанасында Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды. Сонымен бірге кеден одағын, энергетика, көлік коммуникациялары, төлем жөніндегі міндеттемелер саласында жалпы құрылымдар жасауға мүмкіндік болды. Төртжақты шартқа қатысушы елдердің шегіндегі көші-қон жағдайында азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, бір елден екінші елге кедергісіз келіп-кетуді рәсімдеу төңірегінде пікір алысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға